Наурызым - мерекем!
Наурыз - это удивительный праздник, который отмечает приход весны и новое начало. Этот день не просто переход к другому времени года, но и символ единства и возрождения. Наурыз в казахской культуре имеет глубокие исторические корни и остается важной частью национальной идентичности.
Традиции, связанные с Наурызом, охватывают широкий спектр обычаев, включая подготовку национальных блюд, такие как Наурыз көже, и проведением различных мероприятий, направленных на сплочение общества. Этот праздник служит поводом для сближения с близкими и друзьями, для обмена добрыми пожеланиями и надеждами на будущее.
Наурыз - это не только время отдыха и развлечений, но и время учиться и передавать мудрость предков. Каждое поколение обязано сохранять и развивать культурные традиции, чтобы их значимость не потерялась. В этом году проводятся различные мастер-классы и презентации, которые дают возможность лучше узнать казахскую культуру.
Мы приглашаем вас присоединиться к празднованию этого крепкого и теплого праздника, который объединяет сердца и умы. Пусть Наурыз принесет радость, здоровье и достаток во все дома, а также станет моментом для размышлений о значении традиций в нашей жизни.
Не забывайте, что в Наурызе важна не только еда и веселье, но и глубокая связь с нашими корнями. С каждым праздником мы укрепляем нашу идентичность и уверенность в завтрашнем дне. Поздравляем всех с Наурызом и желаем счастья и благополучия!
Сабақтың тақырыбы: Наурызым - мерекем!
С/м:Наурыз мейрамы жайлы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету,оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп,имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу
С/к:слайдтар,наурызға байланысты нақыл сөздер.
Мұғалім сөзі:Армысыздар ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Бүгін Ұлыстың ұлы күні.Ақ тұйенің қарны жарылған күн.Наурыз-“Жаңа күн” деген сөз.Бұл күн-біздің ата-бабаларымыздың,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.Олай болса,наурыз тойымыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын!Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған “Наурызым мерекем”атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-ж: Уа,халайық,халайық,
Ақ сандықты ашайық.
2-ж: Бұл мереке,бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
1-ж: Наурыз-көктем мерекесі.
Наурыз-жыл басы.
Наурыз-жаңа серпін,жаңа леп.
2-ж: Наурыз-қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-ж: Наурыз-шаруаның мерекесі
Наурыз-еңбек мерекесі
2-ж: Армысыздар,халайық,
Бармысыздар,халайық
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1-ж: Ал,халайық,тұрмайық,
Әндетелік жырлайық
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жылдан шашу шащайық!
Ән «Наурыз-көктем»
1 оқушы: Қыс кетіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
2 оқушы: Әнім де саған,білім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде,Наурыз,күлімде.
3 оқушы: Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр-аңыз.
Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!
Би
4 оқушы: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін
Жүрегі елдің жылысын.
5 оқушы: Наурыз-достық,Наурыз-күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн
Жалғасып ғалам тірлігі.
2-ж: Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ұлт дәстүрін білмесек,
Жұрт айтады надан деп.
1-ж: Бауырласқан жанымыз,
Бұзылмасын антымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз,-деп кезекті салт-дәстүрге береміз.
(2анаға 2 ырымды жасатамын)
“Бесікке салу”
“Тұсау кесу”
2-ж: Қазақтың салт-дәстүрімен бірге ұлттық ойындар да бар.
1-ж: Иә,”Қыз қуу”,”Арқан тартыс”,”Көкпар” және басқалар.
2-ж: Ендеше кезекті ұлттық ойындарға береміз “Қыз қуу”,”Арқан тартыс”.
1-ж: Тілім барда қазағым бар,халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы,салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар.
1-ж: Білесің бе? Наурыз тойының өзіне тән ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көжені қалай дайындайтынын әжеміз айтып бермек.
Әже: Ашық болсын қас-қабақ
Бейтаныс та,таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа,бидай,тары бар,
Қатық,малта ағы бар
Ішілетін,жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
( Наурыз көже таратылады )
Ән: Алақай наурыз.
2-ж: Ниет,ықылас білдіру
Әр адамға аманат
Ата-баба дәстүрі
Батаны біл жамағат.
1-ж: Ата,”Батаменен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер”деген халқымыз,мына отырған көпшілікке ақ батаңызды беріңіз.
Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
4 түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін,
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Бастарың аман болып,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!
2-ж: Қашанда құт береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салты елімнің.
Уа,халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын,жамағат,ақ тілеуің!
1-ж: Құттықтау сөз кезегін апайларға,ата-аналарға береміз.
Тәрбиеші: Құрметті көрермендер,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты-ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көнермейтінін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту.
“Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар”демекші,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін,тілінің салт-дәстүрлерінің жанашыры болатынына сенеміз!
2-ж: Осымен "Наурызым - мерекем "атты тәрбие сағатымыз аяқталды.