Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Астана: Білім мен мәдениеттің орталығы ретінде таныту

Астана: Білім мен мәдениеттің орталығы ретінде таныту

Суйеубаева Гульдана Амангельдиновна
Суйеубаева Гульдана Амангельдиновна
DOCX
151
3

Оқу материалдары 5-6 жастағы балаларға арналған. Дидактикалық құралда оқушыларды Астана қаласымен таныстыруға арналған көптеген ойындар мен тапсырмалар қамтылған. Бұл материал балалардың интеллектуалдық және эмоционалдық дамуына көмектеседі. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын дидактикалық құралда ұлттық ойындар мен патриоттық тәрбие де қарастырылған. Мұндай әдіс арқылы балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ олардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту шаралары жүзеге асырылады.

Балалар Астана қаласының көрікті жерлерімен танысу арқылы қазақ мәдениетінің байлығын сезінеді. Оқу құралындағы тапсырмалар, суреттер және ұлттық ойындар балалардың ұлттық сана-сезімдерін оятып, туған жердің қадір-қасиетін түсінуге көмектеседі. Материалда бейнеленген тақырыптар, балалардың қызығушылығын арттырып, оларды тәрбиелейді. Ойын барысында ересек топ балаларымен жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, бір-бірімен байланыста болу дағдылары дамиды.

Бұл дидактикалық құрал балалардың тілі мен сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған. Тақпақтарды, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала тілінің таза болуына, дұрыс сөйлеуіне және ұлттық рухты сезінуіне ынталандырады. Оған қоса, балалардың логикалық ойлау қабілеттері арттырылып, түрлі көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы сабақтың қызықты өтуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар материалда Астана қаласының қалыптасу тарихы мен мәдениеті, ұлттық дәстүрлері туралы да мәліметтер берілген. Бұл жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, оларды білім, өнер мен мәдениетке тәрбиелейтін келешектегі мемлекет құрушылары ретінде қалыптасуларына ықпал етеді. Сондықтан, дидактикалық құралымыз - жарқын болашаққа жетелейді.

Вам будут интересны эти конкурсы: