Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!

Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!

Мукатова Галия Маратовна
Мукатова Галия Маратовна
DOCX
238
3

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің айрықша символы, ол біздің егемендігіміз бен отаншылдығымызды білдіреді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мемлекеттік рәміздер - бұл біздің мемлекетіміздің біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі» деген сөзі мемлекетіміздің симвулдарының маңызын ашады. Тәуелсіз елдің ұрпағы мемлекеттік рәміздерді бала кезден біліп, отаншылдық сезімде тәрбиелену қажет. Осы орайда, мектептерде ұйымдастырылған оқу іс-шараларының атқарар рөлі ерекше.

Мектептерде «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-шарасы өткен болатын. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – 4-5 жастағы балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оқу іс-шарасы әнұранмен басталып, балалар жүрек тұстарына қолдарын қойып, шын жүректен Отанға деген сүйіспеншілікпен орындады.

Балаларға «Отан» сөзінің мағынасын түсіндіріп, Қазақстан Республикасының туып-өскен жері екендігі туралы ақпарат берілді. Еліміздің Елбасы, қазақ тілі мен Астана қаласына арналған слайдтар көрсетілді. Рәміздердің ерекшеліктері мен қолдану орындары талқыланып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай «Тәуелсіз қазақ елі» атты видиофильм көрсетілді. Осылайша, мемлекеттік рәміздер баланың көкірегінде патриоттық сезімді оятып, олардың еліміздің болашағын қорғауға деген жауапкершілігін арттыру үшін сайн рөл атқарды.

Вам будут интересны эти конкурсы: