Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Сабақ жоспары: Тәуелсіз елімнің тұңғыш президенті

Сабақ жоспары: Тәуелсіз елімнің тұңғыш президенті

Улетова Эльвира Рахымовна
Улетова Эльвира Рахымовна
DOCX
113
1

В данном документе представлен план занятия, посвященный теме «Тәуелсіз елімнің тұңғыш президенті». Целью данного учебного мероприятия является расширение кругозора детей о Президенте, обогащение их словарного запаса и развитие их мысли и сознания. В процессе занятия будут использованы различные методы, такие как рассказ, объяснение и обсуждение. Дети смогут задать вопросы и получить на них ответы, что позволит развить их аналитические способности.

Первый этап занятия начинается с исполнения гимна, что создает атмосферу патриотизма и единства. Затем воспитатель будет вести беседу, в которой дети вспоминают добрые пожелания, что способствует формированию у них позитивного мировоззрения. Важно, чтобы каждый ребенок чувствовал свою значимость и принадлежность к общему делу — построению независимого государства.

Далее, в ходе занятия, воспитатель задает детям вопросы о времени года и значении 1 декабря, как дня выборов первого Президента Казахстана. Это помогает детям осознать важность данного события в истории страны, а также сформирует у них уважение к своей Родине.

Кроме того, будет приглашен гость — Тұрсын әже, которая поделится воспоминаниями о юности Нұрсұлтана Назарбаева, что не только обогатит детей историей, но и создаст связь между поколениями. В конце занятия будет организована творческая часть, где дети смогут показать свои знания о стране через стихи и песни, что поможет им развить творческое мышление и любовь к искусству.

Таким образом, занятие не только информативно, но и воспитательно, так как формирует у детей патриотизм, уважение к традициям и культуре своей страны, а также способствует развитию их когнитивных и творческих способностей.

Предпросмотр

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Тәуелсіз елімнің тұңғыш президенті»
Мақсаты: Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, қорытындылау.
Көрнекілік: сурет, слайд.


