Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Жер – біздің ортақ үйіміз

Жер – біздің ортақ үйіміз

Манасова Айгүл Набидуллақызы
Манасова Айгүл Набидуллақызы
DOCX
147
1

Бүкіл әлемді тану - балаларға табиғат, қоршаған ортаны және оған деген адамзаттың жауапкершілігін түсіндіру - өте маңызды міндет. «Бөбек» санаториялық балабақшасындағы «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбына арналған ашық оқу қызметі осы мақсатта ұйымдастырылды. Біздің негізгі мақсатымыз - балаларға Жер планетасының өмір сүру ортасы ретіндегі маңызын көрсету, табиғаттың адам өміріндегі рөлін, сондай-ақ, адамның табиғаттың бір бөлігі екенін ұғындыру болды.

Оқу процесінде балалар үш тілде амандасып, қонақтарға өздерінің білімдері мен тәртіптерін көрсетті. Олар табиғат пен жерді қорғау, біздің ортақ үйіміз - Жер туралы білімдерін кеңейтті. Оқу қызметінің барысында балалардың шығармашылық қабілеттері дамытылып, сөйлеу дағдылары, логикалық ойлаулары, сондай-ақ, жаратылыстану пәні бойынша қызығушылықтары артты.

Балалар түрлі-түсті бояулар, мүсіндеу материалдары мен көрнекі құралдарды пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлана отырып, жаңа нәрселерді үйренді. Оқу қызметінің ұйымдастырылуында инновациялық технологиялар мен тәжірибелік жаттығулар қолданылды, бұл балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, оқу процесіне белсене қатысуына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, балалар үшін оқу ортасындағы әртүрлі бағыттар - шығармашылық, коммуникация, әлеуметтік қарым-қатынас сынды білім беру салаларына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар бұл іс-шараларда көптеген қызықты деректермен танысып, білімдерін тереңдетті. Білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру - біздің жұмысымыздың негізгі аспектілері болып табылады.

Вам будут интересны эти конкурсы: