- Главная
- →
- Занятия с детьми
- →
- Ы. Алтынсарин орта мектебіндегі «Ойнайықта ойлайық» оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
- →
Ы. Алтынсарин орта мектебіндегі «Ойнайықта ойлайық» оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
«Ы. Алтынсарин орта мектебінің» мектепалды даярлық сыныбында өткізілген «Ойнайықта ойлайық» атты ашық оқу іс әрекеті балалардың математикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл сабақта 4 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, ойлауға ауызша қосып-алу, геометриялық пішіндер мен түстерді ажыратуға арналған түрлі ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты - балаларды сандық есептеуге үйрету, олардың тыныс-тіршілігімен байланысты есептерді шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиеші Кайрлиева Айымгуль Серикбаевна оқушыларға қызықты, ойын арқылы білім беруге тырысты. Шаттық шеңберінде балалар үш тілде амандасып, өз көңіл-күйімен бөлісіп, сабаққа жақсы дайындықпен кірісті.
Тәрбиеші балаларға сюжетке байланысты тапсырмалар ұсынды. Мысалы, аюмен амандасып, ол әкелген тапсырмаларды шешу туралы ойын жүргізілді. Аю балаларға түрлі сұрақтар қойып, олардың жауаптарын тыңдады. Балаларды жаңа ұғымдармен таныстыру барысында дидактикалық ойындар мен логикалық есептер жүргізілді, бұл балалардың математикаға деген қызығушылықтарын оятты.
Осы процесс барысында сабақты қызықтырып, атмосфераны жандандыру үшін салыстырып, айырмашылықтарын көрсету, сергіту сәттері ұйымдастырылды. Өзара қарым-қатынас қалыптастыру, түстерді ажырату, қызықты ойындар арқылы қол жеткізілді. Бұл балалардың тапқырлығын, ізденімпаздығын арттырып, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытты.
Сабақтың соңында тәрбиеші аюға балалардың жауапкершілікпен тапсырмаларды орындағанын айтып, онымен қоштасу рәсімін өткізді. Балалар аюға алғыс айтып, оның тапсырмаларын орындағандарын қуанышпен жеткізді. Кіріктірілген әдіс-тәсілдер, ойын элементтері, топта жұмыс істеу арқылы оқу процесі жеңіл, қызықты, әрі нәтижелі жүзеге асырылды.