О проекте
Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Развитие языковых навыков у дошкольников через игровые методы

Развитие языковых навыков у дошкольников через игровые методы

Қамзағали Эльмира Венеровна Қамзағали Эльмира Венеровна
DOCX
96
0

В статье подробно рассматривается, как посредством игровых методов можно эффективно развивать язык и речь у детей дошкольного возраста. Педагоги сталкиваются с важной задачей — подготовить детей к освоению государственной языковой грамотности. Игра является не только развлекательным занятием, но и мощным инструментом формирования мышления и расширения кругозора малышей.

Применение дидактических игр в образовательной практике способствует не просто развлечению, а целенаправленному обучению детей. Каждый момент увлекательного занятия дает возможность развивать словарный запас и навыки общения, что невероятно важно для формирования потенциального школьника. Воспитатели могут использовать всевозможные литературные произведения, чтобы вдохновить детей на расширение их языковых компетенций.

Современные методики подчеркивают, что детская игра на самом деле является основой индивидуального развития ребенка. Вовлеченность в игривую учебу не только улучшает внимание, но и значительно повышает устойчивость к стрессовым ситуациям, требующим быстрого реагирования. Игры на эмоциональную тематику помогают детям освоить новые слова и выражения в непринужденной обстановке.

Посредством игр воссоздаются различные жизненные ситуации, что не только делает процесс обучения интересным, но и обеспечивает детям уникальную возможность практического использования языка в естественных условиях. Учебные занятия становятся разнообразнее и эффективнее, когда в них используются элементы игры, делая уроки яркими и запоминающимися.

Следовательно, целью данной статьи является показать, как игровая деятельность может стать основой для обучения и коммуникации детей, их эмоционального и интеллектуального развития. С применением правильных подходов и методов, которые были представлены, создание партнерских отношений между педагогами и детьми станет доступнее, результативнее и приятнее.

Предпросмотр

МКҚК«№7бөбекжай – бақша»






МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТІЛ БАЙЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ







Қостанай
2017 – 2018 оқу жылы


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТІЛ БАЙЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ


Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды  тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіндегі мұғалімнің міндеті:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру.


Тәрбие – баланың  дүниеге  келген  сәтінен  басталады. Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  тәрбиелейтін  негізгі  іс - әрекет – ойын. Ойын  арқылы  бала  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық  құбылыстармен,  адамдардың  еңбегімен,  қарымқатынастарымен  танысады. Халқымыз  ойындарды  тек  балаларды  алдандыру,  көңілін  көтеру  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  олардың  көзқарастарын,  мінез – құлқын  қалыптастыру  құралы  деп  ерекше  бағалаған.  Ойын  негізінен  балаларға  дене  шынықтыру  және  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  құралы. Ойын  балаларды  ұйымшылдыққа  үйретеді. Ойынның  түрлері  көп, соның  ішінде  маңыздысы – дидактикалық  ойын.  Бұл  ойынның  пайдасы -  баланың  ой - өрісінің  қалыптасуын,  дамуын  мақсат  етіп  қояды. Сондай – ақ  балалардың  адамгершілік  сезімін  оятуға,  адамдармен  дұрыс  қарым – қатынас  жасау,  еңбек  адамдарына,  басқа  ұлт  өкілдеріне,  достық,  туған  жеріне  сүйіспеншілік  сезіміне  тәрбиелеуге  көңіл  бөлінеді.  Дидактикалық  ойындар – балалар  үшін  өзіне  тән  жүру  барысы,  мақсаты,  маңызы  бар  әрекет.  Ойындарды  бала  тәрбиесіне  енгізу  үшін  тәрбиешілер  көптеген  жұмыстарды  атқарады.
Ойын  балалардың  негізгі  іс - әрекеті  ретінде  психологиялық ,  анатомиялық -  физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметер  атқарады.  Ойын  баланың  даму  құралы,  таным көзі,  тәрбиелік  дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.Макаренко  былай  деп  жазды: «Бала  өмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін   еңбектің,  жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы   болса,  нақ  сондай  маңызы  бар.  Бала  ойында  қандай  болса,  өскен  соң  жұмыста  да  көп  жағынан  сондай  болады».  Сондықтан  келешек  қайраткерді  тәрбиелеу  ең  алдымен  ойыннан  басталады. Балалардың  еңбегі,  оқуы  ойыннан  басталды.  Ойын  арқылы  оқушы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы   дамуын  қалыптастыруға  болады. 
Ойындардың  тәрбиелік  маңызы.
Дидактикалық  ойындарды  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдылығын,  белсенділігін,  баланың  ынтасын  күшейтеді.  Ойын  ережесі  балалардың  түсінуіне  оңай,  қарапайым,  әрі  қысқа  болуы  керек.  Кейде  ойынның  мазмұны,  ережесі  балаларға  дұрыс  түсіндірілмейді  де,  балалар  оған  қызықпайды,  зейін  қойып  тыңдамайды. Оның  үстіне  дидактикалық  материалдар  мен  көрнекіліктерге  жеке  көңіл  бөлу  керек.  Балалардың  таным  қабілетін,  логикалық   ой - өрісін  кеңейтіп,  сабаққа  ынтасын  арттыруда  дидактикалық  ойындарды   ұтымды  пайдаланудың  маңызы  зор.  Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындау  үшін мұғалім  көркем  әдебиет  оқып  беру,  алдын – ала  жұмыс  жүргізу  керек.
Осы орайда мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
1.Мұғалім мен баланың арасындағы педагогикалық әдіс пен ынтымақтастықтың сақталуы.
2.Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, ойын бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы.
3.Балаларға берілетін тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.
4.Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компененттерін құру.
Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз» «Қоянның көңіл-күйі» т.б. 19 мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып көрсетуге үйрету.
Ойынды әрбір бала ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған баланың дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыра білу керек. Сабақта әртүрлі дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ қана мақсатқа жетуге болады.Сонда ой-өрісі кең,тілі дамыған ,өз ойын толық жеткізе алатын ,мектепке баруға дайын ұрпақ  тәрбиелеуге болады.


«Ел есінде бір жыл қалғын келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.