«Мамандығым - мақтанышым»! Эссе тәрбиеші ретінде кәсіби маңыздылығым
Әрбір адам өмірінде өз мамандығын құрметтей білуі тиіс, ал мен үшін «тәрбиеші» деген ат өмірімдегі ең қастерлі әрі маңызды сана. Тәрбиеші болып қызмет атқару - балғындардың болашағы үшін жауапкершілікпен жүрер жол екенін түсіне отырып, мен өзімді осы өскелең ұрпақтың сапалы тәрбиесіне арнадым. Балалардың қызықты әлеміне еніп, олардың әрбір күлкісінде, қуанышында шынайы бақыт табамын.
Менің жұмысым «№ 3 Айналайын бөбек-бақшасында» санаторлық интернат түрінде жүзеге асады. Мұнда мен балалардың денсаулығын нығайтып, оларға дұрыс тыныс алу жаттығуларын, жалпақ табаннан сақтану жолдарын үйретемін. Әрбір жаттығу барысында балалардың шаттық күлкісін есту мен үшін үлкен қуаныш. Біздің мектептің басты мақсаты – балаларымыздың болашағын жарқын ету, оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Тәрбиеші ретінде менің міндетім балалардың зияткерлік және тұлғалық дамуында үлкен рөл атқару. Біз әр баланы тек дарынды емес, сонымен қатар, білімді, мейірімді, еңбекқор азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай атамыздың сөзі менің педагогикалық ұстанымымның негізі. Мен әр жолы жаңа білім мен қызықты әдіс-тәсілдермен тәжірибемді байытуды мақсат етемін, себебі тәрбиеші болу - тек қана білім беру емес, адамның жүрегіне жол таба білу өнері.
Cоңында, мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Балалардың мейіріммен қараған көздерінде мені шабыттандырады. Әрбір бүлдіршіннің жетістігі мені өте қуантады. Менің жүрегімде тәрбиеші болуға деген шексіз сүйіспеншілік бар, сондықтан да мен осы мамандықтың иесі ретінде бар күшімді салып, балаларымды биік белестерге жетелеп, олардың болашағын жарқын ету үшін еңбек етемін.