- Главная
- →
- Сценарии мероприятий
- →
- День защиты детей
- →
- Праздничный сценарий ко Дню защиты детей в детском саду «Ботақан»
- →
Праздничный сценарий ко Дню защиты детей в детском саду «Ботақан»
Данный документ представляет собой сценарий для проведения праздничного мероприятия, посвященного Дню защиты детей, в детском саду «Ботақан». В сценарии описаны основные моменты программы, включая приветствие героев, различные игровые и конкурсные активности, рассчитанные на детей. В качестве главных персонажей выступают известные и любимые детьми Маша, Дәрігер, Сайқымазақ и другие. Каждый из них привносит свою уникальную атмосферу в мероприятие, делая праздник незабываемым.
Начало сценария ознаменовано радостным выходом Маши, которая объявляет о начале веселья. Она вовлекает детей в игру, задавая вопросы и провоцируя на общение. Участвуя в этом интерактиве, дети ощущают себя важной частью праздника, что увеличивает их эмоциональное вовлечение. Постепенно подключаются и другие персонажи, и это создает чувство единства и веселья.
В рамках сценария предусмотрены номера с песнями и танцами, призванные развлекать детей и дарить им радость. Важной частью праздника являются интерактивные элементы, такие как выступления танцевальных групп детей, которые добавляют динамики и живости в событие. Каждый номер сопровождается яркими эмоциями, что способствует созданию положительной атмосферы.
Сценарий включает в себя и проблемные моменты, такие как потеря врачом своей медицинской сумки, что является хорошей основой для включения детей в решение задач. Это не только затрагивает тему заботы о здоровье, но и учит детей помогать друг другу. Важно отметить, что весь сценарий проходит в формате игрового занятия, что помогает детям усваивать информацию весело и непринужденно.
В завершении праздника все герои вместе с детьми подводят итоги и радуются общему успеху, объединяясь в финальном танце. Это создает ощущение завершенности и завершения праздника, оставляя у детей теплые воспоминания и желание приходить на такие мероприятия снова.
№80 «Ботақан» балабақшасының «1-маусым Балалар қорғау күніне»
арналған мерекелік сценарий
Кейіпкерлер: Маша, Дәрігер, Сайқымазақ, Бай, Минни Маус, Қуыршақ, Мальвина
Алаңға Маша көңілді шығады (музыка Маша медведь м/ф)
Маша : Бүгін мен үшін өте көңілді күн! Бүгінгі мереке көңілді әзілді болуы керек! О-о-о! Мында көп балалар жиналды. Балалар қалдарың қалай?
Балалар: Жақсы!
Маша: (саусағын бетіне қойып ойланады) Мен түсінбедім! Бұл балабақша балаларды құттықтамайма? Неге осында мейрам жоқ? Менің Аю досым осы балабақшада мереке өткізуге уәде берді. Қазір мен Аю досыма қоңырау шаламын.
Музыкамен Сайқымазақ жүгіріп шығады.
Сайқымазақ: Маша! Аю досың кінәлі емес! Мен ұйықтап қалыппын, содан үлгермедім.
Маша: Балалар міне менің Аю досым Сайқымазақты шақырды. Тақпақ, өлең айтып би билейміз ба? Мерекені бастаймыз!
Мальвина шығады.
Мальвина: Сайқымазақ сен неге мені күтпей жүгіріп кеттін. Мен саған көмектесуге уәде бердім ғой.
Сайқымазақ: Ой, сен маған не үшін көмектесуге уәде бердің? Мен осы не үшін келдім, соншама асығып жүгіріп!
Мальвина: Сайқымазақ, бүгін қандай күн екенін ұмыттың ба? Балалар Сайқымазаққа түсіндірейікші.
Номер №1. Тақпақтар.
1. Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
2. Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
3. Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау, алақай
Той тойлайық балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
4. Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз.
Сайқымазақ: Қалай мен осы мерекені ұмыттым?! Ол менің сүйікті мерекем. Мен балалар күнін, балаларды өте жақсы көремін.
Кейіпкерлер біреудің жылап отырған даусын естиді.
Сайқымазақ: Неге жылап тұрсын.
Мальвина: Ол мен емес, ол Маша!
