Публикации воспитателей детских садов
О проекте

Биік- аласа, биіктігі бірдей

Ауезханова Мирамкуль Жумагалиевна Ауезханова Мирамкуль Жумагалиевна
DOCX
85
0
Предпросмотр

I Бөлiм
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң
негiздемесi мен шарттары
1-тарау.
Жалпы ережелер
     1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
      1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
      2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.
      3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
      4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
      бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
      бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
      заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;
      2-1) банкаралық клиринг – төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың – банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
      3) банк конгломераты – банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;
      Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, сондай-ақ капиталына еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді.
      3-1) банктің субординарлық борышы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, банктің шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі;
      3-2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – банктік және өзге де қызметтер көрсетілетін, аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
      4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;
      5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;
      6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;
      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      8) депозит – бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға – банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша;
      9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;
      10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызын иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
      12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың
      (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам
      пайызын тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам пайызымен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      12-1) мамандандырылған салалық банк – қызметі Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актісімен реттелетін екінші деңгейдегі банк;
      13) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
      14) тұрақтандыру банкі - консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсаты үшін уәкілетті органның шешімі бойынша құрылатын екінші деңгейдегі банк. Тұрақтандыру банкін құрудың, оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңда белгіленген.


2-1-бап. Банктің үлестес тұлғалары
      1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің үлестес тұлғалары болып табылады.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің үлестес тұлғаларын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.
      Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің, сондай-ақ 2-тармағының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаттары үшін ескерілмейді.


3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
      1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.
      Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
      Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.
      3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.
      4. (алып тасталды)
 5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:
      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
      б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
      в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
      5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
      Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.
      Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.
      6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
      7. Қазақстан Республикасында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.
4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.


5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым
      Уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым
      1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тиесілі уәкілетті орган құрады.
      2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
      1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
      2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
      3) күмәнді және үмітсіз активтердің, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының және оларды иелену туралы шешім қабылдау мақсатында оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
      4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін және өзге де талап ету құқықтарын иеленуге, сондай-ақ оларды өткізуге;
      5) күмәнді және үмітсіз активтері иеленген банктер және (немесе) өзге де заңды тұлғалар шығарған және орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының және оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден талап ету құқықтарын иеленген заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленуге және оларды өткізуге;
      7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын иеленген банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуге, оларды сенімгерлік басқаруға беруге және (немесе) оларды өткізуге;
      8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден заңды тұлғаларға иеленген талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануға;
      9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген талап ету құқықтарын және басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуге;
      10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);
      11) бұрын күмәнді және үмітсіз активтер болып табылған активтерді иеленген, бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан және стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымдардан, екінші деңгейдегі банктерден осы активтерді иеленуге және оларды өткізуге;
      12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;
      13) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді, екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін ұйымдарды, талап ету құқықтарын банктерден екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;
      15) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге, сондай-ақ осы активтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен басқаруға байланысты өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды жүзеге асырудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
      1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
      1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
      2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "банк" деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым салу уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
      2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.
7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi
      1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық банкілер қабылдаған депозиттердің сақталуына кепілдік береді және олардың міндеттемелері бойынша осындай банкілердің (немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне тепе-тең мөлшерде жауап береді.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
      Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
   
8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
      1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:
      1) банктер:
      қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, онда банк холдингі болған кезде олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларда қолданылмайды. Бұл ретте банк холдингінің болу талабы дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктерге қолданылмайды;
      сатып алатын акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он пайызынан аз мөлшерде заңды тұлғаларды;
      бағалы қағаздарды банк кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес-еншілес арнайы ұйымдарды;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;
      екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылған (иеленген), күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарын;
      бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері – еншілес ұйымдарды;
      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдарды;
      электрондық ақша жүйесі операторының қызметтерін көрсететін ұйымдарды;
      лизинг қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды;
      төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылардың арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;
      электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйекті болуын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;
      осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғаларды;
      кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде заңды тұлғаларды;
      қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржалары мен орталық депозитарийді;
      кредиттік бюроларды;
      осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды;
      ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге де заңды тұлғаларды;
      2) банк холдингтері:
      қаржы ұйымдарын;
      екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын оларды басқару және (немесе) одан кейін өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттерін-ұйымдарды;
      бағалы қағаздарды банк холдингінің кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-арнайы ұйымдарды;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;
      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру айрықша қызметі болып табылатын ұйымдарды;
      төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;
      банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті – заңды тұлғаларды;
      осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды құрған, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларға қолданылмайды.
      Банктің еншілес ұйымдары, осы Заңның 11-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын да сатып алуға құқылы.
      Банк холдингінің еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банк холдингінің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын да сатып алуға құқылы. Бұл талап:
      Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктерге;
      көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасы резиденті банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банк холдингі бас ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларға;
      мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:
      банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығын білдіретін олар шыққан елдің қаржы қадағалау органының жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      4. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын банктің сатып алуы бір заңды тұлғаға банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс. Бұл шектеу банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерін не көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құру жағдайларына да қолданылады.
      Банктің осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мөлшерден аспауға тиіс.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектеу осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды өздерінің сатып алуымен байланысты банктерге қолданылмайды.
      5. Банктің қаржы ұйымдарының, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес–заңды тұлғалардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызы мөлшерінде сатып алуына және иеленуіне банк уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өз капиталының ең төменгі жеткіліктілігіне қойылатын қосымша талаптарды банк орындаған жағдайда жол беріледі. Бұл талап банк көрсетілген заңды тұлғаларды құрған жағдайларға да қолданылады.
      6. Банк конгломераты, банк немесе банк холдингі бас ұйымының банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.
      7. Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктер осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алған кезде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс.
      Акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі, банк кепіл ретінде қабылдаған осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттармен құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, он екі айдан аспауға тиіс.
      Осы тармақта белгіленген шектеулер, банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымын қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.
      8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін облигацияларды;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын арнайы қаржы компаниясының банк немесе банк холдингі мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберінде шығарылған облигацияларын;
      банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларын және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигацияларды меншікке сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәмілелер жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Осы бапта белгіленген шектеулер ұйымның бұдан бұрын шығарылған облигациялары бойынша міндеттемелері осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелерінің тізбесіне енгізілген жағдайда банктің, банк холдингінің бұдан бұрын сатып алған облигацияларының орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
      9. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметтен басқа банктер мынадай қызмет түрлерімен:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етілімді өткізумен;
      2) ақпарат жеткізгіштің кез келген түрінде банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi арнайы әдебиеттi өткізумен;
      3) өз мүлкін өткізумен;
      4) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығарумен, өткізумен және таратумен;
      5) банкаралық клирингті жүзеге асырумен;
      6) электронды ақшаны шығару, өткізу, сатып алу және өтеу, сондай-ақ электрондық ақшамен операциялар жасау жөніндегі ақпаратты жинау және өңдеу бойынша қызмет көрсетумен;
      7) қарыз алушылар кепiлге қойған мүліктi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен өткізумен;
      8) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;
      9) банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша басқа тұлғалардың мүдделерiн бiлдiрумен не облигация ұстаушылардың өкілі ретінде;
      10) банктік және қаржылық қызмет саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқуды ұйымдастырумен;
      11) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ көрсетілетін банктік қызметтерін пайдаланатын өз клиенттеріне қатысты тіркеу куәлігінің дәйекті екенін растау жөніндегі қызметпен;
      12) банк пен Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру ұйымдарының арасында олардың атынан сақтандыру шарттарын жасасуға шарт болған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасасумен;
      13) мүліктік жалдау (жалға беру) шартына сәйкес еншілес ұйымдарға өз мүлкін жалға берумен айналысуға құқылы.
      10. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа, банк холдингтері мынадай қызмет түрлерiмен:
      1) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғадан өз мұқтажы үшін иеленген мүлікті сатып алумен;
      2) қаржылық қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;
      3) өз мүлкін сатумен айналысуға құқылы.
      11. Банктер мен банк холдингтеріне "алтын акция" шығаруға тыйым салынады.
      12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктер қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тек қана бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасайды.
      13. Осы баптың талаптары:
      1) ислам банктерінің банк холдингтеріне;
      2) көрсетілген банктің акцияларын тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті банк холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;
      3) мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес-тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      4) қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - банк холдингтеріне;
      5) егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылатын жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, басқа банктің акцияларын не ұстаушысы басқа банк болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуымен байланысты банктерге қолданылмайды.
      
8-1-бап. Мәмілелер жасасу кезінде банктерге қойылатын шектеулер
      1. Банк:
      банк конгломератына қатысушылар болып табылатын тұлғаларға берілетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін талаптарға мөлшері мен түрі сәйкес келетін, қамтылымы бар банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілері жоқ тұлғаларға берілетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін қоспағанда, осы Заңның 40-бабына сәйкес айқындалатын, өзімен ерекше байланыста болатын тұлғаларға банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес.
      2. Банк мынадай талаптардың біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаға (Қазақстан Республикасының резидентіне және резиденті емеске):
      1) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар немесе осындай тұлғаға бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға туралы ақпарат болса;
      2) жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар жеке тұлғалар туралы ақпарат болса;
      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) соңғы меншік иелеріне дейін жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) барлық меншік иелері туралы ақпарат болса;
      4) талап етілетін ең төменгі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган не шет мемлекет бақылайтын заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
      5) уәкілетті орган белгілеген тізбеге кіретін халықаралық ұйым болып табылса;
      6) талап етілетін ең төменгі рейтингі бар ұйым болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
      7) осы тармақтың 4)–6) тармақшаларында көрсетілген, жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса;
      8) инвестициялық қордың басқарушы компаниясы, сондай-ақ осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, аталған инвестициялық қордың акционерлері (пайшылары) болып табылатын және заңды тұлғаға бақылау жасауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса;
      9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ашу тәртібі белгіленетін ақпараты бар заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес.
      3. Осы баптың 2-тармағының талаптары шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын мөлшерден аспайтын банктік қарыздар мен банк кепілдіктеріне қолданылмайды.
      Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі есеп айырысу тәртібін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі айқындайтын мөлшерден аспауға тиіс.
      4. Құны банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын активтерді банктің директорлар кеңесінің осы мәмілені алдын ала бекітуінсіз банкке кепілге немесе ауыртпалықтың өзге де нысанына беруге тыйым салынады.
9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
      1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
      Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкiнiң есебiнен нақтылауға құқылы.
      3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жатқызылған, жүзеге асырылатын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.
10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)
      1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы.
      2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
      3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы мөлшерлемелерді, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да бiрлестiктер
      Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
 11-бап.
      Ескерту. 11-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
11-1-бап. Банктер мен банк холдингтерінің еншілес ұйымдары және банктер мен банк холдингтерінің капиталға қомақты қатысуы
      1. Банк және банк холдингі өздеріне осы Заңның 8-бабымен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
      Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алу жөніндегі талап көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті - банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне қолданылмайды.
      Еншілес мекемені құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап банкке оның осы Заңға сәйкес өзіне қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды сатып алуымен байланысты қолданылмайды.
      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге, сондай-ақ капиталға қомақты қатысуға құқылы емес.
      Бұл шектеу осы Заңға сәйкес өздеріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген және өздеріне бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге қолданылмайды.
      Банктің еншілес ұйымына:
      1) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулерді сақтаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін кепіл ретінде қабылдаған жағдайда олар банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар;
      2) жарғылық капиталына банктің қатысуы осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғалар;
      3) акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін осы Заңның 52-9-бабында белгіленген банктік операцияларды жүзеге асырған кезде ислам банкі сатып алған заңды тұлғалар жатпайды.
      3. Банк холдингтерінің еншілес ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес банктерді қоспағанда, еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
      4. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар:
      1) еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) және құрылтай шарты немесе оны құру туралы шешім – оны құрған жағдайда, еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) – оны иеленген жағдайда;
      2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалар туралы мәліметтер қоса берілуі қажет.
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
      егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат;
      5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;
      7) банктің және (немесе) банк холдингінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол сатып алатын акциялардың саны және акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) алдын ала ақы төлеу мөлшері туралы ақпарат;
      8) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігі;
      9) иеленетін еншілес ұйымды – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      10) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды сатып алу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат;
      11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер қоса берілуі қажет;
      Бұл талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын жағдайларға қолданылады;
      12) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;
      13) банктің және (немесе) банк холдингінің және еншілес ұйымды құрғаннан немесе сатып алғаннан кейінгі еншілес ұйымның болжамды есеп айырысу теңгерімін қоса алғанда, банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруының, сатып алуының қаржы салдарына жүргізілген талдау, сондай-ақ бар болса, жоспары және банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару жөніндегі қызметіне елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары;
      14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды сатып алу көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса берілуі қажет.
      5. Банк және (немесе) банк холдингі соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы.
      6. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
      2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
      4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
      5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) уәкілетті органның банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;
      9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау негіздер болып табылады.
      7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      8. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес - банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария болмауға тиіс.
      10. Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның рұқсаты болмаған кезде басқа заңды тұлғаға бақылау жасау белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бақылау жасау белгілері туындаған немесе уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтаған кезден бастап алты ай ішінде олармен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
      11. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
      Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап:
      1) көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;
      2) осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптармен құрылған (иеленген) еншілес ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне иелік ету (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды жүзеге асырған жағдайда банктерге;
      3) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулер сақталған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банк кепіл ретінде қабылдаған, заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері өздерінің меншігіне өткен жағдайда банктерге қолданылмайды.
      Ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) сатып алған жағдайда, оның ұйымдар капиталына қомақты қатысуына уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.
      Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі өздері капиталына қомақты қатысатын ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) банкпен және (немесе) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және алты ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
      12. Капиталға қомақты қатысуға рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып табыс етіледі.
      Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      13. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың органдары шешім қабылдаған, не сот көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы шешім қабылдаған;
      3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
      4) банк және (немесе) банк холдингі ұйымға тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығарған;
      5) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе банк және (немесе) банк холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтінішті берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған жағдайда банк және (немесе) банк холдингі көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) алты ай ішінде осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      14. Осы баптың талаптары:
      1) банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде еншілес ұйымды құру (сатып алу) жағдайларына;
      2) мына талаптардың бірін орындаған кезде:
      банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерінiң еншiлес немесе тәуелдi ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместеріне, сондай-ақ еншiлес және тәуелдi ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденті еместерiн құрған немесе сатып алған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;
      3) егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банктің басқа банк акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
      15. Егер банк холдингі еншілес қаржы ұйымын құрған немесе иеленген не капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсатты қаржы ұйымының акцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беретін тиісті құжатты бір мезгілде бере отырып, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай уәкілетті орган береді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін тұлғаларға қолданылады.
      11-2-бап. Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн иеленетін банктердiң еншiлес ұйымдары және қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәндi және үмiтсiз активтерді иеленетін ұйым
       1. Банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана өзіне осы Заңның 8-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.
      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      1-1. Банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым құруға (иеленуге) құқылы.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымды құру немесе иелену нәтижесінде банкте осы ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған жағдайда, осы қатысуға уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген мүлік, сондай-ақ банктердің күмәнді және үмітсіз активтері және (немесе) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген банктің күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымның жарғылық капиталына салым болуы мүмкін.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым, осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеуге жіберілген ақшаны қоспағанда, өзінің қызметінен алынған ақшаны осы ұйымның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысында бекітілетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тәртіппен және мөлшерде өзінің қатысушыларына (акционерлеріне) аударуға міндетті.
      2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлеу үшін жұмсалатын ақшаны қоспағанда, өз қызметінен алынған ақшаны бас банкке аударуға міндетті.
      3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымдардың басқару мерзімі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын ұйым:
      1) банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге және өткізуге;
      2) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иеленуге және өткізуге;
      3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда, оларды иеленуге және өткізуге;
      4) мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл нысанасы, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе банктен иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;
      5) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
      5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға арналған рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:
      1) еншілес ұйымға берілуге жататын (берілген) күмәнді және үмітсіз активтер туралы ақпарат;
      2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;
      3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі.
      5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабының 4) тармағының 2), 3), 7) 10) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
      Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      6. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
      1) осы Заңның 11-1-бабы 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер;
      2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы баптың 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.
      7. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым банктік қарыз шарттары бойынша банк берген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және банк талап ету құқықтарын ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шартында белгіленген банктің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
      8. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      9. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Рұқсатты қайтарып алған жағдайда осы Заңның 11-1-бабының 13-тармағының екінші бөлігінде көзделген салдар басталады.


2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
12-бап.
      Ескерту. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
      1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi.
      2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.
      Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.
      3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.
      4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
      
14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары
      1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.
      2. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
      толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
      акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
      банкiнiң толық және қысқартылған атауы;
      банк қорларын пайдалану түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
      банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi;
      осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер (ислам банкі үшін) қамтылуға тиіс.
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
      1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.
      1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
      Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
      2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.
      3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
      3-1. Ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуға тиіс.
      4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
      Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктерге қолданылмайды.
16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
      1. Банктің жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
      2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:
      1) банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;
      2) банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;
      2-1) банктің жарғысы және оның акциялар шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне айырбастаған;
      3) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.
      3. Банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
      3-1. Банк, егер акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келген жағдайда, шығару проспектісімен банктің атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.
      4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталына оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу пайыз және ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.
      5. Банктің меншік капиталын және инвестицияларын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
      Банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.
      6. Банктің меншік капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
      Уәкілетті органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып, банк активтерінің құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
      Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бiрақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
      Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
16-1-бап. Субординарлық борыш
      Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:
      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;
      2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты туындаған кезінен бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;
      3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келетін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
      4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері - акционерлері талап еткенге дейін осы Заңның 74-2-бабында айқындалған сегізінші кезекте қанағаттандырылады.
17-бап. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi
      1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
      2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
      Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.
      3. (алып тасталды) 

      4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:
      1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;
      2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды.
      Көрсетілген шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
      Рейтинг агенттіктерінің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган айқындайды.
      5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағының талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
      Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағының талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
      1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.
      6. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      7. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, тiкелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
   17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы
      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімді бақылау немесе оған ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушы банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген, пайдаланған және (немесе) оған билік еткен жағдайда инвестициялық портфельді басқарушыға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Банктің ірі қатысушылары – жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің бұрын иеленген акцияларының құны шегеріле отырып) банктің бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
      1-1. Өзі орналасқан елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады.
      2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін, осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
      2-1. Банк холдингін немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар көрсетілген банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.
      Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және көрсетілген банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға қолданылмайды.
      Егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі талаптар банктің басқа банк акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
      3. Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш беруге міндетті.
      4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.
      Мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек қызметінен немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістер;
      өтініш берушінің құжатпен расталған жинақталған ақша қаражаты банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
      Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша банктің акцияларын сатып алу үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.
      Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен банктің акцияларын сатып алған кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
      3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      3-1) банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
      3-2) растайтын құжаттар көшірмелері қоса тіркелген мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешектер туралы ақпаратты;
      4) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;
      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      4-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оның беруі кезінде, мыналар:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
      2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар;
      3) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.
      Банктің ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде банктің акцияларын иеленген жеке тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:
      1) жеке тұлғаға меншік құқығымен тиесілі мүліктің құны (банк бұрын иеленген акциялардың құны шегеріле отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және ол бұрын иеленген банк акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістері, сондай-ақ оның құжаттамалық расталған ақшалай жинақтары бағалаушы айқындаған, сыйға тартылған банк акциялары құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.
      5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) өтініш берушінің жоғары органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
      1-1) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) иелік ететін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындау немесе оларды бақылау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
      1-2) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;
      2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2-1) өзінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      3) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, оның ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      4) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
      6) өтініш берушінің және банктің мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларының талдамасын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, өтініш берушінің банк активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.
      6. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды:
      1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) осы баптың 1-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш берушінің сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігін білдіретін жазбаша растауын, не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай шешім осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы өтінішін ұсынады.
      7. Банк холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      1-1) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын;
      1-2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      7-1. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ету үлесі бар банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяу бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
      8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам пайызын иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар;
      6) олардың бірі екінші тұлғаға оның сыйға берген ақшасы немесе өтеусіз алған мүлкі есебінен банктің акцияларын сатып алуға мүмкіндік жасаған тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
      осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары талаптарының (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;
      өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;
      осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеу;
      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      "банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) сатып алушы тарап болып табылатын жағдайлар;
      өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
      өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
      өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғада, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
      банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
      өтініш берушіде - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкерінде - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
      уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар; Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
      өтініш беруші заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалар - ірі қатысушылар және банк холдингтері бойынша, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдарының арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады.
      10. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
      өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
      өтініш беруші міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
      аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;
      өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;
      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;
      банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің - заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
      11. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ алты айдан аспайтын мерзімде банктің акцияларын өткізу жөніндегі талаптар тұрғысынан осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      12. Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруі банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа:
      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды;
      2) егер өтініш берушінің банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын қалыптастыруға алып келетін болса, банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.
      Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына осы баптың 9-тармағында көзделген негіздерден басқа, мыналар:
      өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатқызылмайтын жағдайлар;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдер заңнамаларының олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы негіз болып табылады.
      12-1. Мынадай:
      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
      4) өз есебінен банкке аудиторлық ұйымның аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін және банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп пайызы өздеріне тиесілі акционерлер банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері болып табылмайды.
      13. Банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін немесе банк акцияларының жиырма бес және одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      14. Осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
      Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда жазбаша хабарламада бас тарту негіздері көрсетіледі.
      Уәкілетті орган тұлғаның банк холдингі мәртебесін иеленуіне келісім берген кезде, бір мезгілде банк капиталына қомақты қатысуына не еншілес банк құруына (иеленуіне) рұқсат береді.
      15. Келісім беруге негіз болған мәліметтер анық емес деп анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзған немесе ірі қатысушылар немесе банк холдингі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда, өзіне осындай шара қолданылатын тұлға алты ай ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
      Осы бапқа сәйкес берілген келісім қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
      Уәкілетті орган тиісті келісімді қайтарып алу туралы өздеріне қатысты шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін уәкілетті орган сотқа жүгінуге құқылы.
      16. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген болса, ол банктің басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекеттер жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
      Көрсетілген жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні өзіне белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Егер осы тұлға акцияларды көрсетілген мерзімде иеліктен шығарғысы келмесе ғана оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға тиісті мәртебені иелену туралы өтініш табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдау туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға ұсынылады.
      Уәкілетті орган банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты айдың ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
      17. Егер уәкілетті органға тұлғаның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетінін немесе банктің акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
      18. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің өзіне тиесілі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасын өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі банк акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнінде) банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.
      Банк акцияларының саны банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда оны анықтаған күннен бастап екі ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
      Жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялар санын банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк иеленген акциялар шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайтқан жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
      19. Банк және банк холдингі өздерінің барлық ірі қатысушыларының немесе банк холдингтерінің (банк үшін) оларға тиесілі орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе банктің немесе банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің санын, сондай-ақ олардың пайыздық арақатынасын көрсете отырып, тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.
      20. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      21. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға осы баптың 16-20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде бермеуі, сол сияқты әлденеше рет уақтылы бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері
      1. Осы Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акцияларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг орналастырылған акциялардың жалпы санының кемінде он пайызы мөлшерінде сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу туралы шешімі мыналарды:
      банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама ұлғайтылатын акциялар санын;
      мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасын және санын қамтуға тиіс.
      3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасы және саны ұлттық басқарушы холдингтің не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, акцияларды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы холдингтің бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.
      Акцияларды орналастыру бағасын бағалаушы айқындаған жағдайда бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оларды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізеді;
      2) проспектіге өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      3) банкке акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді және тіркеуші мен орталық депозитарийді жарияланған акциялар санының ұлғайтылғаны жөнінде хабардар етеді.
      Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәліктің түпнұсқасын қайтаруға міндетті.
      5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг құрамның отыз пайызынан аспайтын санда банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындайды, олар мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы холдингтің мүдделерін білдіретін өкілдер болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін ауыстыру, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.
      5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алған кезден бастап осы банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.
      6. Банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.
      Банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      7. Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы, сондай-ақ осы баптың негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылады.
      Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.
      18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi
      1. Рейтинг агенттiктерi бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      2. (алып тасталды) 
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш
      1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
      2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
      3. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;
      б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;
      б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
      б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
      в) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);
      г) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);
      д) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
      е) жаңадан құрылатын банкiнiң егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;
      ж) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
      з) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
      и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;
      к) алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат.
      4. Аудиторлық ұйымның есебi:
      ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
      ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.
      5. Уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
      6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
      1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылары банктің басшы қызметкерлері болып танылады.
      Банктің бас бухгалтерін қоспағанда, банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
      2. Банк қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
      Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есебіне жазу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
      3. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер саласында еңбек өтілі жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) – заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
      Осы тармақшаның талаптары көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
      5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
      6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
      4. Банктің ірі қатысушысы банктің атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
      1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, банктің атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;
      2) банктің басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;
      3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
      Банктің тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      7. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
      8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
      1) басшы қызметкерлердің осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
      2) тестің теріс нәтижесі.
      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;
      3) банктің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе банктің уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;
      4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарып отырған осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;
      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.
      Осы талап банк, банк холдингі кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;
      6) кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және уәкілетті орган сол үшін осы қаржы ұйымына, осы банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы уәкілетті органда мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті органның бұзушылықты анықтаған күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдер түсініледі.
      9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе осы банктегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      11. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:
      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
      2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;
      3) банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттетуі;
      4) банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттеткенге дейін банк, банк холдингі оларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайларда, уәкілетті органның осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
      5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алады.
      Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      12. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялауды жүргізу немесе оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы шешім қабылдаған жағдайларда, банк басқарушы органның басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға міндетті. Еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
      13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы банктің атқарушы органының басшылары үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басшы лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың талаптарына атқарушы органның басшысы сай келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.
      14. Банк холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес (ұйымның) ұйымдардың және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын (ұйымның) ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.
      15. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
      банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді.
21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.
22-бап.
      Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi қарау тәртiбi
      1. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.
      2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
      3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
      1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
      а) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
      б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
      в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкiнiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;
      г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
      г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:
      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;
      уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
      д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
      д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;
      е) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
      ж) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);
      з) құрылатын банкiнiң бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
      банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
      банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
      банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
      2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
    25-бап. Банкiнi мемлекеттiк тiркеу
      Банкiнi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келiсiлгендiгiн растайтын деректер.
      Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкiнi мемлекеттiк тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
26-бап. Банк операцияларын лицензиялау
      1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.
      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
      Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
      2. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
      4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
      7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;
      9) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс.
      3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін:
      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.
      4. Лицензиат банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ұсынуға мiндеттi.
      5. Уәкiлеттi орган банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
      6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
      7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды.
      8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкiлеттi органның ресми баспасөз басылымдарында жарияланады, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады.
27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту негiздерi
      Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
      1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
      1-1) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамаған;
      2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;
      3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
      4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.
      28-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
      1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, әділет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн олар қайта тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
      Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, банк әдiлет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап банк күнтізбелік он төрт күн ішінде банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
      1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
      2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:
      1) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін;
      3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
      3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
      4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
      Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
      5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.
      6. Жұмыс істеп тұрған, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы орналасқан филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін уәкілетті органның филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің немесе банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде филиал туралы ережеге толықтырулар туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б), в), г), д), е) және з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының үшінші, алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде, 239-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының міндетті шарттары болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.
      8. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркелуді қажет ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:
      1) филиал, өкілдік туралы ережеге енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
      2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік тіркеуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі әділет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттың көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.
      9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
      10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.
      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:
      1) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;
      4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;
      5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
      12. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бейрезидент банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынады.
      13. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы хабардар етуге міндетті.
      Өкілдік туралы ережеге қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органының Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі әділет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.
      15. Уәкілетті орган, осы баптың 6, 7, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент банкінің филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін және бейрезидент банкінің өкілдігін жабуды талап етеді.
      Уәкілетті орган осы баптың 2, 8, 8-1, 9 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, банкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
      16. Осы баптың 6 және 7-тармақтарының талаптары осы Заңның
      61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу нәтижесінде, сондай-ақ егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банкке басқа банкті біріктіру нысанында оны қайта ұйымдастырған кезде банктің филиалдарды және (немесе) өкілдіктерді ашуына және (немесе) жұмыс істеп тұрған, оның ішінде бірнеше мекенжайда орналасқан филиалдардың қосымша үй-жайларының санын ұлғайтуға байланысты оған қолданылмайды.
3-тарау.
      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы алынып тасталды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
30-бап. Банк қызметі
      1. Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.
      2. Банк операцияларына:
      1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      4) банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
      5) кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;
      6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға беріледі;
      7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
      8) банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беруі;
      9) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      10) алып тасталды
      11) алып тасталды
      12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
      13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі; V085231
      16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
      3. Банк операцияларына мыналар жатпайды:
      1) Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
      2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын қаржылық қызметтен басқа, көрсетілетін қызметтер үшін төлеуге тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызметті берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін берілуге тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағында тізбеленген банк операциялары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
      5. Банктерге осы бапта көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.
      Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Ұлттық пошта операторы уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
      6. Осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін жүргізуді банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай:
      1) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген;
      2) осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым лицензиясыз жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясы болғанда жүзеге асырады.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган береді.
      Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операциясына лицензия қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру бөлігінде олар үшін осы қызмет айрықша болып табылатын заңды тұлғаларға беріледі.
      6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий аталған заңды тұлғаларда осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығы жүзеге асырады.
      Өзге заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізеді.
      7. Мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкі өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
      7-1. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.
      8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      9. Осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      10. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде банктерге және жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялар алуына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
      11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
      1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
      4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
      5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
      6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
      7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
      8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
      9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
      12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен - брокерлік;
      2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;
      3) кастодиандық;
      4) трансфер-агенттік.
      Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды.
      13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы.
      Бас банкі не тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар банк холдингі не ірі қатысушысы – жеке тұлғасы жоқ банктер (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.
      14. Осы баптың ережелері ислам банктерінің қызметіне осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген ислам банктері қызметіне қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар
      1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
      1-1. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесi бекiтуге және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер:
      1) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн кредиттердің шектi сомалары мен мерзiмдерi;
      2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шектi шамасы;
      3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;
      4) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
      5) банк операцияларын жүргiзуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамасы;
      6) банктік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері;
      7) банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібі;
      8) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
      9) ислам банкiнiң және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам банкiнiң банк операцияларын жүргiзу шарттары және соған байланысты тәуекелдер;
      10) клиенттермен жұмыс тәртібі туралы ереже;
      11) банктің директорлар кеңесi операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн өзге де шарттар, талаптар және шектеулер болуға тиiс.
      Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалар банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс.
      2-1. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелерді ислам банкінің директорлар кеңесі осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып бекітеді.
      3. Банкiнiң iшкi ережелерi:
      а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
      г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
      4. Банктердің кредит беру жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі – банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шартының (келісімінің) талаптары бойынша жауапкершілікте болады.
      Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуға тиіс.
      Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлға қызметінің тәртібі уәкілетті орган бекітетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді.
31-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі
      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым олардың бекітілгендігі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
32-бап. Банкiнiң банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндетi
      1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды.
      2. Банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесiн беруге мiндеттi.
      3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
      4. алынып тасталды.
      5. Ислам банктері клиенттерге осы Заңның 52-5-бабында көрсетілген банк операциялары ерекшеліктерін және солармен байланысты тәуекелдерді түсіндіруге міндетті.
33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты
      1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.


34-бап. Банктік қарыз операциясы
      1. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдердi есепке алу, кепiлдiктер, кепiлдемелер, аккредитивтер шығару шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған шарттарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде беруге жатады.
      2. Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесімен, атап айтқанда қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны белгіленеді.
      Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынамада қарыздың жалпы сомасы мен валютасы, қарыз мерзімі, қарыз бойынша төлемдер саны, сыйақы мөлшерлемесінің түрі (тіркелген немесе құбылмалы), жылдық пайыздардағы және анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, қарыз бойынша өтеуге қатысты жалпы сома, сыйақының қорытынды сомасы, негізгі борыш уақтылы өтелмегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мен сыйақы мөлшері, сақтандыру шарттарын ұзарту мерзімі, банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері қамтылады.
      Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынамаға банктік қарыз шартының әрбір тарапы қол қояды, банк мөрімен бекемделеді және банктік қарыз шартына қоса беріледі.
      2-1. Осы баптың 2-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінің талаптары бір айдан аспайтын мерзімге берілген қарызға, кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасы бойынша берілген қарызға, овердрафт кредитіне қолданылмайды.
      3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту талаптарын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
      Осы тармақтың мақсаттарында қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының талаптарын жақсарту деп:
      банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге де төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;
      тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;
      банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;
      банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) ұзарту түсініледі.
      Банктік қарыз шартында қарыз алушы үшін жақсарту талаптарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.
      Банк жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен банктік қарыз шарты талаптарының өзгергені туралы хабардар етіледі.
      Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен банк ұсынған жақсарту талаптарынан бас тартуға құқылы.
      3-1. Жеке тұлға өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде шетел валютасында кірістері жоқ жеке тұлғаларға осы валютада ипотекалық қарыз беруге тыйым салынады.
      4. Кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. Бұл шектеулер банктердің арасында жасалатын шарттарға қолданылмайды.
      5. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салынады.
      6. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мынадай:
      1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын, банктік қарыз шартында көзделген;
      2) қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы өз міндеттемелерін бұзған;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған;
      4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, жасалған банктік қарыз шартының (шарттарының) шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқығы жоқ.
      7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы.
      Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды.
      7-1. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
      1) негізгі борыш бойынша берешек;
      2) сыйақы бойынша берешек;
      3) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
      5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
      6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.
      Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
      1) негізгі борыш бойынша берешек;
      2) сыйақы бойынша берешек;
      3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
      5) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.
      8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Банктiң кредит комитетi ішкi кредиттік саясатты жүзеге асыратын орган болып табылады.
      10. Iшкi кредиттік саясат туралы қағидалар банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi төмендету мақсатында жасалады және мыналарды:
      1) жеке және заңды тұлғаларға кредиттер беру шарттарын;
      2) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне кредит беру шарттарын;
      3) кредиттік комитеттiң ұйымдық құрылымын, функциясын және өкiлеттiгiн;
      4) кредиттік комитет мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
      5) кредит берудiң лимиттерін;
      6) кредиттік шарттарды бекiту рәсiмiн;
      7) кредит беру туралы өтініштерді қараудың, кредит беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдаудың, кредит беру шарттарын өзгертудің шекті мерзімдерін айқындайды.
      11. Егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген болса, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ.
      Қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.
      12. Осы баптың 4, 5, 8 – 11-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер мен кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ ислам банктерінің осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларына қолданылады.
      13. Ислам банкiнiң банктiк қарыз және өзге де операцияларды жүргiзу ерекшелiктерi мен шектеулерi осы Заңның 4-1-тарауында белгiленедi.
35-бап. Кредиттердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету
      1. Кредиттердің қайтарымдылығы тұрақсыздық айыбымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
      2. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға, бірақ банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.
      3. Клиент кредитті өтеу қабiлеті жоғары және сенiмдi болған жағдайда, банк қамтылымсыз кредит (бланктік кредит) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      4. Егер кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бірнеше кепіл нысанасы берілсе, онда қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда және қарыз алушы, кепіл беруші кепілдік қамтамасыз етуді азайту туралы талаппен өтініш жасаған кезде бағалаушы айқындаған кепіл нысаналарының нарықтық құны банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) кепілдік саясатының талаптарын ескергенде, қарыз алушы міндеттемелерінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асып кеткен жағдайда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушы, кепіл беруші өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарыз алушы міндеттемелерінің мөлшерінен асып кеткен бөлігінде бір немесе бірнеше кепіл нысанасының кепілі туралы шартты (шарттарды) бұзу (өзгерту) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      5. Кепiл туралы шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, банк кепiлдегі мүлiктi сот тәртiбінен тыс сауда-саттық (аукцион) өткiзу арқылы мәжбүрлі түрде сот тәртібінен тыс дербес өткiзуге құқылы.
      6. Осы баптың 1 - 5-тармақтарында белгiленген нормалар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
      
36-бап. Төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
      1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде, бірақ міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, сондай-ақ "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген және "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.
      Төлем талабын ұсыну арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банк шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банк шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банк шотына түсімдері күтілместен жүзеге асырылады. Көрсетілген шектеу қарыз алушы жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды;
      2) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгертуге, банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке сот тәртібінен тыс (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.
      Банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгерту банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жасалады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы – дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.
      3. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берешегінің ұлғаюын болғызбау мақсатында банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша кез келген төлемдерді өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есептелген сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуді талап етуге құқылы емес.
      4. Жеке тұлғаға берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы шартын орындау талаптары өзгерген немесе жеке тұлғаның ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу мақсатында жаңа қарыз беру кезінде, мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтауға) жол берілмейді.
      37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
      Банктердiң, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердiң еншілес ұйымдарының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның кредит шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.
38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру
      1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
      1-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны қабылдауға және жүргізуге байланысты халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.
      2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылмаған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.
      3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.
      4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) шотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.
39-бап. Мөлшерлемелер мен тарифтер
      1. Сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.
      2. Жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақының тіркелген не құбылмалы мөлшерлемесін белгілейді және қарыз алушының таңдауы бойынша банктік қарыз шартын жасасқан күнгі банк ұсынған қарызды өтеу әдісін көрсетеді.
      Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде көзделген жағдайларда банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қарызды өтеу әдісін таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын жеке тұлғаға беруге міндетті. Қарыз алушыға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаларға беретін қарыз бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай қарыздар бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес банктік қарыз шартында белгіленген кезектілікпен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:
      сараланған төлем әдісі, бұл ретте банктік қарыз бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
      аннуитеттік төлем әдісі, бұл ретте банктік қарыз бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын банктік қарыздың бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері басқаларынан ерекшеленуі мүмкін.
      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға өздерінің ішкі қағидаларына сәйкес есептелген қарызды өтеудің қосымша әдістерін ұсынуға құқылы.
      Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі, осы Заңның 34-бабында белгіленген тәртіппен жасалған, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оны азаю жағына қарай өзгертуі немесе азаю жағына қарай уақытша өзгертуі жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды.
      Сыйақы мөлшерлемесін азаю жағына қарай уақытша өзгерту деп банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгілі бір мерзімге төмендетуі түсініледі, ол мерзім өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесі уақытша өзгеріске дейін қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.
      Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі тараптардың келісуі бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде сыйақының құбылмалы мөлшерлемесіне өзгеруі мүмкін.
      Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі тараптардың келісімі бойынша оның шартта айқындалған қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлғаю жағына қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ол банктік қарыз шарты жасалған күннен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді. Тараптардың келісімі бойынша сыйақының тіркелген мөлшерлемесінің ұлғаю жағына қарай одан кейінгі әрбір өзгеруі тіркелген мөлшерлеменің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін мүмкін болады, бірақ сыйақының тіркелген мөлшерлемесінің алдыңғы өзгерген күнінен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді.
      Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шартын жасасу күніне белгіленген қарызға қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар мен тарифтердің мөлшерін және оларды есептеу тәртібін біржақты тәртіппен ұлғаю жағына өзгертуге құқылы емес.
      3. Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көзделетін кредиттеу шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін кредиттеу шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.
      Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.
      4. Банктің интернет-ресурсында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат орналастырылуға тиіс. Мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат қолданыстағы мөлшерлемелер мен тарифтерге өзгерістердің енгізілу күні туралы мәліметтер, ішкі құжаттың нөмірі және осы өзгерісті қабылдаған орган көрсетіліп, өзекті режимде сақталып тұруға тиіс.
      5. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін, бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толық мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алуға құқылы емес.
      6. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
      1) банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда, қарыз алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты дәйекті ақпарат беру бойынша қарыз алушы өз міндеттемелерін бұзған;
      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ банктік қарыз шартында көзделген мынадай:
      банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) алдын ала жазбаша хабарламасын алмай-ақ, акционерлік қоғам (шаруашылық серіктестік) акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызын жинақтап алғанда иеленетін қарыз алушы қатысушыларының (акционерлерінің) құрамы өзгерген;
      кепіл ұстаушы болып табылатын банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құжаттар бойынша және кепілге қойылған мүліктің іс жүзінде болуын, көлемін, жай-күйін және сақтау шартын тексеру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қарыз алушының (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кепілге қойылған мүлікке талап қою құқықтарын қарыз алушы және (немесе) кепіл беруші бұзған жағдайларда, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап ету құқығы туындаған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен банктік қарыз шартын жасасқан күні белгіленген сыйақы мөлшерлемелерін ұлғайту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ.
      7. Ислам банктерін қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақы шамасы туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда белгілейді.
      Осы бапта белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
40-бап. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салу
      1. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға банкiлерге тыйым салынады.
      2. Жеңiлдiк жағдайлар жасау дегенiмiз:
      Банк конгломератына қатысушылар болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз қарыздар (бланкілік қарыздар) бере алмайды.
      Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды.
      банк операциясын орындағаны немесе басқа тұлғалардан талап етiлетiнiне қарағанда төмен қамтамасыз етудi қабылдағаны үшiн сыйақылар мен төлемдер өндiрiп алу.
      3. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар деп мыналар танылады:
      а) аталған банкiнiң кез келген лауазымды адамы немесе басшы қызметкерi, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;
      б) аталған банкiнiң iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банкiнiң iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;
      в) осы баптың 3-тармағының (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген адамдар iрi қатысушысы не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;
      г) өзiне қатысты жағынан осы банк iрi қатысушысы болып табылатынын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды адамдары, олардың жұбайлары және жақын туыстары;
      д) банктің үлестес тұлғалары.
      Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым және акционері уәкілетті орган болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.
      3-1. Банк қандай да бір тұлғамен:
      банкпен ерекше қатынаста болатын тұлға алдындағы міндеттемелер төлеміне;
      банкпен ерекше қатынаста болатын тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
      банк меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның эмитациялаған бағалы қағаздарын сатып алуға әкеп соғатын мәмілені жасаса алмайды.
      4. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      5. Өзара байланысты заңды тұлғалар тобының бiреуiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам олардың әрқайсысымен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам деп танылады.
      6. Екi және одан көп заңды тұлғалар, егер олардың ең болмағанда бiреуi екiншiсiнiң iрi қатысушысы болса, өзара байланысты заңды тұлғалар тобы деп танылады.
      6-1. Осы баптың мақсаттары үшін банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар өзара байланысты заңды тұлғалар тобы болып танылмайды.
      7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, мұндай мәмілелердің үлгілік шарттарын банктің директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысын кейiннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
      Банктің басшы қызметкері, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері банк пен:
      олардың өздерінің;
      өзінің кез келген жақын туысының немесе өзінің жұбайының (зайыбының);
      өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі, оның жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс.
      Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
      8. Банк уәкiлеттi органға өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетті.
      8-1. Банктің еншілес ұйымдарына, сондай-ақ капиталына банк қомақты қатысатын ұйымдарға субординарлық борыш талаптарына сәйкес келетін, банк шығарған облигацияларды иеленуге және (немесе) банкке қарыздар беруге тыйым салынады.
      9. Банктің директорлар кеңесі банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы жеке тұлға немесе банк холдингі осы Заңның 17-1-бабында белгіленген тиісті мәртебені иелену аясында ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.
      Банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) бизнес-жоспарын банктің директорлар кеңесі қарауының нәтижелері туралы банк уәкілетті органды банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) бизнес-жоспарын банктің даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      Банктің директорлар кеңесі банктің даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
      10. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
      Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      11. Осы баптың 1, 2 және 3-1-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым мен бас банк арасында жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
      Осы баптың 3-1-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға әкеп соғатын, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды.
      12. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      
40-1-бап. Банк омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау тәртібі
      1. Қарыз алушының және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және қарыз алушы - жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді оның өтініші бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға банк омбудсманы болып табылады.
      Банк омбудсманы өз қызметінде мынадай:
      1) тараптардың тең құқылығы;
      2) омбудсманның турашылдығы;
      3) банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;
      4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін сыйлау;
      5) шешім қабылдау рәсімінің айқындығы мен негізділігі қағидаттарын басшылыққа алады.
      2. Банк омбудсманын сайлауды және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды өкілдер кеңесі жүзеге асырады. Өкілдер кеңесі:
      1) ипотекалық қарыз беретін әрбір банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан;
      2) әділет органдарында тіркелген және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын, олар болған жағдайда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығынан (одағынан) және (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінен;
      3) уәкілетті органнан бір-бір өкілден құрылады.
      Өкілдер кеңесінің құрамында ипотекалық қарыз беретін банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қатысуы міндетті болып табылады және осы Заң мен өкілдер кеңесі бекіткен банк омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
      1) банк омбудсманы қызметіне сайлау үшін кандидатура ұсыну және оны бекіту;
      2) құрылым мен штатты (банк омбудсманының офисін) бекіту;
      3) банк омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібін айқындау;
      4) осы Заңға сәйкес банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.
      4. Өкілдер кеңесінің отырысы, егер оған қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу және одан да көп пайызын иеленсе, заңды деп, ал кворум талабы сақталған болып танылады.
      Банк омбудсманы кеңестің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Дауыс беру кезінде өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
      Банк омбудсманын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру құпия тәсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беру бюллетенінде банк омбудсманы қызметіне сайлау үшін ұсынылған кандидаттар туралы мынадай ақпарат:
      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесінің аты;
      2) білімі туралы мәлімет;
      3) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға үлестестігі туралы мәлімет;
      4) жұмыс орындары мен атқаратын қызметтері туралы мәлімет;
      5) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат;
      6) "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздермен білдірілген мәселе бойынша дауыс беру нұсқалары қамтылуға тиіс.
      5. Банк омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
      Банк омбудсманының өкілеттігін оның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.
      Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама өкілдер кеңесі бекіткен банк омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын беріледі.
40-2-бап. Банк омбудсманына қойылатын талаптар
      1. Банк омбудсманы етіп сайлау үшін:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      3) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) қаржылық қызметтерді реттеу саласындағы жұмыста үш жылдан аз жұмыс өтілі бар;
      4) бұрын уәкілетті орган оны консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп тарату немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқарушы қызметкері болып табылған адам ұсынылмайды. Бұл талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады.
      2. Банк омбудсманының қаржы ұйымдарында және микроқаржы ұйымдарында кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үлестес тұлғасы болуға құқығы жоқ.
40-3-бап. Банк омбудсманының шешім қабылдау тәртібі
      1. Банк омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және ол дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
      Банк омбудсманы шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
      2. Банк омбудсманы мынадай:
      сот қарауға қабылдаған және (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот шешімі бар;
      өтініш беруші адам ипотекалық қарыз шарты шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында оның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жазған өтінішінің жазбаша дәлелдемесін ұсынбаған;
      істің жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген;
      сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ипотекалық қарыз шарты бойынша өтініштерді қарамайды.
      3. Банк омбудсманының шешімі, қарыз алушы оны қабылдаған жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үшін міндетті.
      Банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда мүдделі тарап өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
      4. Қарыз алушы – жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге қатысты өтініштері бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру жолымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
      Өтінішті қарау нәтижелері мүдделі тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделіп, қарыз алушының және банктің назарына жеткізіледі.



