Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. «Ер Төстік» ертегісі: қазақ мәдениетінің айнасы

«Ер Төстік» ертегісі: қазақ мәдениетінің айнасы

Піралі Лаззат Сулейменкызы
Піралі Лаззат Сулейменкызы
DOCX
243
1

Бұл материалда оқушыларға қазақ халқының аңыз-ертегілері арқылы тәрбие мен білім беру әдістемесін қарастырамыз. «Ер Төстік» ертегісін талдау арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру секілді маңызды бағыттарға назар аударамыз.

Сабақтың мақсаты - балалардың қазақ мәдениетінің байлығымен танысу, соның ішінде балаға жақын аңыз-ертегілер әлемімен таныстыру. Оқушылар ертегі әлеміне саяхат жасап, шығарманың айтар ойын, негізгі мазмұнын түсінуге үйренеді. Сонымен қатар, сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсаты көзделген.

Тәрбиелік мақсатында, ғасырлар бойы халқымыздың аузында сақталып келген ертегі кейіпкерлерінің бірі «Ер Төстік» арқылы, ізгі қасиеттерді, достық, өзара көмек, адалдық секілді құндылықтарды үйретеміз. Оқушылар бойында осы асыл қасиеттерді қалыптастыру арқылы, оларды болашақта жақсы азамат болып өсулеріне ықпал етеміз.

Дамытушылық тұрғысынан, оқушылардың жоспар құру, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту бойыншабасым бағыт берілетін болады. Сабақ барысында топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, «болжау стратегиясы», Венн диаграммасы сияқты әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру қарастырылады.

Вам будут интересны эти конкурсы: