«Сөз мерген» тіл білгірлер сайысы
«Сөз мерген» тіл білгірлер сайысы ана тілінің маңызы мен оның қоғамдағы орнын түсінуге бағытталған ерекше шара болып табылады. Бұл сайыс барысында балалардың туған тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметі арттырылып, қазақ тілінің құдіреті мен мәдениетін дәріптеу мақсатында өткізілді. Мұндай шаралар арқылы жастардың тіл тазалығына, мәдениетімізді сақтауға деген құлшынысы оянатыны сөзсіз.
Сайыс кезінде балалар араларынан ең үздік білгірлерді таңдап, олар өздерінің білімдерімен қатар, шығармашылық қабілеттерін де көрсетуді мақсат етті. Түрлі кезеңдер мен ойындарға қатысқан оқушылар «Кім жылдам?», мақал-мәтелдер жарысы, сандарды ретімен жинау сияқты жарыстарда өз шеберліктерін паш етті. Тіл арқылы қарым-қатынас орнатудың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ тілдің әрбір ұлттың қастерлі құндылығы екенін түсінуге көмектесетін бұл сайыс жастар арасында үлкен ынтымақтастықты қалыптастырды.
Аталған шара барысында балалар әдеби шығармалардан үзінділер оқып, өздерінің тілге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Қазақ тілі - біздің генетикалық кодымыз, ұлттық болмысымыз. Сайыс қысқа уақытта көптеген құнды ақпарат пен білім берді, сондай-ақ ұлттық мұрамызды жаңашаланған түрде танып білуге мүмкіндік берді. Мұндай сайыстардың мектептерде ұйымдастырылуы - жастарымыздың болашағы үшін алтын дәнекер болары сөзсіз.