40-4-бап. Банк омбудсманының қызметі
      1. Банк омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
      2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметі өкілдер кеңесіне кіретін банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады. Банк омбудсманы өкілдер кеңесімен келісім бойынша құрылым мен штат (банк омбудсманының офисін) құруға құқылы.
      3. Банк омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.
      Банк омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      Банк омбудсманы осы баптың 1-тармағында және осы тармақта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.  
40-5-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
      1. Банктер тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
      1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
      3) банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;
      4) банк органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.
      Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      2. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
      Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді.
      Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауаптылықта болады.
4-тарау. Банктердің қызметін реттеу
41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi
      Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
      күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
      банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
      банкiлердiң қызметiн тексеру;
      ертерек ден қою шараларын қолдану;
      банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
      банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
      Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
      42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
      1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:
      банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
      банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері;
      өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
      бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
      өтiмдiлiк коэффицентi;
      ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
      Банк конгломераттары міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
      жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
      өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
      бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.
      Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы.
      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банктің ірі қатысушыларын пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.
      Уәкілетті орган банк холдингі жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары өзгерістері кезінде туындайтын әлеуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті деңгейдегі олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
      1-1. Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және есеп айырысу әдістемесін, тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган ислам банктерінің осы Заңда көзделген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.
      2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бiр күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
      3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бiр күнге шектi банк және банк конгломераты капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртiбi мен олардың лимиттерiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3-1. Банк немесе банк конгломератының қатысушысы уәкілетті органның қаржы және (немесе) өзге де есептілік деректерін түзету жөнінде жазбаша нұсқамада көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциалдық нормативтердің және басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
      4. Банк, банк конгломераты уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк, банк холдингі уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.
      5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда, банк холдингі, банктің ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйін жақсарту, оның ішінде банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
43-бап. Провизиялар (резервтер)
      1. Банк қызметін жүзеге асыруға байланысты залалдарды жабу үшін банктер қалыптастыратын міндетті резерв динамикалық резерв болып табылады.
      Банктер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және шарттарда динамикалық резервті қалыптастыруға міндетті.
      Динамикалық резерв жай акциялар бойынша дивидендтер төленгенге дейін құрылады. Егер динамикалық резервтің нақты мөлшері салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілейтін ең төмен мөлшерден мөлшерден аз болса, банктер жай акциялар бойынша дивидендтер есептеуге (төлеуге) құқылы емес.
      2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылаудың тиiстi деңгейін және оның сенімдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.
.44-бап. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру
      1. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi.
      Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізген кезде банктердің үлестес тұлғаларының қызметін тек қана олардың банктердің қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы.
      2. Банктер, банк холдингтері, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуіне не үшiншi тұлғаларға беруіне тыйым салынады.
      4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бірі орындалған:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
45-бап. Ертерек ден қою шаралары
      1. Уәкілетті орган банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банктердің қызметін талдауды жүзеге асырады. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
      2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметін талдауды жүзеге асырады.
      Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
      3. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Банк және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
      1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      4) банк провизияларын ұлғайтуды;
      5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
      7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
      8) банктің активтерін және (немесе) міндеттемелерін қайта құрылымдауды;
      9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу арқылы қысқартуды қолданады.
      4. Банк конгломератының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының қатысушыларын тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
      1) банк конгломератының қатысушыларының өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтерді есептеуін және (немесе) төлеуін (таза кірісті бөлуін) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтатуды;
      2) басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымнан шеттетуді;
      3) банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде банк конгломератының жарғылық капиталын ұлғайту жолымен оның меншікті капиталын ұлғайтуды;
      4) банк конгломератының активтерін қайта құрылымдауды;
      5) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды;
      6) банк холдингін және банк конгломератының қатысушыларын тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) тоқтата тұруды қолданады.
      5. Банктің (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда банкке (банк холдингіне) және (немесе) оның акционерлеріне (ірі қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
      6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      7. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
46-бап. Шектеулi ықпал ету шаралары
      1. Уәкілетті орган банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды байқаған, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң өздерінің қаржылық қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ өздерінің депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бірiн қолдануға:
      1) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;
      2) жазбаша ескерту шығаруға;
      3) жазбаша келісім жасасуға құқылы.
      2. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не банктің басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
      4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.
      Жазбаша келісімге банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.
      5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
      6. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
      7. Уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларының кез келген шарасын қолдануға құқылы.
      8. Осы бапта келтірілген шаралар банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін орнықсыз қаржылық жай-күйінің белгілері туындаған, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің немесе банк конгломератының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайларда қолданылуы мүмкін.
      9. Банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау жөніндегі мерзімді уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
      47-бап. Санкциялар
      1. Уәкiлеттi орган банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, оларға санкциялар қолдануға құқылы.
      2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға:
      а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;
      б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға;
      в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға;
      г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;
      д) банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау;
      е) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды аталған басшы қызметкердің (қызметкерлердің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тануға жеткiлiктi деректер негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн атқарудан шеттетуге құқылы. Осы Заңның 20-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін банк немесе банк холдингі осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды банктің немесе банк холдингінің басшы қызметкері тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуды жүргізеді.
      ж) алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      з) банктің және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу пайыздан аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.
      Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi орган сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
      3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.
      4. (алып тасталды)

      5. Банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айыру туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.
      6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.
      Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.
      6-1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банк лицензиядан айырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға жүгінеді.
      Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізуін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі.
      Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен он жұмыс күні ішінде сотқа жүгінеді.
      Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жүргізу туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
      Уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді екі баспа басылымында жариялайды.
      8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.
      9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген санкциялар қолданылады.
      Осы баптың 5-тармағының, 7-тармағы бесінші бөлігінің және 8-тармағының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан айыру жағдайларына қолданылады.
47-1-бап. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
      1) ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 46-бабына сәйкес қолданылған ықпал етудің шектеулі шараларын орындамаған;
      4) банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасай алатын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар жасаған іс-әрекеттер, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;
      5) ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;
      6) осы Заңның 45-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайы нашарлаған;
      7) банк конгломераты пруденциялық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкілетті орган банк холдингтеріне және оның ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банктің ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге ұшырататын, өзі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      3) банктен және банк холдингінен банк немесе банк холдингі олардың акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты банкті және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын олардың арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге;
      5) банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардан банк конгломератын тәуекелге ұшырататын, олар мен үлестес тұлғалар арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
      3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің не банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Бұл акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
      Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқаруды тағайындау мерзімі уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде айқындалады.
      Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
      Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің сенімгерлік басқарудағы акцияларын олардың акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық құны бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткізу жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырудың тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер
             1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны және (немесе) оған қосымшаны тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
      а) банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 7-тармақтарының талаптарын сақтамау;
      а-1) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлға – ірі қатысушы болмағанда, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлғадан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін кері қайтарып алу;
      a-2) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банкінің не банк холдингінің не ірі қатысушы – жеке тұлғаның болмауы;
      б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
      в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау;
      г) пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу;
      д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
      е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу;
      ж) уәкiлеттi органға есептер мен мәлiметтер бермеу немесе оларды көрінеу анық емес етiп беру;
      з) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерін үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не жазбаша нұсқаманы үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
      з-1) тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесінің бар болуы бөлігінде уәкілетті органның талаптарын сақтамауы;
      и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;
      к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен(лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;
      к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметтi ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;
      к-2) қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаның өзiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметтi қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;
      л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;
      л-1) банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат беру;
      м) банкпен үлестес тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;
      м-1) банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі уәкілетті органның талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамауы;
      н) банктің тексеру жүргізуге бірнеше рет (тексеру жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;
      о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.
      1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.
      1-2. Алып тасталды - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-3. Алып тасталды - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде жүзеге асырылады.
      2. Уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады не одан айырады.
      Уәкілетті органның барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
      3. Алынып тасталды.
48-1-бап. Банкті лицензиядан айырудың салдарлары
      1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айрылған банктің банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап:
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, банкке келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға, сондай-ақ осы Заңның 61-2-бабында көзделген банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;
      2) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банк органдарының банк мүлкіне билік етуге құқығы болмайды;
      3) банктің басшы, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі;
      4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін;
      5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;
      6) банктің лауазымды адамдарына өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
      7) банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды.
      2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау тәртібі, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) өкілеттігі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) есептілікті және өзге де ақпаратты уәкілетті органға ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
      3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
      Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктердің (уақытша әкiмшілердің) орындауы міндетті, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын беру туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      4. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі уәкілетті органға бекіту үшін беріледі.
      5. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісi) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктiң тарату комиссиясының төрағасына бередi.
      6. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-беру төрт данадан тұратын актiмен ресiмделедi, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі - банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.
      7. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнің (уақытша әкiмшісінің) өз қызметi кезеңiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
      8. Банктiң уақытша әкiмшілігінің (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы қабылдаған шешiмi жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау жөнiндегi шығыстарды және әдiлет органының мәжбүрлеп тарату бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттiк тiркеуге және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыруға байланысты шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және олардың қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.
49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртiбi
      1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:
      а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
      б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
      в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.
      2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:
      а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;
      а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;
      б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;
      в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;
      г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
      3. Алып тасталды.
      4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.
      50-бап. Банк құпиясы
      1. Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.
      Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
      2. Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.
      3. Осы баптың 4 – 8-тармақтарында көзделген ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған банктердің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8) және 8-1) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар, оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.
      4. Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 7-2, 8 және 8-1-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкін.
      Мыналар:
      1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
      1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруі;
      1-2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы "электрондық үкімет" төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпарат беруі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтер беруі;
      2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
      2-2) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау шарттарының біріне сәйкес келетін, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар туралы мәліметтерді уәкілетті органның ашуы;
      3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк және (немесе) уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
      4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3 және 61-4-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну;
      4-1) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша – сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банк шотының тиесілілігі және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің кепіл шартының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
      4-2) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалар төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
      4-3) банктің мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын және (немесе) ірі қатысушылары шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын банк депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), иелерi мен нөмiрлерi туралы, сондай-ақ осы шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары туралы мәліметтерді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген міндеттерді жүзеге асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуы;
      5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық және (немесе) қаржылық және (немесе) заң аудитін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаға екінші деңгейдегі банктердің мәліметтер ұсынуы;
      5-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға басқарма төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған, ұйымның жазбаша сұрау салуы негізінде ұйымның қарыз алушысы, кепілі, кепілгері, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын адамға қатысты берілетін, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдығы және қозғалысы, банк операциялары (банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптарын қоспағанда) туралы анықтамаларды, сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында орналасқан мүліктің бар-жоғы, сипаты мен құны туралы мәлiметтерді ұйымның "Көшірмесі дұрыс" деген белгісі бар осы кредит бойынша ұйымның талап ету құқығын иеленуін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайларда беруі – банк құпиясын ашу болып табылады.
      "Көшірмесі дұрыс" деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының қолымен, оның лауазымы, тегі, аты-жөні және куәландыру күні көрсетіле отырып, куәландырылады және ұйым мөрінің бедерімен (болған кезде) бекемделеді.
      6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі;
      7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпарат беруі;
      8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты заңды тұлғаға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктiң еншілес ұйымына осы кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде беруі;
      8-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға талап ету құқықтарын осы ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша ақпаратты беруі;
      9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі;
      10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;
      11) алынып тасталды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     12) банктің борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесін:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
      салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.
      Осы тармақшаның ережелері:
      өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
      бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
      5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.
      Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады.
      6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
      а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына прокурордың санкциясымен: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
      б) соттарға:
      сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша;
      в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
      г) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз);
      д) мемлекеттік кіріс органдарына тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мыналарға:
      тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;
      орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;
      әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты беріледі.
      пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;
      Клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары жөніндегі мәліметтер прокурордың санкциясымен беріледі;
      д-1) әділет органдарына: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде;
      д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның жеке мөрмен расталған көшірмесі негізінде;
      д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға.
      6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:
      заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
      Осы баптың осы тармағында және 6-тармағының д) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде уәкілетті органмен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тек салықтық әкімшілендіру мақсатында беріледі.
      6-5. Банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе басқарудағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
      1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын уәкілетті органмен келісім бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:
      а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:
      нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде;
      б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олардан өндiрiп алу немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойған, мөрiмен расталған жазбаша сұрау салу не біріншi басшының немесе тергеушiнің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салу, прокурордың санкциясы, оның ішінде электрондық нысанда салынған санкциясы негiзiнде;
      в) соттарға:
      шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
      г) прокурорға: қарауындағы материал бойынша оның құзыретi шегiнде, қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде.
      д) (алып тасталды)
      е) (алып тасталды)
      ж) мемлекеттік сот орындаушыларына: мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
      з) жеке сот орындаушыларына: жеке сот орындаушысының өз жеке мөрімен растаған және сот санкция берген қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана.
      7-1. Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген анықтамалар уәкілетті органның сұратуды алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.
      Анықтама сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда келіп түскен кезде электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
      Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар клиенттiң банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме нысанында жіберіледі және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.
      Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар осы баптың 6-тармағының а), б), в), д), д-1) және д-2) тармақшаларында, сондай-ақ 7-тармағының б), в) және г) тармақшаларында аталған тұлғаларға қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы сұрату негізінде беріледі.
      7-2. Банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерін қарау бойынша банктік құпия ашылуы мүмкін.
      8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
      а) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
      б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
      в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
      олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.
      8-1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашылған осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.
      9. (алып тасталды)

      10. Уәкілетті орган "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға банктік құпияны қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына өзіне осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
      11. Мемлекеттік кіріс органдарының сұратуларын қоспағанда, осы баптың 6 және 7-тармақтарында тізбеленген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қағаз жеткізгіштегі сұратулары, қаулылары мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландыруға жатады.
      Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың сұратуларының, қаулыларының көшірмелері ұсынылған кезде көрсетілген құжаттардың көшірмелерінде "Көшірмесі дұрыс" деген белгі қойылады. "Көшірмесі дұрыс" деген белгі тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландырған күні көрсетіліп, оның қолымен және мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландырылады.
      12. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып қою және (немесе) талап етіп алдыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес сот санкциялаған алу ісін жүргізу туралы қаулылар негізінде немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалған тәртіппен соттың ұйғарымы негізінде жүргізіледі.
      13. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.
51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке тыйым салу және олардан өндiрiп алу
      Ескерту. 51-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін.
      Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай- ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді. Талап қою талаптарын қамтамасыз ету үшін тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақша сомасы талап қою сомасынан және мемлекеттік баж мөлшерінен және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдарымен қаулыларын орындауға байланысты шығыстардан аспауға тиiс. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салған кезде, тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеуге қажетті сомадан, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдардан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және орындау жөніндегі шығыстардан аспауға тиіс.
      Бұл ретте сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.
      Жеке және заңды тұлғалардың ақшасына тыйым салу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, сот орындаушылары құжаттарды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жібереді.
      Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана қолданылуы мүмкiн.
      Жеке және заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша операциялар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.
      Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге бірiншi басшы қол қоюға және ол мемлекеттік кіріс органдарының мөрiмен куәландырылуға тиіс.
      Электрондық нысанда жіберілетін өкім мемлекеттік кіріс органы белгілеген форматтарға сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қалыптастырылады.
      1-1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының талаптарына сәйкес прокурордың келісімі болмаған жағдайда, банктер банктегі мүлікке билік етуді уақытша шектеу туралы актілерді орындаудан бас тартады.
      Тыйым салынатын сома болмаған және (немесе) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының көзделген келісімдер не санкциялар болмаған жағдайда, банктер тыйым салу туралы актілерді орындаудан бас тартады.
 2. Зейнетақы активтерiн қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
      52-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
      Ескерту. 52-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің
ерекшеліктері
     


52-1-бап. Ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар
      Ислам банкінің пайыз түрінде сыйақы алуға, инвестициялық депозитті қайтаруға немесе ол бойынша табысқа кепілдік беруге, темекі, ішімдік өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі шығарумен және (немесе) сатумен, құмар ойындармен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ.
      Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
      52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
      1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.
      2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
      3. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені, Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережені исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.
      4. Егер осы Заңда, ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, ислам банкінің кредиттік комитетінің ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған шешімдері және Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қарауы бойынша тексеруге құқығы бар.
      -3-бап. Ислам банкінің операциялары мен мәмілелерін ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танудың салдары
      1. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміленің жасалуы және орындалуы мүмкін емес.
      2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам банкінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
      3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені орындалған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, ислам банкінің осындай мәміле бойынша табысы қайырымдылық ісіне бағытталуға тиіс.
      -4-бап. Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша талаптар
      Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден бөлек мыналарды:
      1) ислам банкі қызметінің мақсаттарын;
      2) ислам банкінің тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін, сондай-ақ оны құрудың тәртібі мен исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
      -5-бап. Ислам банкінің банк операциялары және өзге де операциялары
      1. Мына операциялар:
      1) жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
      2) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау; V095687
      3) банктік қарыз операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
      4) жеке және заңды тұлғаларды:
      тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;
      тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде қаржыландыру;
      4-1) өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен қаржыландыру;
      5) лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;
      6) ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет ислам банкінің банк операцияларына жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ислам банкі өз ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте, ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер өздерінің ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын иемденеді, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлік басқарушы болады. Ислам банкі сенімгерлік басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, көлік құралдарын және өзге де жылжымалы мүлікті тіркеуді қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншіктің қатысушыларының есебін жүргізеді.
      3. Ислам банкі, егер жарғыда осындай көзделсе, мына операцияларды:
      1) факторингтік операцияларды: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын сатып алуды;
      2) форфейтингтік операцияларды (форфейтингтеуді): тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу жолымен төлеуді қоспағанда, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
      Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.
52-6-бап. Ислам банкінің депозиттері
      1. Талап етуге дейінгі пайызсыз депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын пайыз түрінде сыйақы төлеуді немесе төлеуге кепілдік беруді көздемейтін талап етуге дейінгі банктік салымға қабылдауға және клиент талаптарының түсуі бойынша депозитті немесе оның бір бөлігін қайтаруға міндеттенеді. Ислам банкінің пайызсыз депозит туралы шартына ол бойынша сыйақы төлеу туралы талаптарды қоспағанда, банктік салым туралы шарттың ережелері қолданылады.
      2. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын оларды номиналды түрде қайтару кепілдігінсіз белгілі бір мерзімге қабылдауға, олар бойынша табысты инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны пайдалану нәтижесіне байланысты төлеуге міндеттенеді. Ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шартына ақшаны пайдалану және қайтару тәртібі, клиенттің және ислам банкінің құқықтары мен міндеттері, сенімгерлікпен басқарушының - ислам банкінің сыйақыны айқындау және есептеп шығару тәртібі бойынша осы бапта көзделген ерекшеліктері бар мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарттың ережелері қолданылады.
      Инвестициялық депозит туралы шартты жасасу кезінде ағымдағы банк шоты ашылуы мүмкін.
      3. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптарында сенімгерлікпен басқарушының - клиенттің сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының ақшасын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері, ақшаны қайтару мерзімі мен тәртібі, ақшаны пайдаланудан келген залалдар тәуекелдері және өзге де талаптар айқындалуға тиіс.
      4. Инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен кіріс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болған жағдайда, ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған кірістің бір бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозит шығынды болған кезде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде кіріс болмаған кезде) сыйақы алу құқығын жоғалтады.
      4-1. Ислам банкінің тартылған ақшаны инвестициялық депозит туралы шартта айқындалған деңгейде кіріс алынуы мүмкін активтерге орналастыруын көздейтін жағдайды қоспағанда, инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша кірістің және (немесе) ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.
      5. Клиент өз талабы бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтарып алған кезде, егер инвестициялық депозит туралы шартта өзгеше көзделмесе, табыс алу құқығынан айрылады.
      6. Инвестициялық депозит туралы шарт клиенттің ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін анықтауы бойынша талаптарды не клиенттің ақшасын оларды біріктіру құқығынсыз өзге клиенттердің ақшасынан бөлек пайдалану бойынша талаптарды көздеуі мүмкін.
      7. Ислам банкі ақшаны пайдаланудың тәртібі мен нәтижелерін анықтау, оның ішінде ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін, мұндай пайдаланудан түскен табыстың немесе залалдың мөлшерін, ислам банкі сыйақысының мөлшерін анықтау мақсатында жекелеген инвестициялық депозиттер бойынша ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті. V095687
      8. Клиенттің талабы бойынша ислам банкі инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдалану туралы есепті табыс етуге міндетті.
      9. Егер шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық депозитке ақша салған клиент ислам банкінің ақшаны орналастыруға байланысты туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірақ ақша салынған активтер құнының кемуіне байланысты инвестициялық депозитке салынған ақша сомасы шегінде залалдар тәуекелін көтереді.
      10. Ислам банкі инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар өз кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, осындай залалдар үшін жауап бермейді.
      Егер инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар ислам банкінің кінәсінен болса, ислам банкі осындай залалдардың туындағаны туралы клиентке хабарлауға міндетті.
52-7-бап. Ислам банкінің бағалы қағаздарды шығару ерекшеліктері
      Ислам банкі борышты, сыйақының кепілдік берілген мөлшерін немесе құнынан пайыз түрінде сыйақы төлеуді көздейтін артықшылығы бар акцияларды, облигацияларды немесе өзге де борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, акциялар немесе өзге де бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
      52-8-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру 1. Ислам банктері ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты (бұдан әрі – коммерциялық кредит туралы шарт) негізінде тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруға құқылы.
      2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Коммерциялық кредит туралы шартқа осы бапта көзделген ерекшеліктер және осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптар ескеріле отырып, тауарларды кредитке (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту арқылы) сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады.
      4. Коммерциялық кредит туралы шартта тауардың атауы және саны, тауарға үстеме бағаның мөлшері көрсетіле отырып, сатып алушы ислам банкінен сатып алатын тауардың құны туралы талаптар, сондай-ақ коммерциялық кредиттің талаптары (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту) қамтылуға тиіс.
      5. Егер коммерциялық кредит туралы шартта өзгеше көзделмесе, ислам банкінің сатып алушыға тауарды сату бағасы сатушыдан тауарды сатып алу бағасы мен тауарға үстеме баға сомаларынан құралады. Үстеме баға тіркелген сома немесе сатушыдан тауарды сатып алу бағасының пайызы түрінде белгіленуі мүмкін.
      6. Тауарды сатып алу кезінде ислам банкі сатушымен жасалған сатып алу-сату шартында тауардың коммерциялық кредит туралы шарт жасасу үшін сатып алынатынын көрсетуге міндетті.
      7. Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша бір мезгілде сатып алушы болатын сатушыдан тауарды сатып алуға жол берілмейді. Ислам банкі тауарды сатушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тауарға алдын ала төлем жасау, сатып алынған тауарды белгілі мерзімде қайтару және тауардың сатып алу бағасын қайтару мүмкіндігі туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
      8. Коммерциялық кредит туралы шартта сатып алушының тауарларға ақша немесе өзге мүлік кепілімен төлем жасау бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талаптары көзделуі мүмкін.
      9. Егер коммерциялық кредит туралы шарттың нысанасы дайындауға жататын тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, жылжымалы жаңа затты, жаңадан құрылатын жылжымайтын мүлікті), мүлікті пайдалану, жұмысты орындау не қызмет көрсету нәтижесінде алынатын тауарларды (ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе өзге ұқсас өнімнен алынған мүлікті пайдалану кезінде бөлініп алынатын жемістер түрінде) сатып алу болып табылса, шарттың осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы талап етіледі.
      10. Ислам банкі мен осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарды өндіруші (дайындаушы) арасында жасалған коммерциялық кредит туралы шартта тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен сатып алынатын тауарға (аванс түріндегі коммерциялық кредит) дереу ішінара немесе толық төлем жасау көзделуі мүмкін. Тауар өндірушіге (шығарушыға) коммерциялық кредит беру кезінде ислам банкінің тауарды тікелей сатып алушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен тауарға дереу ішінара немесе толық алдын ала төлем жасау туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
      11. Осы баптың 9-тармағында көзделген коммерциялық кредит туралы шарт жасалған жағдайда банк пен тауар өндіруші (шығарушы) арасындағы қарым-қатынастарға мердігерлік, тауар беру, келісімшарт жасасу, өтелетін қызметтер көрсету туралы ережелер немесе осы қарым-қатынастарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген міндеттеме туралы басқа да ережелер қолданылады.
      

52-9-бап. Өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша қаржыландыру
      1. Ислам банкі табыс алу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарға қол жеткізу мақсатымен әріптестік туралы шарттың негізінде өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруға құқылы. Әріптестік туралы шартта (заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шарт) заңды тұлғаны құру жөніндегі талап көзделуі мүмкін.
      2. Әріптестік туралы шарт исламдық қаржыландыру принциптері бойынша кеңестің оң қорытындысын алғаннан кейін жасалуы мүмкін. Осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды бұзу әріптестік туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және (немесе) әріптестік туралы шарттың негізінде құрылған заңды тұлғаны таратуға не ислам банкінің үлесін, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғы капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін шеттетуге және алынған табысты қайырымдылық ісіне бағыттауға негіз болады.
      3. Заңды тұлғаны құру талабынсыз жасалған әріптестік туралы шартқа (ислам банкінің қатысуымен жасалған қарапайым серіктестік шарты) осы бапта көзделген ерекшеліктері бар бірлескен қызмет туралы шарттың ережелері қолданылады.
      4. Ислам банкінің қатысуымен жасалған қарапайым серіктестік шартында бірлескен қызметтің мақсаты, шарттың қолданылу мерзімі немесе олардың туындауына байланысты шарт тоқтатылатын талаптар, бірлескен қызметтен түскен табысты бөлу тәртібі және кезеңділігі, қатысушының шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін қатысушылардың әрқайсысы енгізген мүліктің тізбесі, түрлері және құны туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін енгізілген мүліктің құнына бара-бар айқындалады. Шартта бірлескен қызметтен түскен табыс бөлігін қайырымдылық мақсаттарға пайдалану туралы талаптар көзделуі мүмкін.
      5. Бірлескен қызметтен түскен табыс, ислам банкі қатысатын қарапайым серіктестік шартына қатысушылардың жалпы шығыстары мен залалдары, егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақ мүліктегі үлеске бара-бар бөлінеді. Ислам банкі қатысатын қарапайым серіктестіктің табысы күтілетін табыс ескерілмей, нақты нәтижелер бойынша бөлінуге тиіс. Қарапайым серіктестікке қатысушының табысы тіркелген ақша сомасы түрінде белгілене алмайды.
      6. Қарапайым серіктестіктің ортақ мүлкі жеткіліксіз болғанда оның қатысушылары қарапайым серіктестік шартына байланысты міндеттемелер бойынша ортақ мүліктегі үлестерге бара-бар жауаптылықта болады.
      7. Егер шартта немесе осы баптың ережелерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шартқа тиісті ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның құрылтай шарты туралы ережелер қолданылады.
      8. Заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның құрылтай шарты үшін көзделген мәліметтерден бөлек, әріптестіктің мақсаты мен мерзімдері туралы мәліметтер, заңды тұлғаның табысын әрбір қатысушы енгізген үлеске бара-бар бөлу туралы талап қамтылуға тиіс.
      9. Заңды тұлға құрып әріптестік жасау туралы шарттың ережелері әріптестіктің мақсаты осы заңды тұлғаның өндірістік немесе сауда қызметін қаржыландыру болып табылатын маңызды талаптар болған кезде заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу оның талаптары болып табылатын әріптестік жағдайларына да қолданылады.
      
52-10-бап. Инвестициялық қызметті лизинг (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыру
      1. Ислам банктері инвестициялық қызметті лизинг (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыруға құқылы.
      2. Ислам банкінің инвестициялық қызметті мүлік лизингі (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыруы жөніндегі қатынастарына осы бапта көзделген ерекшеліктерімен қаржы лизингі туралы немесе мүлікті жалдау туралы ережелер қолданылады.
      3. Ислам банкімен жасалған лизинг (жалдау) шартының талаптары жалға алынатын мүлікті сатып алу құқығын көздей алмайды. Жалға алынған мүлікке меншік құқығы жеке келісімнің негізінде лизинг алушыға (жалдаушыға) ауысуы мүмкін.
      4. Егер ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, мүлік лизингі немесе жалдау бойынша мәмілелер осы Заңның 52-2-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес бекітілген Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалады және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді.
      5. Шартта лизингтік төлемдерге ақы төлеу (жалдау төлемін) жөніндегі міндеттемелерді мүлік кепілімен қамтамасыз ету туралы талап көзделуі мүмкін.
     52-11-бап. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезінде агенттік қызметті жүзеге асыру
      1. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезінде ислам банкі агенттік қызметті жүзеге асыруға құқылы, оған сәйкес ислам банкі өз клиентінің агенті болады не үшінші тұлғаны өзінің агенті етіп тағайындайды.
      2. Агенттік келісімге сәйкес агент клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша не өз атынан, бірақ клиенттің тапсырмасы бойынша және соның есебінен өзінің жеке тәжірибесі мен білімі негізінде сыйақы үшін табыс алуға бағытталған белгілі бір заңды іс-қимылдар жасауға міндеттенеді.
      3. Ислам банкінің агенттік келісімдеріне оның талаптарына байланысты осы бапта көзделген ерекшеліктері бар тапсырма немесе комиссияшарты туралы ережелер қолданылады.
      4. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде банктер және өзге қаржы ұйымдары ислам банкімен жасалған агенттік келісім бойынша тараптар (клиент не агент) ретінде бола алады.
      5. Агенттік келісімнің талаптарында агенттің сыйақысын анықтау және төлеу тәртібі белгіленуге тиіс. Клиент табысының кепілдік берілген мөлшері агенттік келісімнің талаптарында көзделе алмайды.
      6. Агенттің сыйақы алу құқығы агенттік келісімнің орындалу нәтижелеріне қарамастан сақталады.
      7. Агенттің кінәсінен залалдар туындаған жағдайларды қоспағанда, агент қызметі нәтижесінде келтірілетін залалдар тәуекелін агенттік келісімнің клиенті көтереді.
      -12-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды ислам банкінің қатысуымен исламдық қаржыландыру
      1. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды исламдық қаржыландыруға осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 52-8-бабының ережелері қолданылады.
      Осы баптың мақсаттары үшін ислам банкінен тауарды сатып алатын және оны кейіннен үшінші тұлғаға сататын жеке немесе заңды тұлға банктің клиенті деп аталады.
      2. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды исламдық қаржыландыру деп мынадай талаптар сақтала отырып, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша жүзеге асырылатын мәміле танылады:
      1) ислам банкі және банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шарттың тараптары болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартта банктің клиенті тауарды кейіннен сатуды жүзеге асыратын үшінші тұлға (осы баптың мақсаттары үшін – үшінші тарап) көрсетіледі;
      2) коммерциялық кредит туралы шарт бойынша банк клиентінің тауарды сатып алуы, сондай-ақ банк клиентінің тауарды үшінші тарапқа кейіннен сатуы ислам банкінің қатысуымен жүргізіледі;
      3) коммерциялық кредит банктің клиенті ислам банкінен сатып алған тауарды банк клиентінің үшінші тарапқа өткізуі шарттарымен беріледі. Бұл ретте, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша өткізілген тауарға меншік құқығы коммерциялық кредит туралы шарт жасалғаннан кейін дереу үшінші тарапқа өтеді, үшінші тараптың тауардың ақысын төлеуі тауар мен осы тауардың құжаттары оған берілгеннен кейін кідіртілместен, мұндай тауарды ислам банкінің тауар берушіден сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі;
      4) коммерциялық кредит туралы шартта тауар ретінде халықаралық тауар биржаларында өткізілетін және ислам банкі халықаралық тауар биржаларында не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі биржадан тыс нарықта сатып алатын тауар айқындалады. Ислам банкі және банктің клиенті сол бір тауарды коммерциялық кредит туралы бірнеше шарт бойынша бір мезгілде сатуды жүзеге асыруға құқылы емес;
      5) банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген тауарды ислам банкінің үстемеақысын есептеместен, осындай шартта көрсетілген көлемде және баға бойынша үшінші тарапқа кейіннен сатуды жүзеге асырады;
      6) тауарды ислам банкіне сатуды жүзеге асыратын тауарды сатушы тауарды кейіннен сату жүргізілетін үшінші тарап бола алмайды;
      7) ислам банкі, банктің клиенті және үшінші тарап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес өзара байланысты тараптар болып табылмайды.
      3. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін тауар биржасы халықаралық тауар биржасы деп танылады:
      тауар биржасы тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес егемен рейтингі бар мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асырады;
      тауар биржасында жасалған биржалық мәмілелердің көлемі мен саны жөніндегі ақпарат Дүниежүзілік биржалар федерациясының интернет-ресурсында орналастырылған статистикалық есептерде жарияланады.
      Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      4. Осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, мұндай банк операциясы коммерциялық кредит беру туралы шарт ресімделе отырып, сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды ислам банкінің қатысуымен және үшінші тараптың қатысуымен исламдық қаржыландыру деп танылмайды.
      

4-2-тарау. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру
      
52-13-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру ұғымы
      Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында (бұдан әрі - банкті ислам банкіне айналдыру) ерікті түрде қайта ұйымдастыру деп ислам банкінің мәртебесін алу және қызметті осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асыру мақсатында банктің қызметін қайта ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.
     52 -14-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсаты
      1. Банкті ислам банкіне айналдыру банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртібі осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
      2. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсатын беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
      2) осы Заңның 52-15-бабының талаптарына сәйкес келетін, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      3) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы (болжамдық бухгалтерлік баланс және банктің пайдасы мен залалдары туралы есеп, банкті ислам банкіне айналдыру аяқталғаннан кейін банктің пруденциялық нормативтерін, оның ішінде шоғырландырылғаннан негізде есептеу);
      4) банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алған соң кейінгі үш жылға бизнес-жоспары, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
      банктің мақсаты мен міндеттерінің сипаттамасы және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларының түрлері;
      банктің қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылына банк қызметін дамыту стратегиясы мен оның ауқымы;
      банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылына банктің тәптіштелген жылдық қаржылық жоспары;
      тәуекелдерді басқару жоспары (ислам банкінің қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаттамасы және банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде және банкті айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылында оларды басқару тәсілдері).
      3. Уәкілетті орган өтінішті осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші ұсынған күннен бастап екі ай ішінде қарайды.
      Банк осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
      4. Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі қабылдағанға дейін уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруі туралы өтінішті еркін нысанда жазбаша өтініш беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
      5. Банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін өзі белгілеген мерзімде жоймауы;
      2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 52-15-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) бизнес-жоспардың осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
      4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжауы;
      5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуы және банкке қатысты банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген айдың алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде санкциялардың болуы;
      6) банкті ислам банкіне болжамды айналдыру нәтижесінде банк депозиторлары мүдделерінің бұзылуы.
      6. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруге немесе осы рұқсатты беруден дәлелді бас тарту беруге міндетті.
      7. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:
      1) рұқсат беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
      2) банктің өз қызметін өзге нысандарда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы не банктің қызметін тоқтату туралы сот шешімінің қабылдануы;
      3) банктің осы Заңның 52-17-бабында көзделген талаптарды орындамауы не талаптарды орындау мерзімін бұзуы;
      4) банкке ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия беруден бас тарту.
      Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты ерікті түрде қайтаруға құқылы.
      Банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсат кері қайтарып алынған кезде немесе банк осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде, уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болған факті анықталған немесе банк рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі айдың ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
      52-15-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
      1. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын банктің директорлар кеңесі бекітеді.
      2. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында төмендегі іс-шараларды іске асыру мерзімдерін қоса алғанда, олардың егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылуға тиіс:
      1) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құру;
      2) осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағында көзделген ислам банкінің банк операцияларын жүргізу туралы шарттардың үлгі талаптарын әзірлеу;
      3) мынадай:
      осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағында көзделген ислам банкінің банк операцияларына айырбастауға жататын;
      осы Заңның 52-5-бабының 3-тармағына сәйкес ислам банкіне жүзеге асыру рұқсат етілген айырбастауды талап етпейтін;
      банкті ислам банкіне айырбастау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген айырбастау мерзімі аяқталғанға дейін шарттардың қолданылу мерзімінің өтуі негіздері бойынша айырбастауды талап етпейтін;
      осы Заңның 52-1-бабының талаптарына сәйкес келмеу негіздері бойынша айырбастауға жатпайтын банктік және өзге де операцияларды айқындау;
      4) банктің осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген банктік және өзге де операциялар бойынша активтері мен міндеттемелерінің әлеуетті көлемін айқындау;
      5) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында айналдыру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялау және банктің интернет-ресурсында орналастыру;
      6) банк клиенттерін осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген банктік және өзге де операциялардың тізбесін, осы Заңның 52-16-бабының 4-тармағында көзделген жазбаша бас тартуды не келісуді ұсыну мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, банкті ислам банкіне айналдыруды жүргізу туралы жазбаша хабардар ету;
      7) жаңа қызмет түрлерін ескере отырып, банктің корпоративтік басқару және ішкі саясаты мен рәсімдерін, өзге де ішкі құжаттарын қайта қарау және өзгерту;
      8) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты банктің басшы қызметкерлерін айқындау;
      9) клиенттермен банктік және өзге де операцияларды жүргізу туралы шарттар бойынша жұмыс жүргізу;
      10) ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізу үшін бағдарламалық қамтылымды пысықтау;
      11) уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсыну;
      12) әділет органдарына банкті ислам банкі ретінде мемлекеттік қайта тіркеу үшін өтініш жасау;
      13) уәкілетті органға ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы өтініш жасау;
      14) осы Заңның 52-16-бабының 7-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауға тиіс банк жоспарлаған банкті ислам банкіне айналдыру мерзімі;
      15) банкті ислам банкіне айналдыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.
      52-16-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіндегі оның қызметі
      1. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде банк айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Банкті ислам банкіне айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін банк акционерлерінің жалпы жиналысында директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тағайындалады.
      3. Банкті ислам банкіне айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін банк он жұмыс күні ішінде:
      1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында айналдыру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялайды және банктің интернет-ресурсында орналастырады;
      2) банк клиенттеріне осы Заңның 52-15-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген банктік және өзге де операциялардың тізбесін, осы баптың 4-тармағында көзделген жазбаша бас тартуды не келісуді ұсыну мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, банкті ислам банкіне айналдыруды жүргізу туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
      4. Банк клиенттері осы баптың 3-тармағында көрсетілген жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке:
      1) осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағында көзделген ислам банкінің банк операцияларына айырбастауға жататын банктік және өзге де операциялар бойынша шарт талаптарын өзгертуге;
      2) банкті ислам банкіне айналдыруға байланысты банктің атауын өзгерту бөлігінде ислам банкіне осы Заңның 52-5-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асыру рұқсат етілген айырбастауды талап етпейтін банктік және өзге де операциялар бойынша шарт талаптарын өзгертуге;
      3) уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсатында көрсетілген айырбастау мерзімі аяқталғанға дейін шарттардың қолданылу мерзімінің өту негіздері бойынша айырбастауды талап етпейтін немесе осы Заңның 52-1-бабының талаптарына сәйкес келмеу негіздері бойынша айырбастауға жатпайтын банктік және өзге де операциялар жөніндегі шарттар бойынша құқықты (талапты) басқаға беруге немесе борышты аударуға жазбаша бас тартуды не келісуді беруге міндетті.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрсетілген мерзімде жауапты ұсынбау клиенттің бас тартуы ретінде қаралады, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес клиенттің келісімі ретінде қаралады.
      Клиент осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша жазбаша бас тартуды ұсынған кезде, осы шарттардың қолданылуы осы Заңның 52-17-бабының 1-тармағында көрсетілген есепті банк уәкілетті органға ұсынғанға дейін тоқтатылуға жатады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру ислам банкінің банк операцияларын жүргізу талаптары қамтылған не банкті ислам банкіне айналдыруға байланысты банктің атауын өзгертуді көздейтін, банк ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны алғаннан кейін оның күшіне енуі талаптарымен шартқа қосымша келісімді жасау арқылы жүргізіледі.
      Банк клиенттерінің банк шоттарына орындалмаған талаптар (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) болған және ақша жеткіліксіз болған немесе болмаған (оның ішінде бір жылдан аз уақыт ақша қозғалысы болмаған) кезде, банк мұндай талаптарды кері қайтаруды жүзеге асыруға және банк шоттарын жабуға құқылы.
      5. Банкке ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берілген кезде немесе банктің қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімі қабылданған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты банк уәкілетті органға қайтаруға тиіс.
      6. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде оған шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған жаңа шарттар жасауға, сондай-ақ осы Заңның 30-бабының 2, 11 және 12-тармақтарында көзделген, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
      7. Банкті ислам банкіне айналдыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс. Уәкілетті орган осы мерзімді банктің өтінішхаты бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.
      8. Осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілелерден айналдыру кезеңінде банктің алатын кірісін пайдалану туралы шешімді банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі қабылдайды.
      52-17-бап. Банкті әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеу және ислам банкінің банктік және өзге операцияларын жүргізуге лицензия беру
      1. Банк уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде, уәкілетті орган банктен қосымша іс-шаралар орындауды және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруді талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімде растау құжаттарын қоса бере отырып қайтадан ұсынуға міндетті.
      3. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап екі ай ішінде мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
      4. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін банк банкті мемлекеттік қайта тіркеу үшін әділет органдарына күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш жасауға міндетті.
      Ислам банкінің жарғысында осы Заңның 14-бабының 3-тармағында және 52-4-бабында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс.
      5. Банк әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеу күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, бірақ уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:
      1) мына құжаттарды:
      ислам банкі жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
      банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі туралы ережені;
      ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидаларды;
      ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларды қоса бере отырып, ислам банкінің банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы;
      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны (бар болса) қайта ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
      6. Уәкiлеттi орган ислам банкінің банк операциялары мен өзге де операцияларын жүргiзуге лицензия беру және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы өтiнiшті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарайды.
      Ислам банкінің банктік және өзге операцияларын лицензиялау тәртібі осы Заңның 26-бабында айқындалады.
      7. Банкке ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берілген кезден бастап:
      1) банктік және өзге де операцияларды жүргізуге бұдан бұрын берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылады;
      2) банкті ислам банкіне айналдыру аяқталды деп есептеледі.
      Банк ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұдан бұрын берілген лицензияның тұпнұсқасын қайтаруға міндетті.
5-тарау. Есеп және есеп беру
      53-бап. Банкiнiң қаржы (операция) жылы
      Банкiнiң қаржы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкiнi тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бiрiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
      54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік
      1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептiлiктiң тізбесін, нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті орган белгілейдi.
      Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Банктер уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген кредиттердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
      3. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкілетті орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
      4. Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
  