Әнұран орындалады.
Балалар шаттық шеңберінде тұрады.
Тәрбиеші: - Балалар, сендерге бар жақсылықты тілеймін. Қане, бір бірімізге жақсы тілектер тілейікші.
Балалар: - Деніміз сау болсын!
- Бейбітшілік болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
- Соғыс болмасын!
- Нанымыз көп болсын!
- Аналарымыз аман болсын!
- Балабақша гүлдене берсін!
- Күніміз жарқырап тұрсын!
- Қазақстан Республикасы жасай берсін!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Дастарханымыз мол болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Күз мезгілі.
Тәрбиеші: - Күз мезгілі неше айдан тұрады? Атаңдаршы?
Балалар: - Үш айдан. Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін күз мезгілінің соңғы күні. Ертең бірінші желтоқсан. Біз үлкен мерекені атап өтпекпіз. Еліміздің тұңғыш президенті сайланған күн. Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
Балалар: - Қазақстан Республикасында.
Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасының елбасы кім?
Балалар: - Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Балалар: - Тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші: - Тәуелсіз мерекесін қай күні атап өтеміз?
Балалар: - 16 желтоқсан.
Тәрбиеші: - Балалар, біздің ұлтымыз кім?
Балалар: - Қазақ.
Тәрбиеші: - Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: - Қазақ тілінде.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар. Мен бүгін қонаққа Тұрсын әжемізді шақырып қойып едім. Ол кісі бізге еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі туралы айтып береді.
Тұрсын әже президентіміздің әке шешесі Әбіш ата мен Әлжан әжесінің замандасы болған. (Тұрсын әже келеді, балалар амандасады. «Үш қоңыр» әні орындалып тұрады.)
Тәрбиеші: - Амансыз ба, Тұрсын әже? Қалыңыз қалай? Келіңіз отырыңыз. Тұрсын әже, біздің тұңғыш президентіміз өмірге қалай келді, балалық шағы туралы бізге айтып беріңізші?
Тұрсын әже: - Айналайындар, біз жас кезімізде замандастарымыз Әбіш пен Әлжан бәріміз мал шаруашылығында еңбек еттік. Жас жұбайлап Әбіш пен Әлжан жер шоқтығы Жетісудің Үшқоңыр жайлауында мал бағып жүріп, жаратқан иемнен шаңырақтың иесі болатындай ұл сұрап, жарықтық Райымбек баба басына түнеп қайтты. Тілектері қабыл болып 1940 жылы 6 шілдеде Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында өмірге торсықтай ұл келді. Оның атын «халқын нұрлы жолға бастаған сұлтан болсын» деген жақсы ниетпен Нұрсұлтан деп қойдық. «Көп тілегі көл» емес пе, бәріміз жабылып құдайдан сұраған Нұрсұлтан халқының сұлтаны болып отырғой, айналайындар. Жарықтарым жер киесі Үшқоңыр мен Райымбек баба әруағына баламызды қолдай берсін деп құдайдан тілеп отырмын.
Балалар сұрақ қояды.
Әнуар: - Нұрсұлтан ағамыз бала кезінде қандай болды?
Тұрсын әже: - Нұрсұлтан әдепті, әке шешесінің айтқанын тыңдайтын, тентек қылмайтын бала болды.
Ерасыл: - Мектепте қандай болды?
Тұрсын әже: - Мектепте сабағын жақсы оқып, әке шешесін қуантып жүрді. Жақсы білім алды, артынан ерген іні қарындастарына үлгі болды.
Тәрбиеші: - Әже, елбасымыз жас шағында тұңғыш рет алыс сапарға қашан аттанып кетті?
Тұрсын әже: - Сұлтанжан алғаш рет үйінен алысқа ұзап Теміртауға аттанғаны еді. Сол кезде Одақ жастары Теміртауда салынып жатқан құрылыстарға белсене қатысып еңбектің ерлігін көрсетіп еді.Сұлтан сол еңбек майданына аттанды. Әке шешесі Әбіш пен Әлжан Нұрсұлтаннан келген әрбәр хатты замандастарымен бөлісіп оқитын. 1962 жылы Нұрсұлтан Дүниежүзі жастарының фестиваліне қатысқан кезде әке шешесі ұланасыр той жасап бүкіл Шамалған ауылы қуанды. Содан бастап Нұрсұлтан әке шешесін, ауыл аймағын, ел жұртын қуантумен келеді. Ел үшін туған азамат осындай болса керек.
Тәрбиеші: - Әже, сіздің арқанызда біраз мағлұмат алдық. Келгеніңізге көп рахмет. Ал енді балаларымыздың дайындаған Отанымыз туралы өлеңдерін тамашалаңыз.
Сұлтан: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, торғай, көлімізді.
Әсия: Бақытты боп жүргенім
Сенің арқан Қазақстан
Елім менің тірегім,
Құшағында гүл атам.
Аида: Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы
Байтақ елім Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!
Жалғасбек: Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан!
Әнуар: Егеменді ел болдық
Ұлттық намыс оянып
Гұлденсін мәңгі жайқалып
Тәуелсіз қазақ еліміз.
Нұрлан: Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз.
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз.
Ерасыл: Жері самал ескен майда
Тасқындаған егін жайда
Далам менің. Анам менің.
Туған елім Қазақстан.
Мариям: Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты атамекенім
Отаным Қазақстаным!
Тәрбиеші: - 1991 жылы 1 желтоқсан күні қазақ халқының сайлап алған тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев сайланған соң 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық.
Өзіміздің рәміздеріміз, теңгеміз, ата заңымыз қабылданды.
- Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
Балалар: - Иә.
Тәрбиеші: - Рәміздерді атаңдаршы?
Балалар: - Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Қане, туды кім сипаттап береді?
- Тудың авторы кім?
Балалар: - Шәкен Ниязбеков.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Елтаңбаны кім сипаттап береді?
- Елтаңбаның авторы кім?
Балалар: - Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Тәрбиеші: - Әнұранның сөзін жазған кім?
- Әнін жазған кім?
Балалар: - Н.Ә.Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
- Шәмші Қалдаяқов.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Балалар, еліміздің бас қаласы қай қала?
Балалар: - Астана.
Тәрбиеші: - Дұрыс. Балалар, Астана қаласында қандай әдемі жерлер бар?
Балалар: - Бәйтерек, Хан шатыры, Ақ орда.
Тәрбиеші: - Балалар, Астанаға, рәміздерге арналған тақпақтарды білеміз бе?
Расұл: Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұсаған Астанам
Әсем қалам бас қалам.
Ернұр: Биік болсын шоқтығың
Атыңды айтам ән қылып
Желбірейді көк туым
Төбемізде мәңгілік.
Абылай: Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Нұрым: Отан туы желбіреп
Көз тартады құбыла
Біз қараймыз елжіреп
Туған жердің туына.
Елдана: Отанды жас кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Н.Ә.Назарбаев еліміздің президенті. Ең жоғарғы лауазымның иесі. Ол өте көп жұмыс атқарады. Қазақстанда көптеген құрылыстар жасалды. Астана қаласы салынды. Н.Ә.Назарбаев 24 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлемге танытты және мойындатты. Бұл кісінің Қазақстанда жасаған еңбегі өте көп.
Қорытындылау.
Тәрбиеші: - Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: - Н.Ә.Назарбаев.
Тәрбиеші: - Еліміздің бас қаласы қай қала?
Балалар: - Астана.
Тәрбиеші: - ҚР Президенті қай күні сайланды?
Балалар: - 1 желтоқсан.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар, бізге қонаққа кім келді?
Балалар: - Тұрсын әже.
Тәрбиеші: - Елімізде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілейміз әр адамға бақыт қонсын
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Осымен бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!