Ер есімі – ел есінде: балалардың патриоттық мерекесі
«Ер есімі – ел есінде» атты мерекелік шара балаларды Отанға, елге деген сүйіспеншілікті, ерлік пен батырлықты қадірлеуге тәрбиелеуге арналған. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар еліміз үшін күрескен батырлардың ерлігін еске алып, оларды мақтан тұту.
Мереке ерекше атмосферамен басталды. Зал мерекеге сай безендіріліп, балалар жалаушалармен музыка ырғағында залға кірді. Жүргізуші қауымға ардагерлер мен балаларға арналған құттықтау сөздер айтты. 9 мамыр – Жеңіс күні, қазақ халқының ерлік тарихын насихаттау үшін жыл сайын атап өтетін маңызды дата. Осы күні халық соғыс кезінде көрсетілген батырлықты еске алады.
1941 жылы, фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасаған кезде, қазақ батырларының батыры, соғыс ардагерлері өз халқының ерлігін дәлелдеп, Отаны үшін жанын берді. Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова секілді батырларымыздың ісі ұрпаққа үлгі өнеге. Мерекенің бір бөлігі ретінде балалардың тақпақтары мен әндері орындалды, бұл да ерлікті, жеңісті тойлаудың маңызды белгісі.
Шара барысында «Жеңіс туы желбіреп» және «Жеңіс тойын тойлаймыз» әндері шырқалды. Сахнада балалар бейнесі арқылы еліміздің ерлерінің ерліктерін, патриоттық рухын, соғыс кезіндегі қасіретті еске алды. Тақпақтар мен әндер арқылы олар тарихты ұмытпай, мәңгілік есте сақтаудың маңыздылығын жеткізді.
Мерекелік шарада баланың бойындағы патриотизм, ерлік, батылдық және Отан сүйгіштік қасиеттерін дамытуға бағытталған баянды идеялар, тәрбиелік мәні жоғары іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Міне, осындай іс-шаралар арқылы болашақ ұрпақты патриотизмге, елге, Отанға қызмет етуге тәрбиелейміз.