Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Технологическая карта организованной учебной деятельности: Моя семья

Технологическая карта организованной учебной деятельности: Моя семья

Наукина Шынар Адылхановна
Наукина Шынар Адылхановна
DOC
305
4

Технологическая карта организованной учебной деятельности является важным инструментом для педагогов, желающих эффективно организовать занятия для детей. В данном материале рассматривается тема «Моя семья», которая помогает маленьким обучающимся понять свою идентичность через призму семьи. Изучая информацию о родственниках, дети не только развивают свой словарный запас, но и учатся взаимодействовать с окружающими.

На первом этапе урока «Мотивационно-побудительном» мы создаем уютную атмосферу, где детям предлагается рассказать о своих семьях. Используя стихотворения и вопросы, педагог настраивает детей на обсуждение их переживаний и чувств, связанных с семьей. Это важно, чтобы дети чувствовали себя вовлеченными и желали делиться своими знаниями и эмоциями.

Следующий этап касается игровой деятельности, на которой дети активно участвуют в различных играх и конкурсах, направленных на изучение состава их семей и помощь в осознании значимости каждой личности в доме. Игры формируют у детей желание дружить с близкими и помогают развить навыки работы в группе, что также является значимым в процессе обучения.

Словарная работа, подготовленная для детей, включает в себя ключевые слова, такие как «отбасы», «ата», «ана» и другие. Это позволяет не только расширить их знания, но и задействовать двуязычные компоненты, что создает дополнительную ценность для понимания материала. Главная цель – показать, как важно заботиться о своем окружении и поддерживать свои близкие отношения с родными.

Особое внимание уделяется культурным традициям и воспитанию уважения к старшим. Используя пословицы и поговорки, педагог сможет привить детям важные жизненные ценности. Важно, чтобы этот материал не только информировал, но и вдохновлял детей на искренние отношения друг к другу.

Предпросмотр

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности


Топ (группа):«Балапан»
Білім беру саласы (образовательная область): Қатынас
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы (тема):Менің отбасым
Мақсаты (цели): Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын, сөздік қорын байытып және тіл байлығын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ - жауап, жұмбақ, слайд, тақпақ айту, ойын, әңгімелесу сұрақ - жауап, мақал мәтелдер, сергіту.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, слайд, қуыршақтың киімдері, макеті, дастархан.
Алдын – ала жұмыс (предварительная работа):Отбасы суреттерін әкелу
Сөздік қоры (словарная работа): Отбасы, ата, әже, әке, ана, бала.
Билингвальный компонент:Отбасы- семья, әке -отец, ана –мать, бала -ребенок.


Іс -әрекет кезеңдері
Этапы
деятельности

Педагогтың басқару іс-әрекеті
Управленческие действия педагога

Балалардың іс-әрекеті
Деятельность детей

l этап
Мотивациялық-қозғаушы
Мотивационно-
побудительный

Шаттық шеңбері:
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар.
Отбасым мыналар;
Ең жақын адамдар
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!
Сұрақ – жауап:
-Балалар, айтындаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-көктемде қандай өзгерістер болады?
-Бүгін ауа-райы қандай?
Орындарына отырады.


Шаттық шеңберіне тұрады



Көктем

ll этап
Іздену-ұйымдастырушы
Организационно – поисковый

Ғажайып сәт:
Есіктің қоңырауы сылдырлайды.
Қонаққа әже мен ата келеді. Қолдарында сәлемдеме салынған қоржын.
Ата мен әже немерелерін сағынып қалғандарын, балаларымен бірге болатындарын айтады.
Педагог:
-Балалар сендер қалай қарайсыңдар, қуаныштысыңдар ма?
- Ал, балалар ата мен әжеге қалай біз жұмбақтар шешетінімізді көрсетейік.
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жұмбақтың кім туралы айтылғанын табыңдар.

1. Ол өте мейірімді, ұйықтар алдында сендерге ән
немесе ертегі айтып береді. 
-Ол кім?
-қане кім айтып береді?

- Ал сендердің әжелерің не істей алады?

-Арқаларыңнан қағып,
Маңдайларыңнан иіскейтін.
- Ол кім ?
-қане кім айтып береді?

- Ал сендердің аталарың қандай?

Оны жер бетіндегі ең әдемі сөзбен атайды.
Ол сендер үшін ең қымбат адам.
-Ол кім ?
-қане кім айтады.

-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар?

Ол салмақты да, байсалды,
Сендерді балабақшадан алады.
-Ол кім?

- Балалар, ал сендер білесіңдер ме, өздеріңе ең жақын адамдарды қалай атайды?
Сөздік қоры (словарная работа): Отбасы, ата, әже, әке, ана, бала.
Билингвальный компонент:Отбасы- семья, әке -отец, ана –мать, бала -ребенок.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
- Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті стендке іледі).
- Балалар, суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
- Олар не істеп отыр?
- Ал, бұл суретті қалай атауға болады? Неліктен?
-Ия , дұрыс айтасындар. Жақсы.
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Олай болса балалар, бәріміз теледидарға назар аударайықшы.

