Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Білімнің бастауы – балабақшада

Білімнің бастауы – балабақшада

Сагатбекова Кенжегуль Айтеновна
Сагатбекова Кенжегуль Айтеновна
DOCX
673
13

1 Қыркүйек – «Білім күні» мерекесі, бұл күн жаңа оқу жылының бастауымен қатар, балалар үшін ерекше қуаныш пен тарту. Тәрбие сағасындағы басты мақсаты – балаларға Білім күнінің маңызын жеткізу. Олардың көңіл-күйін көтеру, сахна мәдениетінде бағыттау, сонымен қатар, ынтымақтастық сезімдерін ояту.

Мерекеміздің негізгі бөлігі – әр баланың ерекше өнерін көрсету. Ән мен бидің, өлеңдер мен хореографияның үйлесімі, балаларды біріктіруге, ұжымдық рухты қалыптастыруға септігін тигізеді. Олар түрлі-түсті шарларды ұстап көңілді бидің әуеніне түсу арқылы мерекенің сәнін ашады.

Балалар, мерекені бірге тойламаймыз ба? деген сұрақпен, олар ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің шырайын арттырады. Олар би билеп, ән шырқап, тақпақтарды жатқа айтады, балалардың бір-біріне деген достықтарын нығайта түседі.

Біздің «Білім күні» мерекеміз тек оқу жылының басталуы емес, сол сияқты балалардың білім рухын көтеру, рухани сергіту, жаңа жоспарлар мен мақсаттарды ортақтастыру. Достық қатынастарды қалыптастыру мұндай шаралардың басты құндылығы.

Сонымен қатар, Бақыт құсы қайырымдылықпен балаларға жақсылығын айтып, олардың тағдырларына арнап сиқырлы шараларды жинайды. Мереке барысында балалар бірлік, ынтымақтастық, сүйіспеншілік, білім, мәдениет сынды құндылықтарды жаңғыртады. Біздің балаларымыз – еліміздің болашағы!

Вам будут интересны эти конкурсы: