Бірлігі бекем, тірлігі көркем – Мәңгілік ел Қазақстан!
1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған «Бірлігі бекем, тірлігі көркем – Мәңгілік ел Қазақстан!» атты ертеңгілік ерекше маңызға ие. Бұл күні Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың достығы, татулығы мен ынтымағы атап өтіледі. Ертеңгіліктің басты мақсаты – еліміздегі халықтардың бірлігі мен ынтымағының символы ретінде мән-маңызын түсіндіру.
Ертегілік барысында балалардың өнерлері көрсетіліп, әр ұлттың салт-дәстүрлері мен мәдениеті дәріптелініп, қоғамда достық, жылы қарым-қатынастың нығаюына қозғау салу көзделеді. Бұл мерекеде квиздер, интерактивті тақталар мен слайд-шоулар арқылы балалардың білімдері мен өнерлерін көрсету кезінде шаттық атмосферасы орнатылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланады.
Салтанатты шара мерекелік әнұранымен басталады, оған қатысушылар мен қонақтардың жүзіне қуаныш, үміт ұялатады. Мерекелік бағдарлама барысында балалар «Достық» әнін орындап, ізгі ниеттерін, патриотизмдерін әр түрлі көріністермен жеткізеді. Әндер мен тақпақтар арқылы мереке мәні, достықтың, сабақтастықтың қаншалықты қуатты әрі маңызды екені көпшілікке ұсынылады.
Мерекенің шарықтау кезеңі – түрлі ұлттық билер, ойын-сауықтар арқылы балалардың жарқын, бақытты сәттерін көрсету. Билер арқылы түрлі мәдениетті таныстыру, халқымыздың бірлігін көрсету – бұл шараның өзегі. Халықтың бірлігі, келісімі, ынтымағы мереке қойнауында, жаңарған әр көктем жақсы көңіл-күймен оралатындай, біз үшін де өзара түсіністіктің, татулықтың, достықтың маңыздылығын білу аса маңызды.
Ақ көгершін бейбітшіліктің белгішісі ретінде, яғни балалар мерекелік шарларды мен бақыт тілей отырып, бірлігі бекем ел болуға шақырады. «Бірлігі бекем, тірлігі көркем – Мәңгілік ел Қазақстан!» дей келе, балалардың өнерлері арқылы елімізде достық пен қуаныштың мәңгілік болатындығы сезіледі. Аталмыш шара алдағы ұрпақтарға ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптеуді, оларды бейбітшілік пен ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуді алға қояды.