Бар мейіріміміз балаларға!
Балаларды қорғау күні – әлемде ерекше маңызға ие мейрам. Біздің «Жұпар» балабақшамызда 1 маусым күні «Бар мейіріміміз балаларға!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл шараның мақсаты – балаларды қорғау күні туралы білімі мен түсінігін тереңдету, олардың өзін-өзі бағалауын арттыру, және әлеуметтік жауапкершілікті сезіндіру.
Тәрбие сағаты барысында бүлдіршіндер түрлі ойындар мен әндер арқылы белсенділік танытты. Олардың арасындағы «Тәрбиеші мен бүлдіршіннің диалогы» әні ерекше қуанышпен жүргізілді. Балалар өзінің мейірімін, қуанышын, шынайылығын ерекше білдіріп, көңілді шақты атап өтті.
Балалардың тілектерін, армандарын есту – әрбір ата-ана мен тәрбиешіге зор қуаныш. Біздің ұйымдастырған ойындары – «Кім жылдам?», «Тәттіні тасымалдау», «Кім мықты?» балаларға жоғары дәрежеде белсенділік жасауға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар балалардың бір-бірімен достасып, шынайы эмоцияларын сезінуіне, көңілді өткізілетін уақыттарын естен кетпес етіп өткізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні мемлекет балалардың құқықтарын қорғау үшін көптеген шаралар қабылдау үстінде. Балалардың бақытты балалық шағын жасау – біздің міндетіміз. Әр бала мектепте және балабақшада тегін білім алып, тәрбие алуын қамтамасыз ету – мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады. Біз осыны ұстанып, балаларға өзіміздің шын ниетімізбен үлкен мейірімімізді беріктеуге тырысамыз.