Дидактикалық ойындардың бала өмірін қалыптастырудағы рөлі
Дидактикалық ойындар – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың өмірінде ерекше маңызға ие. Бала үшін ойын тек ермек емес, өмірді танудың, әлеуметтік шынайылыққа үйренудің басты құралы. Ойын арқылы балалар өздерін қоршаған әлеммен танысады, жаңа нәрселерді меңгереді, мінез-құлық нормаларын игереді және өз эмоцияларын білдіруді үйренеді. Сондықтан да, ойындардың тәрбиелік мәнін бағаламау мүмкін емес.
Дидактикалық ойындар балалардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтау дағдыларын жақсартады. Балаларды қызықтыра отырып, оқу процесін оңайлататын және қызықтыратын құрал бола алады. Ойындар барысында балалар өзара қарым-қатынаста болып, әлеуметтік дағдыларын қалыптастырады. Олар командалық жұмыстың маңызын түсінеді, жауапкершілікті сезінеді, бір-біріне көмектесуді үйренеді.
Ойын – тәрбие құралы. Бұл ойынға баланың психикалық дамуында да маңызды рөл атқарады. Логикалық тапсырмалар баланың зейін мұқияттылығын, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойындар балалардың тілдік қорын байытады, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оларды жедел әрекет етуге мәжбүр етеді. Осының бәрі балалардың оқу іс-әрекетіне қызығулары мен ынталарын арттыруға көмектеседі.
Ойындардың түрлері өте көп, сондықтан педагогтар әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдай білуі тиіс. Ойындар мазмұны мен өткізілу түрі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бәрі де балалардың логикалык дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұндай ойындар оқу процесінде тұрақты түрде қолданылуы тиіс, өйткені олар балалардың психологиясына жағымды әсер етеді, танымдық тәжірибені арттырады.