Күз бейнесіндегі ана мен бала
Күздің келуімен табиғатта ерекше өзгерістер орын алады, бұл кезең аналар мен балалар үшін жаңа сабақтар мен қуаныштарға толы.
Мақсатымыз - күз мезгілінің байлығын, молшылығын, берекесін балалардың санасына жеткізіп, үлкендерді сыйлауға, оларға құрмет көрсетуге баулу. Ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы қоғамымыздың негізін құрайтын отбасылық құндылықтарды арттыру.
Сайыс алдын ала дайындық жұмыстарынан басталуда. Тәрбиешілеріміз балаларға күз туралы өлеңдер мен жұмбақтар дайындап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауда. Әр топтың қатысушылары өздерінің таланттарын көрсетіп, күздің көрінісінде өз өнерлерін ортаға салады.
Сайысымызда бірнеше кезеңдер қарастырылған. «Таныстыру» кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, кейін келе «Өнерің өрге жүзсін» кезеңінде өз өнерлерін көрсетеді. Әр бала күз жайлы шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, олар күздің сары, алтын түстерін, байлықтарын жырлап, мәтіндер жазады.
Сайыс барысында балалардың белсенділігі мен шығармашылығы ерекше бағаланады. Аналар балаларына қолдау көрсетіп, бірге өнер көрсетеді. Күз бейнесіндегі дефиле кезеңінде қатысушылар күзгі сән үлгілерін таныстыру арқылы өздерінің шығармашылығын көрсетеді. Ата-аналар мен балалардың арасындағы байланыс, сыйластық, достық қатынастар нығайып, тәрбиенің маңызы арттырылады.
Осылайша, күз бейнесіндегі ана мен бала сайысы балалардың шығармашылығын, коллективтілік қасиеттерін дамытуға зор ықпал етеді. Бұл - біздің бала тәрбиесінде, олардың дамуына үлкен үлес қосатын тамаша мүмкіндік.