Бақтағы жемістер мен көкөністер: Геометриялық пішіндермен танысайық
Бұл документте балалардың геометриялық пішіндермен танысуы және оларды қоршаған әлеммен байланыстыруы туралы айтылған. Біздің басты мақсатымыз - үшбұрыш, шаршы мен дөңгелек сияқты геометриялық пішіндерді тереңдетіп зерттеу. Балалармен бірге біз әртүрлі стереотипті пішіндермен жұмыс істеп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ашамыз.
Дәріс барысында біз балаларды тақырыпқа қызықтыру үшін түрлі визуализациялар мен интерактивті тапсырмалар қолданамыз. Мысал ретінде, «Бейбітшілік гүлдері» тілек шеңберімен бастай отырып, балаларды шеңберге жинап, оларға гүлдер тарату қарастырылған. Гүлдер арқылы біз балалардың тілектерін бір-біріне білдіріп, достық атмосферасын құратынымызды көрсетуге тырысамыз.
Содан кейін, Алладиннің ертегілері арқылы біз геометриялық пішіндермен танысып, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған қызықты тапсырмалар ұсынамыз. Кілемше мен тесіктерді санау, геометриялық пішіндерді анықтау – осының бәрі балалар үшін жаңа білімнің көзі болып табылады.
Балалар алған білімдерін қағаз бетінде визуализациялағаннан кейін, оларға сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салуға шақырамыз. «Бұл қандай пішін?», «Оның түсі қандай?», «Біздің бүгінгі сабағымыз қалай өтті?» – осындай сұрақтар арқылы балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүргізіледі.
Дау-дамайсыз, геометриялық пішіндер мен құрылымдардың айналасында дәріс беру балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ формаларды дұрыс анықтау мен өзара салыстыруға көмектеседі. Біз бұл сабақ арқылы балалардың мектебіне пайдалы дағдыларын дамытуға тырысамыз.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: Қарапайым мкатематикалық ұғымдар
Тақырыбы: Бақтағы жемістер мен көкөністер(геометриялық пішіндер)
Мақсаты:
-геометриялық пішіндер (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы ұғымдарын тереңдету
-олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратып, салыстыру.
-ақыл-ой белсенділігін дамыту
-қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды таба білу қабілеттерін арттыру.
Блингивтік компонент: шаршы-квадратүшбұрыш-триугольникдөңгелек-круг
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек), кілемшенің суреті;
Балаларды шеңберге жиып гүлдер таратып беру.
-балалар бұл сиқырлы гүлдер, ол біздің барлық тілектерімізді орындайды. Сондықтан бір-бірімізге жылы лебіздер, тілектер айтып құмыраға салайық. Құмырадағы гүлдер біздің топқа жылу сыйлап, қуанышқа бөлейді.
Балалар есікті біреу қағатын сияқты. Естідіңдер ме? Бұл кім екен балалар?
-Сендер оны танисыңдар ма?
-Қайдан көрдіңдер?
Балалар, ол бізге жай келмепті, көмек сұрай келіпті. Ұшатын кілемшесін тышқандар кеміріп тесіп тастапты.Енді Алладин сиқырлы кілемшесін жамап берулеріңді сұрап тұр. Қалай қарайсыңдар, біз оған көмектесейік пе?
Алдымен біз бірінші геометриялық пішіндермен танысып алайық. Геометриялық пішіндерді сипаттау, салыстыру.
-Балалар, бұл қандай пішін?
-Түсі қандай?
-Оның бұрыштары бар ма?
-Үшбұрышты орысша қалай атаймыз?
-Бұл қандай пішін?
-Түсі қандай?
- Шаршының орысшасы қалай?
-Бұл қай пішін?
-Түсі қандай екен?
-Оның бұрыштары бар ма?
-Орысша калай атаймыз?
Өте жақсы балалар! Енді біз Алладинге көмектесе аламыз. Ол үшін алдымен кілемшедегі тесіктерді санайықшы. Енді берілген пішіндерді формасына қарай сәйкес тесіктерге орналастырамыз.
-сен қандай пішін алдың?
-Оны қайда орналастырасың?
-Не себепті ол жерге жапсырдың?
-Біз не істедік?
-Кілемше жамалды ма?
Алладиннің ертегілер әлеміне қайтатын уақыты болды. Ол сендердің арқаларыңда өзінің кілемшесімен қайтатын болды. Сендер көп-көп рахмет айтты.
Сергіту сәті:
Бұғының үйі үлкен
Ол әйнектен қарады
Қоян келеді жүгіріп
Есікті тарс-тарс қағады
Тарс-тарс есік аш
Орманда бір аңшы бар
Қоян, қоян келе гой
Қолыңды маған бере гой
Д/О: «Жемістер мен көкөністер қандай пішінге ұқсайды?»
-Балалар, бізге кім қонаққа келді?
-Біз оған қалай көмектестік?
-Қандай геометриялық пішіндермен таныстық?
-Балалар осы бөлмеде геометриялық пішіндерге ұқсайтын заттар бар ма?
-Қандай ойын ойнадық?
-Сендерге ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар! Ендеше бір-бірімізге қол соғайық.
Балалар тілектерін айтып, гүлдерді құмыраға салады.
Алладин
Иә, көмектесейік
Үшбұрыш
Көк
Бар
Триугольник
Шаршы
Сары
Квадрат
Дөңгелек
Қызыл
Жоқ
Круг
Балалар тесіктерді санайды. Сәйкес пішіндерді таңдап, кілемшені жамайды.
Қолдарын жайып алдыға созады
Терезенің формасын жасап қарау
Қоян секілді секіру
Мылтық ұстаған аңшыны келтіреді.
Қоянның құлағын келтіру
Алақанды бір-біріне соғу
Үстел, доп, терезе, шкаф