Й дыбысы мен әрпі: Оқу іс-әрекеті
Данный документ представляет собой методическое пособие для учителей, занимающихся обучением детей чтению и письму. В центре внимания - знакомство с буквой и звуком «й», что является важным этапом в развитии речевых навыков у детей. Педагогическая деятельность охватывает разные аспекты обучения: физических, игрушечных, текстовых, что помогает создать целостный учебный процесс.
В ходе занятия дети услышат рифмы и стихи, где встречается звук «й». Это позволит не только фокусироваться на звуке, но и развивать слуховую память и внимание. Занятие включает активные методы: обсуждение, участие в играх, выполнение заданий, связанных с анализом слов, что делает процесс обучения интерактивным и увлекательным.
Одной из целей обучения является не только изучение звука, но и развитие способности детей к анализу и синтезу слов. Это достигается через выполнение упражнений на слуховое восприятие и работу с буквой в письменной форме. Методические рекомендации помогут педагогам организовать занятия наилучшим образом и сделать процесс обучения максимально эффективным и интересным для детей.
Достанова Санимай Туелбаевна
Пәні: сауат ашу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау арқылы балалардың ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
II. Негізгі бөлім.
Педагог оқу іс-әрекетін й әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастайды.
Бұл й-дің сөз басында
Болмайды көп керегі.
Йог пен йодтың расында
Алдында тек келеді.
Соңында ол «ай»-дың да,
Соңында ол «тай»-дың да.
Тұрады ол ортада
«Айбын» менен «Айдын»-да. Өлеңнен й дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу: йог, йод, ай, тай, Айбын, Айдын. Буынға бөлдіру. Дыбыстың талдау жасау. И дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.
Әліппе-дәптердегі йогурт, айран, қой сөздеріне дыбыстың талдау жасату.
И дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында келетіндігін ұғындыру және балалардың өздеріне мысалдар келтірту.
И әрпінің баспа түрімен таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Әліппе-дәптердегі сөздерді оқыту. Иогурт, айран, қой сөздерін оқытып, ондағы й дыбысының
орнын ажыратқызу. Й дыбысының сөздегі орнын меңгерту. Өткен дыбыстармен й дыбысын қатыстырып, сөз құрастыртып оқыту. Хормен қайталап оқыту.
Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық,Бір, екі, үш,деп Орнымызды табайық.(Қимылмен көрсетеді).
й әрпінің баспа түрін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосу арқылы жазғызу. Бас және кіші әріптерін жазғызу.
3. Суретті ребусты шешу.
Жауаптары: айна, тай. Айна, тай сөздерінде й дыбысының сөздің қай буынында кездесіп тұрғанын тапқызу.
Өзіндік жұмыс: бос торкөздерге й дыбысы кездесетін сөздерді жазғызу.
III. Қорытындылау.Балалар бір-бірден үстел үстіндегі әртүрлі суреттердің ішінен й дыбысы кездесетін заттың атын атап, суретін тақтаға іледі.
1.Балаларды екі топқа бөліп, й дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіргізу. Қайсы топтың балалары көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.Й дыбысы кездесетін сөздерге дыбыстық талдау жасайды, оларды буынға бөледі.