Математика әлеміне саяхат
Қостанай қаласы білім бөлімінің №61 бөбекжай бақшасында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Математика әлеміне саяхат» тақырыбында балалар үшін қызықты және шығармашыл сабақ өткізілді. Бұл сабақ таным саласында, әсіресе, математика бойынша білімдерін тереңдету мақсатында арналды. Сауатты, әрі қызықты ойластырылған оқу үрдісі арқылы балаларға 10 саны көлеміндегі сан мен цифрдар туралы ұғым қалыптастыру, сонымен қатар, оларды салыстыру және теңдіктерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сабақта балаларды сиқырлы әлемге алып баратын математика ханшайымы мен шардың шынайы әсері ерекше атмосфера тудырды. Балалар, «Біздің математика патшалығымыз қиын жағдайда» деген хатты оқып, математика еліне сапар шегу үшін жұмылады. Математика ханшайымының тапсырмаларын орындау арқылы олар білімдерін арттырып, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Топта балалар бірлесе әрекет етіп, тапсырмаларды орындау барысында ынтымақтастық қалыптастыруға үйренеді.
Сабақ барысында ұсынылған тапсырмалар мен ойындар қызықты әрі әртүрлі болды. Олардың қатарында логикалық есептер, геометриялық пішіндерді құрастыру, «кем және артық» тапсырмалары бар. Балалар сандарды ретімен орналастыру, теңсіздіктерді салыстыру және арифметикалық есептерді шешу арқылы математика еліне сәтті саяхат жасады. Күннің көзін бұлттан құтқару арқылы балалардың бір-бірімен тығыз қатынаста болуы, олардың жағымды эмоция мен әсер алуына сеп болды.
Осыдан тыс кеңістікті бағдарлау, интерактивті сабақ элементтері қолданылды. Балалар парақтар мен төртбұрыштарды орналастыра отырып, өздерінің шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсетіп, көңіл-күйдерін бүлдіршіндермен бөлісті. Мұндай қызметтер баланың математикалық дағдыларын, логикалық ойлауын, танымдық белсенділігін арттырып, оқу процессінде жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.