Сабақ жоспары: «Үйде кім бар?» - отбасы туралы
В данном материале представлено занятие для дошкольников, посвященное теме «Отбасы» и вопросу «Үйде кім бар?». Цель урока заключается в расширении словарного запаса детей, освоении структуры предложений и развитии навыков связной речи. Урок включает в себя элементы игры и интерактивные подходы, что способствует интересу и вовлечению детей в учебный процесс.
Занятие начинается с создания позитивной атмосферы, где педагог привлекает внимание детей и настраивает их на рабочий лад. Важно провести организационный момент, чтобы каждый ребенок почувствовал себя частью группы и желал делиться своими знаниями. Через игру и музыкальные элементы дети запоминают новые слова и выражения, а также учатся работать в команде.
Основной акцент делается на взаимодействии детей с новым материалом через диалоги и практические задания. Педагог использует наглядные материалы, такие как картинки с изображением членов семьи, что помогает визуализировать тему и закрепить знания. Также важно развивать умение детей формулировать ответы и задавать вопросы, что обогатит их коммуникативные навыки и сделает занятия более насыщенными.
В заключение урока формируется игровая ситуация, в которой дети могут проявить свои знания на практике, отвечая на вопросы о членах семьи. Чувство соревновательности и индивидуальная активность помогают детям еще больше усвоить материал. Также важно создать обстановку доверия, чтобы каждый ребенок мог свободно выражать свои мысли и идеи. Таким образом, урок обогащает знания детей о семье и укрепляет образовательный процесс.
Даярлық тобына арналған
Білім беру саласы: «Қатынас», «Денсаулық»
Бөлім:«Қазақ тілі»
Тақырыбы: Үйде кім бар?
Мақсаты: «Отбасы» тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейту,
үлгі бойынша сөйлемдер құрап айтуға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу әрекетін дамыту.
Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреті, үй суреттері, екі орамал.
Жаңа сөздер:үйде кім бар?
Билингвалды компонент:үйде кім бар? – кто есть в доме?
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім балалармен шаттық шеңберін құрып, балалардың іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аударады.
Балалар, көңілдерің қалай?
Жақсы!
Менің де көңілім өте жақсы.
Армысың алтын күн,
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым,
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз тату болайық.
Жылуды алып жүрекке басайық,
Жүректен алып достарымызға үрлеп жіберейік!
Ал, Жандостың көңілі онша емес. Өйткені,
ол бір сұраққа жауап бере алмай тұр. Ал сұрақ мынандай: Үйде кім бар?
(Кто есть в доме?) Жандосқа көмектесеміз бе?
Иә, көмектесеміз.
Тамаша. Біз бүгін, осы сұраққа жауап беруге үйренеміз және
Жандосқа көмектесеміз. Орындықтарға отырыңдар балалар.
Оқу ережесін есімізге түсірейік. (балалар педагогпен бірге оқу ережесін қайталайды)
Суретпен жұмыс:
Міне, мынау нелер тұр?
Үйлер тұр.
Үйде кім бар? Үйде ана бар. Ильяс, сен қайтала.
София, толық жауаппен айтшы, мынау үйде кім бар?
Үйде ата бар. Арина қайтала.
Екінші үйде кім бар?
Үйде аға бар. Рита сыбырлап айтшы.
Мынау үйде кім бар?
Үйде әже, әке бар. Платон, анық айтшы.
Оларды барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
Отбасы.
Әрине солай. Отбасы мүшелерін санап көрейік.
Саусақ гимнастикасы:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық бәріміз!
Бас бармақ - атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортаң терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен!
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!
Ойнауды жақсы көресіңдер ме?
Иә, жақсы көреміз.
Ендеше орындықтарға отырып, әрқайсысын үйде екенін елестетіңдер.
Ал мен сұрақ қоямын.
Балалар орындықтарға отырып, қолдарымен шатыр жасап, үйде екенін елестетеді. Педагог әр балаға барып:
Үйде кім бар?
Үйде Настя бар. Дұрыс айттың.
Үйде кім бар?
Үйде Ярослав бар. Жақсы айттың.
Үйде кім бар?
Үйде Саша бар. Қалай қызықты.
Міне, қаншама үй тұрғындары бар екен! Үйде ата-аналарға
көмектесесіңдер ме?
Иә, көмектесеміз.
Кәне, бәріміз жұмыс істеп көрсетейік.
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң тозанды қуамын.
Жұмыскер екенсіңдер!
Қорытынды:
Ойын: «Киіз үй»
(Екі орындықтың үстінде орамалдар. Балалар екі топқа бөлініп, шеңбер жасап тұрады. Айтылған сөздерден кейін, орамалды көкке көтеріп, шаңырақ құрайды. Педагог бірінші киіз үйге барып, «киіз үйде кім бар?» деп сұрақ қояды)
Балалар есте сақтаған сөздерді айтады.