Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Тәуелсіздік: Бейбітшілік, Бірлік және Ұлттық Мереке

Тәуелсіздік: Бейбітшілік, Бірлік және Ұлттық Мереке

Назарбаева Кундыз Дюнбаевна
Назарбаева Кундыз Дюнбаевна
DOCX
165
0

Тәуелсіздік – бұл халықтың өміріндегі ең маңызды белес. Қазақстан азаттығын алғаннан бері 25 жыл бойы біз белсенді даму жолындамыз. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттері қатарынан өз орнын тапты. Бұл күн – еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше мағынаға ие, себебі, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған арманының жүзеге асқанын пайымдаймыз.

Тәуелсіздік күні әрдайым қуанышпен, мақтан тұтумен атап өтіледі. Осыған орай, біздің ұжымымыз бен бүлдіршіндеріміз «Тербейін, Тәуелсіздік тал бесігін» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, мерекенің сәнін кіргізді. Шара барысында залдағы адамдардың жүздерінен қуаныш пен мақтаныштың сәулесі байқалды.

Тәуелсіздік – тек мемлекеттік символ емес, халқымыздың тарихындағы ұлы оқиға. Бұл күні бәріміз бір жүректен, бір мақсаттан үлес қосып, ата-бабаларымыздың дәстүрлерін жас ұрпаққа жеткізе отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттаймыз. Бұл мереке, тек біздің ғана емес, бүкіл халықтың ортақ қуанышы. Мұндай шаралардың арқасында біз бірлік пен татулыққа, бейбітшілікке жетеміз.