Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Тәуелсіз Қазақстаным - Ертеңгілік бағдарламасы

Тәуелсіз Қазақстаным - Ертеңгілік бағдарламасы

Демеева Акжайык Ибрагимовна
Демеева Акжайык Ибрагимовна
DOC
122
0

«Балауса бөбекжайы» МКҚК представит уникальное мероприятие «Тәуелсіз Қазақстаным», которое посвящено независимости Казахстана. В рамках этого события, дети смогут узнать о величии своего народа и его героев. Мы стремимся воспитать у детей чувство гордости за свою Родину и её достижения.

На мероприятии будут исполняться стихи, песни и танцы, отражающие любовь и преданность своей стране. Мы расскажем о значимых событиях в истории Казахстана, таких как Желтоқсан оқиғасы, где проявилась смелость нашей молодежи, стремящейся к свободе и независимости.

Наши воспитанники выступят с рассказами о символах Казахстана, как флаг, герб и гимн, и мы будем гордо петь наш Әнұран. Дети продемонстрируют свои творческие способности, исполняя патриотические песни и танцы, вдохновленные историей и культурой Казахстана.

Мы уверены, что такое мероприятие поможет детям не только лучше понять свои корни, но и научит их уважать и ценить свою страну. Наша цель - создать атмосферу единства и любви к родной земле, ведь именно от них зависит будущее нашего Казахстана.

Предпросмотр

«Балауса бөбекжайы» МКҚК







Ертеңгілік
« Тәуелсіз Қазақстаным »
(Бәйтерек тобы)





Дайындаған : Демеева Ақжайық.



2015жыл.
«Тәуелсіз Қазақстаным»
Мақсаты: Тәуелсіздіктің бастауы болған желтоқсан оқиғасының маңыздылығы туралы
балалардың білімдерін одан әрі жетілдіріп, өз Отанының батырларын мақтан тұта
білуге,елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Балалардың танымдық танымын
кеңейтіп,Отанға деген сүйіспеншілігін,туған жерімен елін сүюге,оны қорғай білуге
тәрбиелеу. Ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөз қорларын дамыту.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен балалар.Бүгін «Тәуелсіз Қазақстаным» атты ертеңгілігімізде Отанымыз,туған еліміз туралы тереңірек түсінетін боламыз.
Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімен күн түрілген


Балалар «Земля Казахстана» әнімен көрініс қоя залға кіреді.
Слайд: «Қазақстанды таныстыру»
Жүргізуші: Балалар,біз қай елде тұрамыз?
Балалар,біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
Олар ­біздің Елтаңба,Туымыз,Әнұранымыз.
Әнұран орындалады.
Тақпақтар:
Бекзат
Уан эмаң кантриз
Нэйтив ланд мазі
Нэйтив ланд юневерс
Нэйтив ланд Казакстан
Дамир:
Май флаг из блу
Май флаг из брайт
З еллоу сан
З блу-блу скай
Анді з игл из флайз хай
Гүлжайна:
Президент ауі кантри
Хаз мэни джобс ту ду
Хи гивс элот оф спичес
Энді хелпс ауі пипл ту
Ән: Елтаңбасы елімнің.


Би: Туған жер.


Слайд: Тәуелсіздік күні.


Балалар бұрын біздің еліміз Кеңестер Одағының құрамында болды. Біздің ата бабаларымыз ешкімге тәуелді болмай өз алдына бөлек ел болуды армандаған болатын.Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің құру үшін көптеген тер төгілді,яғни аға апаларымыз «білектің күшімен,найзаның ұшымен» өздерінің «жанын қиып бізді осы күнге жеткізді. 1986 жылы ызғарлы желтоқсанның 16 да Қазақстан жастарының көтерілісі болды.Желтоқсан көтерілісінде Ләззат,Қайрат,Ербол сияқты жастарымыз ерлік көрсетті. Сөйтіп 1991жылы 16 желтоқсанда еліміз өз тәуелсіздігін алды.Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел болып жарияланды.Содан бері Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз,көпұлтты мемлекет.Отанымыздың бас қаласы Астана.
Тақпақтар:
Аниса
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше болып мәңгілік,
Ел жадында қалған күн


Ерасыл:
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан



Ән: Жаса Қазақстан.


Тапақтар:
Сабрина:
Туған жерге нұрын шашып,
Қуаныш пен бақыт алып кел.
16 желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.
Ақтоты:
Жайнаған сансыз қаласы,
Айқалған жомарт даласы,
Ол Отан біздің кең байтақ
Отанның біздер баласы.


Жүргізуші: Тарих парақтарына көз жүгіртер болсақ,еліміздің бірлігін сақтаған үш кемеңгер дүлдүлдердің бірі Қазыбек би айтқан екен: «Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз,дәм тұзды ақтай білген елміз.»


Мақалдар: Инабат; Кәусар

  1. Туған жер тұғырың

  2. Туған ел қыдырың.


  1. Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.


  1. Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.


  1. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

  2. Туған жердің түтіні де күйесіз.


Тақпақтар:
Раушан:
Цвети,расти наш Казахстан
Страна моя Родная.
Тебя мы славим всей землей
От края и до края.


Әлішер:
Алматы жері жайсаң облыс.
Ақтөбе өлке ақ тарысы мол ырыс.
Атырау мол Қазақстан мұнайы.
Жезқазған кен бұзылмаған қаймағы.
Қарағанды қара алтынның қоймасы.
Қостанай құт қызыл бидай қамбасы.


Гүлмаржан:
Қызылорда күріштің Сыр ағасы.
Павлодар қара Ертістің сағасы.
Талдықорған жер жаннаты көл бағы.
Ақмола Арқадан астық алқабы.
Шымкент ыстық оңтүстігім мақталы.
Маңғыстауым әулиелі қасиетті мекенім.



Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Сендер елін,жерін құрметтейтін,адамгершілігі мол,өз Отанын сүйетін азамат болуға тиіссіңдер.Өйткені Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер.


Ән: «Қазақ елі осындай»