54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтерінің есептілігі
      1. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
      1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
      2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталына қатысудың өзіне тиесілі үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;
      4) жақын туыстары, сондай-ақ осы тұлғалар бақылайтын ұйымдар, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты;
      5) кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларация бар болса, оның көшірмесін беруге тиіс.
      2. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күннің ішінде жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны, сондай-ақ үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы есепті табыс етуге тиіс.
      3. Есептілікті табыс ету тәртібі және оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      4. Банк холдингі уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      3) үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.
      5. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
      1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі, банк конгломератының құрылымы туралы есеп;
      3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ үлестес тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер;
      4) банк конгломератының үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы банк конгломератының меншікті капиталының он және одан көп пайызын құрайтын барлық міндеттемелері туралы есептер көрсетілуге тиіс.
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты табыс етуге тиіс.
      Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      6. Егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылса, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынса, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
      7. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк холдингі қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға тиіс.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.
      8. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгiкөрсеткiштерiн жариялау
      Банктер – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
      Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай келетін бухгалтерлік балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық растауынсыз-ақ жариялап отырады.
      Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, сондай-ақ еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
      Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын резидент еместерге қолданылмайды.
56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау
      1. Банкiлер бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Сақталуға тиiс негiзгi құжаттар тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
 
6-тарау. Банктерге және олардың үлестес тұлғаларына аудит
     57 -бап. Банктерге және олардың үлестес тұлғаларына аудит
      1. Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады.
      1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге, банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс.
      Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.
      Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Резидент еместердің бас ұйымы мен оның еншілес ұйымдарының аудитін, мұндай аудитті жүргізу олардың резиденттілік елі заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.
      1-2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.
      2. Алып тасталды - ҚР 2006.05.05. N 139 Заңымен.
      3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
      жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
      жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi;
      жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.
      4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
      Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
      5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.
      6. Банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық есепте көрсетілетін банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейін:
      банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы;
      осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жолсыздықтарды жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      банкке қатысты - осы Заңның 48-бабының 1-тармағының о) тармақшасы негізінде банкті лицензиясынан айыруға;
      банк холдингіне қатысты осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
58-бап. Банк қызметiн тексеруге байланысты аудиторлық қызметтi лицензиялау
      Ескерту. 58-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.
59-бап. Банк қызметіне аудиторлық ұйымның (аудитордың) аудит жүргізу жөніндегі есебін жарамсыз деп тану. Банк қызметіне аудит жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу, тоқтата тұру үшін негіздер
      Ескерту. 59-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.
6-1-тарау. Банкті қайта құрылымдау
59-1-бап. Банкті қайта құрылымдау ұғымы
      Банкті қайта құрылымдау деп банктің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту үшін банкті қайта құрылымдау жоспарының (бұдан әрі - қайта құрылымдау жоспары) негізінде банк іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешені түсініледі.
      Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және банк болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.
      Осы тараудың ережелері банктің уәкілетті органның талабы бойынша активтерді және (немесе) міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылмайды.
59-2-бап. Банкті қайта құрылымдауды жүргізу үшін негіздеме
      Банкті қайта құрылымдау банктің ақшасының болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты банктің міндеттемелер бойынша жекелеген кредиторлардың талаптарын оларды орындау күні басталған кезден бастап күнтізбелік жеті күннен асатын мерзімде орындауға қабілетсіздігіне орай жүзеге асырылуы мүмкін.
      -3-бап. Банкті қайта құрылымдаудың жалпы шарттары
      1. Осы Заңның 59-2-бабында көрсетілген қайта құрылымдау үшін негіздеме туындаған кезден бастап банк директорлар кеңесінің отырысын өткізуге құқылы, онда банкті қайта құрылымдау туралы шешім қабылданады.
      2. Банк директорлар кеңесінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешімі қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін уәкілетті органға жібереді.
      3. Уәкілетті орган директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін алғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде банкті қайта құрылымдау мәселелері жөнінде банкпен жазбаша келісім жасасады.
      4. Банк қайта құрылымдау жоспарының жобасын уәкілетті органға табыс етеді. Ескертпелер мен ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган банктен қайта құрылымдау жоспарының жобасын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертпелері мен ұсыныстарын ескеруге және қайта құрылымдау жоспарының пысықталған жобасын уәкілетті органға қайтадан табыс етуге міндетті.
      5. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құрылымдау туралы сотқа жүгінеді. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап және оны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген шектеулер қолданылады.
      6. Банк соттың қайта құрылымдау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру жариялау арқылы депозиторларға, кредиторларға және өзге де клиенттерге қайта құрылымдау туралы хабарлайды.
      Банк соттың қайта құрылымдау туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны корреспондент-банктерге жібереді.
      7. Банк соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
      1) сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің мүлкін иеліктен шығару туралы өзге де мәмілелердің орындалуын, қарыз беру туралы шарттар мен кредиттік тәуекелі бар басқа да қаржыландыру түрлерін жасасуды тоқтата тұруға;
      2) банк міндеттемелерінің орындалуын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруға құқылы.
      8. Банк соттың қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімінде көзделген мерзімде банк кредиторларымен келіссөздер жүргізу және олардың қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауына қол жеткізу мақсатында олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларының жиналысын шақырады.
      Қайта құрылымдау жоспарының мақұлдауына қол жеткізу үшін міндеттемелер қайта құрылымдау көзделетін кредиторлар алдындағы банк міндеттемелері көлемінің кемінде үштен екісі үлесіне тиетін кредиторлардың келісімі талап етіледі.
      Банкті қайта құрылымдау банк кредиторлары қайта құрылымдау жоспарын осы тармақта көзделген тәртіппен мақұлдаған жағдайда қайта құрылымдау жоспарына сәйкес қайта құрылымдау көзделетін кредиторлар алдындағы банктің барлық міндеттемелеріне қатысты жүргізіледі.
      9. Банк қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарын уәкілетті органға жібереді не осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен банк кредиторларының мақұлдауын алмаған жағдайда банкті қайта құрылымдауды жүргізудің мүмкін еместігі туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Уәкілетті орган егер қайта құрылымдау жоспарының шарттары уәкілетті органға бұрын жіберілген қайта құрылымдау жоспары жобасының шарттарынан өзгеше болған жағдайда қайта құрылымдау жоспарын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертпелері мен ұсыныстарын ескеруге және осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен банк кредиторлары мақұлдаған, пысықталған қайта құрылымдау жоспарын уәкілетті органға қайтадан табыс етуге міндетті.
      10. Осы баптың 9-тармағында көзделген талаптарды орындағаннан кейін банк қайта құрылымдау жоспарын сотқа бекітуге ұсынады.
      11. Қайта құрылымдау жоспары мынадай ақпаратты:
      қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімін;
      қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелердің тізбесін;
      қайта құрылымдау шеңберінде өткізілетін іс-шараларды;
      активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелерді;
      қызметте қолданылатын шектеулерді қамтуға тиіс.
      Банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің қайта құрылымдау жоспарында, көрсетілген ақпараттан басқа, банкті қайта құрылымдаудың банк конгломератының басқа қатысушыларына ықпалының болжамды нәтижелер қамтылуға тиіс.
      12. Қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тоқтатылады.
      13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, қайта құрылымдау жоспарына енгізілген банк міндеттемелері орындалды деп есептеледі, соттардың, төреліктің осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.
      13-1. Банктер соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны корреспондент-банктерге жібереді.
      14. Банк қайта құрылымдау жоспарында белгіленген тәртіппен және жазбаша келісімімен банктің жүргізілген қайта құрылымдалуы туралы, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға береді.
      15. Уәкілетті орган банктің қайта құрылымдау жоспарын орындауы жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын қадағалауды жүзеге асырады.
      Банкті қайта құрылымдауды жүргізу кезеңінде уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне ықпал етудің шектеулі шараларын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
      16. Банктің сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта құрылымдауды жүргізу кезеңінде банк ұйымдардағы қатысу сомасын (абсолюттік мәнде) өсіре алмайды.
II бөлiм
Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн
өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары

7-тарау. Банктердi және банк холдингтерін ерiктi түрде қайта
құру

60-бап. Банктерді (банк холдингтерін) ерiктi түрде қайта ұйымдастырудың жалпы шарттары
       1. Банктерді (банк холдингтерін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту, айналдыру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
      1-1. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру тәртібі осы Заңның 4-2-тарауында белгіленеді.
      2. Осы банк (банк холдингі) акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкті (банк холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады.
      3. Банкті (банк холдингін) ерiктi қайта ұйымдастыруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      а) банктің (банк холдингінің) жоғары органының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
      б) банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастырудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар;
      в) банктің (банк холдингінің) ол қайта ұйымдастырылғаннан кейiнгi және (немесе) банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.
      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішхатқа қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт қоса берілуге тиіс.
      4. Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
      5. Қайта ұйымдастырылатын банк (банк холдингі) қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде банктің интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялау жолымен өзінің барлық депозиторларына, клиенттеріне, корреспонденттеріне және қарыз алушыларына алда тұрған өзгерістер туралы ақпарат беруге міндетті.
      6. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу немесе қайта тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүргiзiледi.
      7. Осы баптың талаптары мынадай талаптардың бірі орындалған:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның шыққан елінің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;
60-1-бап. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру ерекшеліктері
      1. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банкті басқа банкке біріктірген кезде, біріктірілетін банктің акцияларын әрбір банктің директорлар кеңесі оны алдын ала мақұлдағаннан кейін қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында бекітілетін акцияларды айырбастау коэффициенті негізінде айқындалатын санда өз акцияларын біріктірілетін банктің акционерлері арасында орналастыру (өткізу) арқылы өзіне біріктірілу жүзеге асырылатын банк сатып алады. Бұл ретте "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабының біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына және өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды.
      2. Осы Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішхатқа "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданған шешім негізінде атқарушы органдардың бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт қоса берілуге тиіс.
      3. Біріктірілетін банктің кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелері бірігу жүзеге асырылатын банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген банк шоттарын жүргізуді бірігу жүзеге асырылатын банк жүзеге асырады.
      4. Біріктірілетін банк бірігу жүзеге асырылатын банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, біріктірілетін банкте ашылған олардың банк шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банк шоттарын ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың біріктірілетін банктегі банк шоттары бойынша ауыртпалықтарымен бірге беруге құқылы.
      5. Бірігу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банк шоттарының деректемелерінің (оның ішінде, біріктірілетін банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу мерзімінің шеңберіндегі қажетті мерзімде депозиторлардың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың біріктірілетін банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын біріктірілетін банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Мұндай нұсқауларды орындау біріктірілетін банктің корреспонденттік шоты пайдаланыла отырып жүргізіледі. Бірігу жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің банктік ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
      6. Қайта ұйымдастыру рәсімінің шеңберінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді бірігу жүзеге асырылатын банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
      7. Банкті қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу шеңберіндегі қажетті мерзім аяқталғаннан кейін:
      1) бірігу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банк шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын береді және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банк шоттарына жаңа жеке сәйкестендіру кодтарының берілгені туралы хабардар етеді;
      2) депозиторлардың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар банк шоттарына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жаңа жеке сәйкестендіру кодтары беріледі.
      Бұл ретте:
      бірігу жүзеге асырылатын банк депозитордың банк шотына талапты (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банк шоттарына ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банк шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
      депозитордың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды бірігу жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) бірігу жүзеге асырылатын банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын депозитордың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес банк шотына берілген тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, осындай банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
      депозитордың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) бірігу жүзеге асырылатын банк олардың біріктірілетін банкке келіп түскен күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен бірігу жүзеге асырылатын банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді бірігу жүзеге асырылатын банк Қазақстан Республикасы заңнамасыныңталаптарына және бірігу жүзеге асырылатын банк пен депозиторлар арасындағы келісімдердің шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      Бірігу жүзеге асырылатын банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, талаптарды, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтарды орындау бойынша, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады.
      61-бап. Банкті және банк холдингін ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден бас тарту
       Банкті (банк холдингін) ерiктi түрде қайта құруға Ұлттық Банкiнiң рұқсат беруден бас тартуы мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
      а) ерiктi түрде қайта құрылатын банктердің (банк холдингтерінің) жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
      б) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан депозиторлар мүдделерiнiң бұзылуы;
      в) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң бұзылуы;
      г) көзделiп отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы.
      7-1-тарау. Банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар
      61-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылады.
      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
      Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, оның қатысушыларының құқықтары, міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      2. Ислам банктерін қоспағанда, депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.
      -2-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
      1. Банк кредиторлары мен депозиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісу бойынша банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) (бұдан әрі – сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны банк, консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) жүргізуі мүмкін.
      Еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және міндеттемелерді толық мөлшерде беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру арқылы бас банк пен осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операция осы Заңның 61-4-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.
      Осы тармақта көзделген операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері, сондай-ақ осы операцияларды уәкілетті органмен келісу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      3. Банк, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі, уақытша басқарушысы) банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Хабарландыру осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      4. Осы тармақтың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады.
      Банк активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісуі ретінде қаралады.
      Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде міндеттермелерді беруге қарсы депозиторлардың қарсылықтары болған кезде мұндай депозитор банктің міндеттемелерді беруіне жазбаша бас тартумен күнтізбелік он күннен кешіктірмей банкке жүгінуге міндетті. Депозитор бас тартуға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктік қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес ресімделген, депозитті қолма-қол ақшамен беру туралы немесе оның сомасын басқа банкке аудару туралы нұсқауды қоса береді.
      Консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банктің уақытша басқарушысының), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) активтер мен міндеттемелерді беруі банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімінсіз жүзеге асырылады.
      Банк шоттарына банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар, депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері депозиторлардың міндеттемелерді беру бойынша қарсылықтарының болуына қарамастан сатып алушы банкке беріледі.
      5. Кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген ағымдағы және жинақ шоттарын жүргізуді сатып алушы банк жүзеге асырады.
      6. Банк сатып алушы банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, банкте ашылған олардың банк шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банк шоттарын ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың банктегі банк шоттары бойынша ауыртпалықтармен бірге беруге құқылы.
      7. Сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттары деректемелерінің (оның ішінде банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өтпелі кезең ішінде депозиторлардың сатып алушы банкке берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып осындай нұсқауларды орындаудың ерекшеліктері банк пен сатып алушы банктің келісімі бойынша айқындалады.
      8. Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін:
      1) сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын береді және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банк шоттарына жаңа жеке сәйкестендіру кодтарының берілгені туралы хабардар етеді;
      2) депозиторлардың сатып алушы банкке берілген, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар банк шоттарына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жаңа жеке сәйкестендіру кодтары беріледі.
      Бұл ретте:
      сатып алушы банк депозитордың банк шотына талаптар (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банк шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
      депозитордың сатып алушы банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, орындалмаған талаптарды сатып алушы банк банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес- сәйкестендіру нөмірін) сатып алушы банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын депозитордың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес банк шотына берілген тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, сатып алушы банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
      депозитордың сатып алушы банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) сатып алушы банк олардың банкке келіп түскен күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен сатып алушы банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді сатып алушы банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және сатып алушы банк пен депозиторлар арасындағы келісімдердің шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      Сатып алушы банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, талаптарды, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтарды орындау бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады.
      9. Осы баптың 6 және 7-тармақтарының ережелері банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізген кезде қолданылмайды.
      Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың
      1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізген кезде сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттары бойынша осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен, осындай депозиторларға жаңа банк шоттарын ашады, жеке сәйкестендіру кодтарын береді және осы баптың 8-тармағында көзделген, депозиторлардың банк шоттарына қойылған талаптарды, оның ішінде банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) орындайды.
      10. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтар (талаптар) түрінде банк активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді.
      Банк борышкерді (борышкерлерді) хабардар ету мақсатында осы баптың 3-тармағында көрсетілген, банк құқықтарының (талаптарының) бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Борышкер құқықтарды (талаптарды) берген банкке өзінің міндеттемелерінің бір бөлігін немесе оларды толық мөлшерде орындаған жағдайда, осы орындау тиісті кредитор үшін орындалған деп танылады.
      11. Банк активтері мен міндеттемелерін беру шартқа тапсыру актісін қоса бере отырып, активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
      Тапсыру актісінде берілетін активтер, берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар және міндеттемелер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мiндеттемедегi тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады.
      12. Осы Заңның 61-4-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестері түрінде банк активтерін сатып алушы банкке беру осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      13. Сатып алушы банк активтер мен міндеттемелерді берген банктің банктік ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
      14. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
      15. Қайта құрылымдау процесіндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру осы Заңның 6-1-тарауының ережелеріне сәйкес қайта құрылымдау жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
61-3-бап. Консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне берудің ерекшеліктері
      1. Депозиторлар мен кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында консервациялау режиміндегі банктің уақытша әкімшілігі уәкілетті органға осы банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу туралы ұсыныс енгізеді.
      Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және уақытша әкімшілікке көрсетілген активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізуді тапсырады.
      Консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізудің шарттары мен тәртібі, сондай-ақ берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      2. Осы Заңның 13, 14, 16, 17-1, 19, 20, 23 - 25, 27, 28-баптарында, 30-бабының 5 және 13-тармақтарында, 31, 32, 42-баптары мен 43-бабының 1-тармағында көзделген банктерді құруға және олардың қызметін реттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 - 74-баптарының ережелері тұрақтандыру банкіне қолданылмайды.
      Тұрақтандыру банкін құру тәртібі, оның жарғылық және өз капиталының ең төменгі мөлшері мен оны қалыптастыру тәртібі, тұрақтандыру банкін басқару тәртібі, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу тәртібі, тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының шығарылымын тіркеу және оның жарияланған акцияларын жою тәртібі, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операцияларын және осы Заңда көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      3. Тұрақтандыру банкі банк операцияларын және осы Заңда көзделген өзге де операцияларды уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
      Тұрақтандыру банкінің, заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында банктер үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      4. Активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне бергеннен кейін сыйақыны есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың жедел салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындалу мерзімі басталған міндеттемелерді тұрақтандыру банкі орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.
      5. Активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бергенге дейін тұрақтандыру банкі уәкілетті органмен келісім бойынша оған бұрын берілген активті консервациялау режиміндегі банктің басқа активіне ауыстыруға құқылы.
      6. Тұрақтандыру банкі активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын сатып алушы банкке береді. Тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке беру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Осы бапта көзделген тәртіппен тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін беру тұрақтандыру банкінің депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. Тұрақтандыру банкі депозиторлар мен кредиторлардың келісімін алу мақсатында тұрақтандыру банкінің активтерін және (немесе) міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тұрақтандыру банкінің депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісімі ретінде қаралады.
      Осы Заңның мақсаттары үшін тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан банк сатып алушы банк болып табылады.
      7. Банктер осы Заңның 42-бабының және 43-бабының 1-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда, осы Заңның осы бабында және 61-2-бабында көзделген тәртіппен банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде банкке (банктерге) берілген активтер екі жыл бойы есепке алынбайды.
      8. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкі қабылданған активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке уәкілетті орган көздеген тәртіппен және шарттармен толықтай бергеннен кейін өз қызметін тоқтатады.
      9. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциялары тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуға және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беретін шарттармен инвесторға өткізілуі мүмкін.
      Инвестордың тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады.
      Инвестор тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған кезден бастап банк тұрақтандыру банкінің мәртебесін жоғалтады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Осы банктің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
61-4-бап. Еншілес банктен бас банкке активтер мен міндеттемелерді беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру арқылы бас банк пен осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері
      1. Еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және салымдарды орналастыру мен ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді толық мөлшерде бір мезгілде беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде бір мезгілде беру жөніндегі операция бір шарттың шеңберінде уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін еншілес банк деп осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және салымдарды орналастыру мен ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді толық мөлшерде беретін және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде қабылдайтын еншілес банк түсініледі.
      3. Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бас немесе еншілес банктің жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттарына жаңа кредиторды, кепіл ұстаушыны көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етпейді.
      Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілгердің және өзге де тұлғалардың басқаға беруге келісімі талап етілмейді. Бұл ретте, жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін елеулі маңызы жоқ деп танылады.
      4. Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартты (тапсыру актісі қоса беріле отырып) сатып алушы банк берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар өткен, бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредитор туралы мәліметтерді құқықтық кадастрға, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізу мақсатында уәкілетті тіркеуші органға (ұйымға) береді.
      Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредиторға үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың тарапынан тіркелген ауыртпалықтар, тыйым салулар, мүлікке иелік етуге қатысты өзге де шектеулер бар мүлікке құқықтардың өтуі үшін де негіз болып табылады.
      5. Сатып алушы банк активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасалған күннен бастап осы Заңның 30-бабында көзделген банк операциялары мен өзге де операциялар және қызмет түрлері бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және онда құқықтары (талаптары) берілген банктің барлық құқықтары мен міндеттері болады.
      6. Акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестері түрінде еншілес банктің активтерін бас банкке беру, осы баптың 1-тармағында көрсетілген келісімнен басқа, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, уәкілетті органнның қосымша рұқсаттарын, келісімдерін немесе хабарламаларын бас банктің алуын талап етпейді.
      7. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операция жүзеге асырылғаннан кейін банк операциялары мен өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензия еншілес банктің уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрдегі өтінішіне байланысты өз қолданысын тоқтатады.
      8. Банк операциялары мен өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға:
      өз атауында "банк" деген сөзді сақтап қалуға құқылы;
      осы бапта көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілген, бас банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы;
      өзіне берілген құқықтар (талаптар) бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және банктік қарыз шарттарында белгіленген, өзінде қалған құқықтар (талаптар) бойынша кредитордың (банктің, қарыз берушінің) құқықтары мен міндеттерін сақтап қалады;
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құрады.
      9. Лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейінгі өтпелі кезеңде бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға уәкілетті органның лицензиясынсыз банк операцияларының мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
      1) бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруына, оның ішінде депозиторлардың бас банкке берілген банк шоттары бойынша еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып жүзеге асыруына байланысты аударым операциялары;
      2) бас банктің корреспонденттік шотын ашу және жүргізу;
      3) депозиттерді қабылдау, ұлттық басқарушы холдингтің, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банк шоттарын ашу және жүргізу;
      4) осы баптың 8-тармағына сәйкес банктік қарыз шарттарында белгіленген, өзіне берілген және өзінде қалған құқықтар (талаптар) бойынша қарыз операциялары.
61-5-бап. Банктік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үздіксіздігін қамтамасыз ету
      1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінің резервтік орталығының, резервтік байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз етеді.
      2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық және басқа да құралдарға енгізілетін және банктік көрсетілетін қызметтердің клиентке қолжетімділігіне әсер ететін, қолданысқа енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер (жаңартулар) туралы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында немесе шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде клиенттерді хабардар етеді.
      3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттерге көрсетілетін қызметтерді ұсынудың кепілді үздіксіз деңгейін қамтамасыз етеді, ол банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында белгіленеді және банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға жатады.
      4. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелері жұмысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.