Маша: Мен жылап тұрған жоқпын. Кәне іздейікші балалар. Кім жылап көңілсіз болып отыр?
Дәрігер шығады.
Сайқымазақ: Неге жылайсыз, неге көңілсіз?
Дәрігер: Мен емдік қобдишаны қайда ұмытып кеткенін білмеймін? Балалар ауырып жарақаттанып жатса қалай емдеймін?
Маша: Дәрігер саған көмектесуге уәде береміз. Мұңайма, бізбен кішкене көңіл көтеріңізші.
Номер №2. Номердің ортасында Минни маус, Қуыршақ шығады.
Микки Маус: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын!
Қуыршақ: Біз бірнеше балабақшаларға кіріп балаларды мерекемен құттықтап жүрміз. Сендердің көңілдерін қалай?
Балалар: Жақсы.
Минни маус: О! Біз мында жалғыз емеспіз қара Қуыршақ. Осында : Маша, Мальвина, Сайқымазақ, Дәрігер.
Қуыршақ: Дәрігер сіз неге қобалжып тұрсыз. Бүгін керемет мейрам ғой.
Мальвина: Біздің дәрігер емдік қобдишасын таба алмай жүр. Содан көңілі жоқ. Біз оған көңілін көтеріп, тауып береміз деп уәде бердік.
Қуыршақ: Мен жолда емдік қобдишаны бір есек арқалағанын байқадым.
Музыка. Артынан есекті сүйретіп, Бай шығады.
Бай: Осыны тауып алып неменеге сүйретіп жүрмін?! Босқа алдым.
Дәрігер: (жүгіріп шығып) Әне менің қобдишам! Мен қобдишамды көріп тұрмын.
Бай: Дәрігер! Тоқтай тұр. Мен сенің қобдишаңды таптым. Енді сен маған көмек көрсет.
Дәрігер: Әрине көрсетемін. Қай жеріңіз ауырып тұр?
Бай: Жоқ көңілім болмайды. Бүгін барлық жерде мереке, ал мені ешкім шақырмайды. Барлығы бір-бірін құттықтайды. Маған еш сөз айтпайды.
(кейіпкерлер жиналып ақылдасып сөйлеседі)
Минни Маус: Менде ой келді. Қараңдаршы жанымызда өте көп және өнерлі балалар. Мүмкін біз олардан көмек сұраймыз.
Хормен: Балалар бізге көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Сайқымазақ: Қазір Бай сенің көңіліңді көтереміз.
Маша: Маған жана-ғана тәрбиеші апайларың сендердің өнерлеріңді айттып жазып берді.
Қуыршақ: Кәне, мен қарайыншы. О, мында Көңілді қуыршақпыз деген ән бар. Орындайтын Қонжық тобы.
Номер №3. Көңілді қуыршақпыз.
Сайқымазақ: Қандай керемет қуыршақтар! Минни маус саған ұнады ғой?
Минни Маус: Иә ұнады. Бірақ мен балалармен ойын ойнағым келіп отыр. Ойын ойнатайықшы Бай?
Бай: Ойын қызық болса ойнатайық.
Минни Маус: Ойын «Күн мен жаңбыр».
Бай күледі.
Маша: Сіздің көңіліңіз көтерілген сияқты. Қобдишаны бересіз бе?
Бай: Иә ұнады. Бірақ мен тағы өнерлі балаларды көргім келеді. Қобдишаны қоя тұр.
Дәрігер: Ал, келесі өнерлі балаларды мен жариялаймын. Бұл бишілер Балапан тобы.
Номер №4. Балапан тобы
Бай: Қандай керемет бишілер. Тіпті мен өзім билеп кеттім. Менің көңілім өте жақсы көтерілді. Дәрігер сен емдік қобдишаңды ала ғой.
Дәрігер: Бай саған рахмет тауып алғаныңа. Маша, Мальвина, Минни Маус, Сайқымазақ, Қуыршақ мен сіздерді ұмытпаймын. Балалар сендер өте өнерлі жақсы балақайсыңдар. Сендер болмасаңдар мен не істер едім. Ауырмай, сау болыңдар!
Бай: Мальвина мен тағы билегім келеді. Өлең қосшы, барлық балалармен ортаға шығып билейік.