Слайд бойынша әңгімелеу.
Енді біз балалар ортаға шығып ойын ойнайық

Ойын Дид. ойын: " Көңілді доп"
шарты:
тәрбиеші допты балаға лақтырып сұрақ қояды, ол қағып алып сұраққа жауап береді.
- Отбасы мүшелерін ата.

-отбасында неше адам?
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

Қане балалар, енді тағы бір ойын ойналық. Отбасы мүшелеріне арнап тақпақтар айтып берелік. Ал, тақпақ айтып болған соң класстерге отбасының мүшелерін әрқайсысын орындарына жапсырамыз.
Ата әже

әке ана

Тақпақтар:
Ата:
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Асель: Әже:
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйреткен,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
Айназ: Әке:
Әкем менің сыпайы,
әкем менің құрметті.
Жақсылыққа жетелеп,
Бәрін – бәрін үйретті.
Ана:
Анам менің ақылшым,
Анам барда батырмын.
Қасымда кім болса да,
Тек анама жақынмын.
-Ал, балалар сендердің жанұяларында аға- апайларын бар ғой, солар туралы әңгімелеп берсеңдер.
аға - апайлары туралы әңгімелеу.
-Өте жақсы балалар.
Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

-Балалар, ал сендер мақал -мәтел білесіңдер ме?
Мақал –мәтелдер:
1. Отан отбасынан басталады.
2.Ақылды қария - ағып жатқан дария.
3.Ата - балаға сыншы.
4. Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны іленсің.
5. Әдепті бала — арлы бала,
-Жаксы , балалар мақал-мәтел көп біледі екенсіңдер.
-Балалар, біз енді тағы ойын ойнайық .
Дид.ойын ойыны: "Бұл кімге тиісті"
Ойын шарты: алдарыңдағы қуыршақ макетін атаның, апаның, қыздың , ұлдың киіндіруіміз қажет.
Мақсаты: балалардың ұлттық киімдерін тани білуіне, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Шарты: қатты қағаздан қиылған қуыршақ макетін киім үлгісімен киіндіру.
Балалардың жұмысын мадақтау.
- Балалар, қуыршаққа өте жақсы киімдерін киіндіре білдіңіздер, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттеріңді көрсете білдіңіздер.

Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Демекші біз осы отбасы мүшелерінен құралған аяулы жандарымызды дастарқан басына щақырайық.
Қимылды ойын:
Шарты:Балалар дастархан жайып, қонақ жайлылық көрсетеді.
Мақсаты: Балаларды қонақжайлылыққа, бір-біріне деген адамгершілікке тәрбиелеу.

Отбасы фотосуреті
Балалар таңырқап қалады.
Біз қуаныштымыз.
Ия, жақсы көреміз.

-әже

балалардың жауаптары
-ата
балалардың жауаптары.

- ана
- Анашым, апатайым.


-әке
-жанұя, туыстар
қайталайды:
Отбасы, ата, әже, әке, ана, бала.


- отбасы суретін
-атаны, әжені,әкені, ананы көріп тұрмыз.





Ойын ойнайды
-әкем,анам және мен


Балалар жауаптары





Балалар
тақпақтарын айтып класстерге отбасы мүшелерінің суреттерін жапсырады.






Медина



Асель




Айназ




Камила



Милана


Аға апайлары туралы әңгімелеу


Ералы: Менің ағам Али. Ол оқу озаты.
Мансур: Менің қарындасым өте сүйкімді. мен оны ойнатамын.





Таныс өлең жолдарына байланысты қимылдар жасайды.




Томирис
Мансұр


Тахмина


Дастан






Балалар ойын ойнайды.





Бір қыз бала дастарқан жайып отбасын үстел басына шақырады.

lll этап
Рефлесивтік - түзетушілік
Рефлексивно – корригирующий

Қортынды:
-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
-Сабақ сендерге несімен ұнады?
-Біз кімдер туралы әңгімеледік?
Жақсы.
Отан - отбасынан басталады демекші, біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат адамдардан тұратын отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз олардан жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.
Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

Бірге ойнайды


Балалар жауаптары


Күтілітін нәтиже (ожидаемый результат).


Біледі: Өзінің отбасын, жақсы көретін адамдарын, сұрақтарға жауап беруді.
Игереді:Бір-біріне қалай көмектесуді, жақсылық пен қамқорлық жасауды.
Меңгереді:Отбасы мүшелеріне құрметпен , сыйластықпен қарауды, сыпайылық сөздерді айтуды.




















Менің отбасым


Тәрбиеші: Наукина Ш.А




2016 жы