8-тарау. Банкті және банк холдингін консервациялау
62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы
      1. Банкiнi консервациялау Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
      2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
      а) өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің және (немесе) өтімділік коэффициентінің орындалмауы;
      б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша.
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.
      4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Ұлттық Банкiнiң консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды.
      6. Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
63-бап. Банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы)
      1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) уәкiлеттi орган оның қызметкерлерi, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері, не осы Заңның 20-бабының 3-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге адамдар арасынан тағайындайды.
      2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты уәкiлеттi орган пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi.
      3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады.
      4. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
      5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
64-бап. Банкiнi консервациялауды жүргiзу туралы қаулы
      1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмiнде мыналар болуға тиiс:
      а) банкiнiң атауы және оның орналасқан жерi;
      б) банкiнi консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесi;
      в) консервация күшiнiң басталуы мен мерзімi;
      г) банк қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi;
      д) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушысының фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
      е) консервациялау режимiнде тұрған банкiнiң басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншiгiнiң бар-жоғы және оның мөлшерi туралы мәлiметтер әзiрлеу және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) беру туралы нұсқама;
      ж) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) берiлетiн ұсыныстар.
      2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жарияланады.
      65-бап. Консервациялау кезеңiнде банкiнi басқару ерекшелiктерi. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi өкiлеттiгi
      1. Консервациялау күшiнiң басталуымен және оның мерзiмiне:
      а) осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану мен билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
      б) банк органдарының өкілеттіктері тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
      в) банкті басқару жөніндегі барлық өкілеттік, сондай-ақ осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) көшеді;
      г) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз банкiнiң атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы):
      а) осы Заңның 66-бабының талаптарын ескере отырып банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға;
      б) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банкiнiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
      в) қажет болған жағдайда банк қаражатын салуды көздейтiн банк жасасқан шарттарды бұзуға не оларға, мөлшерлемелерін, тарифтерiн және қолданылу мерзiмiн өзгертудi қоса, бiржақты тәртiппен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
      г) банкiнiң атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
      д) банкiнiң атынан және оның мүддесi үшiн ақы талабын қоюға;
      е) банк қызметкерлерiн қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында мiндеттер бөлiсу туралы бұйрықтарды қоса, бұйрықтар шығаруға;
      ж) кредитор мен борышкер бір адам болғандықтан, өзара талаптарды есепке алуға;
      з) осы Заңның 61-2 және 61-3-баптарына сәйкес банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) не тұрақтандыру банкіне беруге;
      и) осы Заңның 8-бабында көздеген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
      Консервациялау процесіндегі банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.
66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi қызметiн бақылау
      1. Банкiнi консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
      а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкiнi консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға);
      б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге;
      в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
      г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
      д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
      е) банкiнi консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
      67-бап. Консервациялауды тоқтату
      1. Банкiнi консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      а) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң аяқталуы;
      б) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
      2. Банкiнiң қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) осы банкiге қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) белгiлеген барлық шектеулердiң алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл орайда консервациялау мерзiмi iшiнде банкiнiң құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерiнiң құрамына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiнде қала бередi.
      3. Егер банкiнi консервациялау оның қаржы жағдайы мен жұмыс сапасын сауықтыруға жеткiзбеген жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
67-1-бап. Банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін консервациялау
      1. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің қаржылық жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банк холдингіне қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн уәкілетті органның шешiмi бойынша мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
      2. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі ғана консервациялауға ұшыруы мүмкін.
      Банк холдингі мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
      1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің орындалмауы;
      2) қатарынан екі және одан кейінгі тоқсандарда теріс меншікті капиталдың болуы.
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу банк холдингін басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе банк холдингінің уақытша басқарушысын уәкілетті органның шектеулi (бiр жылға дейiнгі) мерзiмге тағайындауын көздейді.
      4. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк холдингінің акционерлерi (қатысушылары) күнтізбелік он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау банк холдингін консервациялауды тоқтата тұрмайды.
      6. Осы Заңның 63, 64, 65, 66 және 67-баптарының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде банк холдингтеріне қолданылады.


9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
      
68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi
      1. Банк:
      а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
      б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
      в) (алып тасталды)
      2. Банкті тарату, оның iшiнде банкроттық негiзі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер кредиторларының комитеті
      1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді.
      2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
    69-бап. Ерiктi тарату
      1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарудың, оларды басқа банкке аударудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
      Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
      Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды.
      2-1. Уәкілетті орган банкті өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартуды мынадай негіздердің бірі:
      1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісті түрде ресімделмеуі;
      2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;
      3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы бойынша жүргізеді.
      3. (алып тасталды) 
4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады.
      Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс.
      6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.
      7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
      70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi
      Банктердi ерiксiз таратуды сот:
      а) банк банкроттығына;
      б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардан айыруға;
      в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.
71-бап. Банктi банкрот деп тану
      1. Банктiң төлем қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, есеп айырысу әдiстемелерiн, банк капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш және одан да көп ай ішінде банк орындамаған, банктегі ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып белгіленеді.
      Банк ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.
      2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi.
      3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi.
      4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.
      72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату
      1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларынан айыру туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
      2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот уәкiлеттi органға жiбередi.
      Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан банк айырылады.
73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен тәртiбi
      1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап осы Заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4) - 8) тармақшаларында көзделген салдарлар басталады.
      Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап банктің бұрын жұмыс істеп келген органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.
      1-1. Алып тасталды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 48-1 бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi.
      3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi.
      4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      4-1. Аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкер бір адам болатындықтан, өзара талаптарды есепке алуға жол беріледі.
      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана өзара талаптарды есепке алу жүргізіледі.
      Таратылатын банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады.
      5. Таратылатын банктің мүлкін өткізуді банкті тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
      6. Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      6-1. Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сот уәкiлеттi органмен банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
      7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
      Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
      Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін оларды күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      8. Тарату комиссиясы банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде банк қызметінің тоқтатылуының тіркелгені туралы бұйрықтың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
73-1-бап. Банктің міндеттемелері мен мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
      Ескерту. 73-1-бап алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы
      1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.
      Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады.
      Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау және тарату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктің істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.
      Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс.
      2. (алып тасталды) 
      3. (алып тасталды) 
74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық массасын қалыптастыру ерекшелiктерi
      1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.
      1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
      2. Тарату конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
      3. Ислам банкінің тарату конкурстық массасына ислам банкінің инвестициялық депозиті туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік қосылмайды. Тарату комиссиясы аталған мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді басқа ислам банкіне беруге тиіс.
      Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді .
      74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі
      1. Таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
      2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.
      3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:
      1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырады;
      2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы мен өтемақысын төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым бойынша берешекті, жалақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі;
      3) үшінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылатын есеп айырысуға сәйкес кепілдік берілген депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтемақы сомалары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;
      5) бесінші кезекте тек қана қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаржысы есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, олардың банктік шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектер ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
      6) алтыншы кезекте таратылатын банктің мүлкін кепілге алумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
      7) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару жөніндегі берешектер өтеледі;
      8) сегізінші кезекте басқа кредиторлармен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес есеп айырысулар жүргізіледі.
      4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
      Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
      Таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптар сомасына бара-бар бір мезгілде бөлінеді.
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
      1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.
      Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
      2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.
      Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.
      Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
      2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
      Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.
      2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
      Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.
      2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
      2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.
      Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
      4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.
      5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.
      7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
      9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi
      1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
      1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
      2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде, тарату комиссияларының анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;
      5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
      6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
      7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      9-1-тарау  Ескерту. 9-1-тарау алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
      75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
      1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
      3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
    76-1-бап. Өтпелі ережелер
      Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.
      Ескерту. 76-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
76-бап.
      Ескерту. 76-бап алынып тасталды - ҚР 1998.06.29 N 236 Заңымен.
77-бап. Уәкілетті органның iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру
      Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілуі мүмкiн.
      Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
      1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбiн бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.