Открытый урок по сказке «Шалқан» в детском саду Күншуақ
В нашем документе мы рады представить программу открытого урока в детском саду «Күншуақ», который посвящен сказке «Шалқан». Эта традиционная история не только увлекательна, но и наполнена глубокими смыслами, которые помогут детям лучше понять ценность дружбы, помощи и совместной работы. Учитель Арыстангалиева А.С. подготовила уникальную методику проведения занятия, в ходе которого дети смогут не только слышать, но и активно участвовать в изучении сюжета сказки.
На открытом уроке, который состоялся 11 апреля 2017 года, маленькие воспитанники группы №2 «Ақбота» смогли заглубиться в мир литературных персонажей. Урок начинается с обращения воспитателя, который ведет детей к обсуждению времён года, акцентируя внимание на весне, когда в природе происходят чудесные изменения. Это время, когда всё расцветает, и детская фантазия расцветает вместе с природой.
На протяжении занятия дети встречают различных персонажей сказки, таких как Атай, Кемпір и немерен, которые помогают им погрузиться в сюжет. Через ролевые игры и обращения к слуховым и визуальным материалам, малыши учатся анализировать действия героев, что развивает их критическое мышление и творческие навыки. Программа включает в себя сергитушу, где дети могут делать физические упражнения, что также важно для их здоровья.
В завершение урока, после интересной истории, воспитатель задает вопросы об увиденном, что помогает детям закрепить пройденный материал. На основе урока у детей формируется любовь к литературе, они учатся понимать и выражать свои мысли о прочитанном. Кульминацией урока становится приятный сюрприз – дети получают подарки из «волшебного» шалкана, тем самым, ещё больше подогревая их интерес к литературе.
Бекітемін МКҚК «Күншуақ»
жалпы үлгідегі мектепке дейінгі ұйым» меңгерушісі
_____________ Г.Н.Таймова
«11» сәуір 2017ж
Ашық сабақ
Тақырыбы: Шалқан
Тобы: №2 «Ақбота» І кіші топ
Тәрбиеші: Арыстангалиева А.С.
Қандыағаш қаласы 2014ж
Білім беру саласы. Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Шалқан
Мақсаты: білімділігі: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерімен жүріс – тұрысын талдауға үйрету.
Дамытушылығы.Ертегі мазмұнын түсініп қайтлап айтуға, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі:Әдеби шығармаларды тыңдауға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еңбекқорлыққа баулу.
Қостілділік:шалқан –репка, ата-дедушка. Әже –бабушка, немере-внучка, күшік- щенок, мысық- кошка, тышқан-мышка.
Топқа балалардың Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер» әуенімен кіруі.
Балалардың үлкендермен амандасуы.
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран саламыз.
(Балаларды орындарына отырғызу.)
Тәрбиеші:
-Балалар, қазір қандай мезгіл?
- Көктем мезгілі
- Дұрыс, көктем мезгілі. Көктемде күн жылынады. Адамдар бау- бақша егеді.
Есіктің тықыры естіледі.
-Бұл кім болды екен? (ішке атай кіреді)
Атай: - Саламатсыздарма балалар, саламатсыздарма апайлар!
Балалар мен бақшаға шалқан егейіндеп едім, маған көмектесесіңдерме? Мен сіздерден көмек сұрай келдім.
Шалқан – репка, ата - дедушка
Балалар атайға көмектесеміз бе?
Балалар: - Иә көмектесеміз.
Атай: менің үйімде кемпірім бар, сосын кішкентай немерем бар, күшігім, мысығым және тағы тышқан бәріміз бірге тұрамыз. Әже –бабушка, немере-внучка, күшік- щенок, мысық- кошка, тышқан-мышка.
(ата қасына аталған кейіпкерлерді қасына шақырып алады да үйдің қасына отырғызады.)
Атай бірінші жерді қопсытады, содан кейін шалқан дәнін егеді. Атай мен басқа кейіпкерлер атайға көмектеседі.
Балалар атай еккен шалқанды күтіп баптасын, бәріміз орнымыздан тұрып атайға шалқанның тез өсуіне көмектесейік.
Сергіту сәті:
Күн шуағын төккенде,
Бақшамызға барамыз.
Дәндерді егеміз,
Артынан су құямыз.
Өс!,өс! Бақшамыз!
Өс!,өс! Бақшамыз!
Қуанамыз баршамыз!
Мәссаған! Атайдың шалқаны үлкен болып өсіп кетіпті, балалар қараңдаршы.
Қанеки бәріміз орнымызға отырамыз.
Атай шалқанды тартып жұлғысы келеді, бірақ шалқан жұлынбайды.
Атай кемпірді шақырады. Екеуі шалқанды тартады-тартады бірақ шалқан жұлынбайды.
Кемпір немересін көмекке шақырады, үшеуі шалқанды тартады-тартады бірақ шалқан жұлынбайды.
Немересі күшігін көмекке шақырады, төртеуі шалқанды тартады-тартады бірақ шалқан жұлынбайды.
Күшігі көмекке мысықты шақырады, бесеуі шалқанды тартады-тартады бірақ шалқан жұлынбайды.
Мысықтышқанды көмекке шақырады, бәрі жұмыла шалқанды тартады шалқан лезде жұлынады.
Атай: балалар, маған көмектескендерің үшін рахмет! Мына шалқан жәй шалқан емес, сиқырлы шалқан. Бұл шалқанды кессең ішінен сіздерге сыйлық шығады. Жақсы сау болыңдар, балалар!
Сабақты қортындылау:
Балалар, Атай көктемде не екті? Көмекке кімді шақырды? Әже көмекке кімді шақырды? Немересі нені көмекке шақырды? Күшігі нені шақырды? Мысық нені көмекке шақырды? Тышқан келіп көмектескенде шалқан не істеді?
Ертегі сіздерге ұнады ма?
Қане, балалар атайдың сендерге еккен сиқырлы шалқанын кесіп көрейік, ішінен не шығады екен. Мәссаған, балалар ішінен сіздерге слық шықты міне қараңдаршы - деп балаларға тәрбиеші сыйлықты таратып береді.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Атайдың күтіп баптаған шалқаны үлкен болып өсті
Әже немересі, иті, мысығы және тышқанмен
Ата мен әже шалқанды тарта алмады, көмекке немересін шақырды
Мысық көмекке тышқанды шақырды бәрі бірге шалқанды тартқанда шалқан жұлынды
Шалқан сиқырлы екен ішінен балаларға сыйлық шықты