Аяз Ата сыйлықтар мен хаттарды жазу күні
В данном документе подробно рассматривается программа проведения мероприятия, посвященного Новому году и основному персонажу праздника – Аяз Ата. Цель занятий – расширить знания детей о традициях и символах праздника, развить их творческие способности и художественный вкус.
Также в процессе обучения предполагается удовольствие детей от ожидания праздника. Для достижения поставленных задач в процессе работы выделяются несколько задач: увеличение знаний о Аяз Ата и зимних праздниках, развитие творческих и художественных способностей, формирование положительных эмоций от ожидания Нового года.
Подготовительная работа включает в себя просмотр иллюстраций, обсуждение новогодних традиций, написание писем Аяз Ата. Актуальными инструментами на занятиях могут выступать картинки с изображениями любимых новогодних персонажей и атрибутов, таких как елка, снежинки и новогодние игрушки.
На занятии дети обсуждают, как они собираются отмечать праздник, какие песни и стихи знают. Особое внимание уделяется созданию атмосферы радости и волшебства, где каждый ребенок может выразить свои желания и мечты в письме к Аяз Ата.
Кульминацией мероприятия становится написание писем, где каждый ребенок высказывает свои пожелания и, тем самым, становится частью новогодней традиции. Мы надеемся, что с помощью этой деятельности дети не только узнают о празднике больше, но и подготовятся к нему с лёгким сердцем и ожиданием волшебства.
«АязАтаға сыйлықтарға тапсырыс беру
және хаттарды жазу күні»
Мақсаты:
Жаңа жыл мерекесінің негізгі кейіпкері– Аяз Ата туралы білімдерін кеңейту, балалардың шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Міндеттері:
Жаңа жыл мерекесінің негізгі кейіпкері– Аяз Ата туралы білімдерін кеңейту;
Көркем және шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Балаларда Жаңа жыл мерекесінен қуаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: Жаңа жыл, Аяз ата, ақшақар туралы суреттерді қарау, Жаңа жыл мерекесіне дайындық, әке-аналарға Аяз Атаға хат жазуға тапсырыс.
Қолданатын көрнекі құралдар: Аяз Ата, Ақшақар, Аққала, шырша бейнеленген суреттер, конверт, хаттың үлгісі, безендерілген ойыншық шырша, үнтаспа.
Үлестірмелі жадығат: бала санына қарай әртүрлі ойыншықтар бейнеленген карточкалар.
Сөздік жұмыс: сыйлық, хат, Жаңа жыл.
Қостілділік компонент: сыйлық – подарок, хат – письмо, Аяз Ата – Дед Мороз.
ІС-ШАРАНЫҢ БАРЫСЫ:
І күн жартысында.
Тәрбиеші:- Балалар, біздің ең сүйікті, ең әдемі, көптен күткен мерекеміз де жақындап қалды. Бұл мерекені үлкендер де, балалар да тосып отыр. Әлемнің бүкіл елдерінде, барлық адамдар Жаңа жыл мерекесін тойлайды.
- Балалар, ал біз қалай Жаңа жыл мерекесіне дайындалып жатырмыз? (ән айтамыз, би билейміз, тақпақ айтамыз, ойын ойнаймыз).
-Балалар, біздің мерекеге келетін негізгі кейіпкерлері кім ? (Аяз Ата, Ақша-қар).
-Иә, Аяз Ата мен Ақшақар.
-Міндетті түрде не безендіріліп тұру керек? (Шырша).
Аяз Атаның суретін ілінеді.
1. Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып,
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
Ақшақардың суретін ілінеді.
-Мен Аяз Атаның немере қызымын. Жыл сайын сендерге келемін. Менің достарым – ұлпа қарлар.
Шыршаның суретін ілінеді.
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
-Балалар, біз мерекеде шырша әдемі болсын деп оны қалай безендіреміз. Шыршаға не ілеміз? (балалардың жауаптары).
Таңырқат сәті: ертерек дайындалған безендерілегн ойыншық шыршаны ашып көрсетеді.
-Міне, бізде де әдемі ойыншықтармен безендірілген шырша бар. Балалар, қане, біз жаттаған Аяз Ата, шырша туралы әндерімізді айтайықшы.
Балалар ойыншық шыршаның айналасына шеңбер жасап тұрып, әндерін айтады.
ІІ күн жартысында.
Таңырқат сәті: Аққаланы бейнесін көрсетеді.
Аққала:
Мен Аққала, ақ бала
Келіп қалдым бақшаға.
Екі көзім қап-қара,
Көргің келсе сен қара.
Аққала: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бұл балабақша ма? (Иә)
-Ендеше, мен дұрыс келіппін. Мен, балалар, Аққаламын, қыстың аязына төзімдімін, өте көңілдімін. Мен Аяз Атаның көмекшісімін. Оның қолы бос болмағынан, ол маған сендерге мына дыбысты хатты берсін деп сұрады.
Дыбысты хат тыңдалады.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа жыл мерекеде сыйлықтар-ды менен алғанды жақсы көретіндеріңді білемін. Сендер білесіңдер ме, бүгін жана жылдық сыйлықтарға тапсырыс беру күні. Мен сендердің хаттарыңды күтемін. Мен сендер мерекеге қалай дайындалып жатқандарыңды бақылап отырмын. Мерекеде кездескенше сау болыңдар!».
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін Аяз Атаға сыйлықтарға тапсырыс беру және хат жазу күні екен. Мына суретке қараңдаршы, бала не істеп жатыр? (хат жазып жатыр).
-Иә, ол да Аяз Атаға хат жазып отыр. Балалар, мен сендердің де ата-аналарына, Аяз Атаға хатты жазсыңдар деп, тапсырма бергем. Қанеки, олар не жазғаныны оқып көрейі (ертерек тақтаға ата-аналар жазған хаттар ілінеді).
-Тамаша, енді, біз де Аяз Атаға сыйлықтарға тапсырыс беріп, хат жазайық.
-Балалар, мына үстелдің үстінде әртүрлі ойыншықтар бейнеленген карточкалар жатыр. Мүмкін олардың ішінде өздерін ұнататын сыйлықтың суреті бар шығар. Сендер қазір кезекпен маған келіп, Жаңа жылға қандай сыйлық алғыларын келеді мына суреттерде тауып бересіңдер. Ал, мен оларды, сендердің аттарыңды жазып, мына үлкен конвертке салып отырамын.
Балалар карточкаларды алып тәрбиешіге береді.
-Жақсы. Сендер әлі кшікентайсыңдар, жазуды білмейсіңдер. Сендердің аттарынан Аяз Атаға хатты мен жазайын.
«Сәлеметсің бе, құрметті Аяз Ата! Мына конвертте біздің «Балдырған» тобына келетін балалардың сыйлықтарға деген тапсырыстары бар. Біздің балалар әндерді, тақпақтарды жаттап, би үйреніп, Жаңа жыл мерекесіне дайындалып жатыр. Өтінемін осы топтың балаларының тапсырыстарын орындап берші.
Балалардың тәрбиешісі Гульнар Ибраевна».
Тәрбиеші: -Қазір мен хатты конвертке салып жапсырып қояйын. Енді сыртына Аяз Ата тұратын мекен-жайын жазайық (конверттің сыртына жазу жазады).
-Мына конвертті Аққалаға берейік. Ол оны Аяз Атаға апарып берсін.
-Аққала, мына конвертті алып, оны Аяз атаға тез жеткіз. Біздің балалар Жаңа жылда сыйлықтарын алуға үлгерсін.
Аққала: Жақсы балалар. Мен оны Аяз атаға тез жеткізейін. Сау болыңдар! Жаңа жылда кездесеміз.
Тәрбиеші:-Міне, балалар, Аяз Атаға хатты жазып, кімге қандай сыйлық керек екенін айттық. Енді Жаңа жыл мерекесін тосып, Аяз Ата сыйлықтарға тапсырымыз орындалады деп үміттенейік.