Техналогиялық карта: Қала көшелері, бағдаршам
Данный документ представляет собой техналогическую карту, разработанную для урока в группе «Қарлығаш» под руководством воспитателя Нарикбаевой З.О. Тема карты - «Қала көшелері, бағдаршам», направленная на формирование у детей навыков мүсіндеу и осознание значимости дорожных знаков.
В процессе обучения дети совершают путешествие по улице, наблюдая за автомобилями, пешеходами и обсуждая важные аспекты безопасного движения. Воспитатель задает вопросы о времени года и о правилах поведения на дороге, что помогает детям развивать критическое мышление и осознание окружающего мира.
Кроме того, в рамках занятия дети выполняют практическую задачу: мүсіндеу үш түсті бағдаршам, что способствует развитию их художественных способностей и мотивации к обучению. Методика включает игровые элементы, что делает процесс изучения увлекательным и эффективным.
В результате проведенного занятия ожидается, что дети не только познакомятся с внешним видом и функциями бағдаршам, но и научатся пользоваться полученными знаниями на практике, следуя правилам дорожного движения в реальной жизни.
Техналогиялық картасы
Күні: 19.10.2017ж
Топ: «Қарлығаш» ересектер тобы
Тәрбиеші: Нарикбаева З.О
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Қала көшелері, бағдаршам.
Мақсаты: Бағдаршамдарды мүсіндеуге үйрету. Балаларға мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялдарын дамыту.
Сөздік жұмұс: Бағдаршам,жолаушы.
Әрекет кезең | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық.
| «Көшеге» саяхат. Балабақша маңындағы көшеге серуенге шығып , ондағы жолдарды, көліктерді адамдарды көрсетіп, балалармен әңгімелеседі. | Балалар қуанып көшені аралап көргендерін әңгімелейді. |
Ұйымдастыру-іздестіру | - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі неше айдан тұрады? - Қазір қай ай?
Жұмбақ шешейік. Үш көзі бар қаз - қатар Кезек – кезек ашады Үшеуінен байқасым Үш түсті нұр шашады Бұл не? Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - Балалар бағдаршамды көргендерің бар ма? - Ол қайда орналасқан? -Бағдаршамның неше көзі бар?
1 - ші көзінің түсі қызыл 2 - ші көзінің түсі сары 3 - ші көзінің түсі жасыл. Осы үш көздің атқарып тұратын қызметі бар.
Бағдаршам жол бойында, жүргізушілерге бағыт бағдар беріп тұратын электр құралы. Кәне санайық 1, 2, 3. - Бағдаршамның көздері қандай пішіндерге ұқсас? - Қане бәріміз ауада дөңгелек пішінді салайық. Осы бағдаршамның көздерінің артында тапсырмалары бар екен. Орындауға дайынбыз ба. Сергіту сәті: Бағдаршамның қызыл түсін көрсету. Бағдаршамның сары түсін көрсету. Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
| Күз. - Үш айдан. - Қазан айы
. - Бағдаршам.
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. - Бар. - Қалада жолдың бойында орналасқан. - Үш көзі бар.
Олар қызыл көзін ашқанда- Сынық сүйем баспа алға Сары көзін ашқанда - Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда - Өте бергін, жасқанба.
- Дөңгелекке.
Бағдаршамның көздерін ретімен мүсіндеу. Дөңгелек пішіндерді түстерін келтіріп. Ермексаздан дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
Балалар орындарынан тұрады. Балалар екі жаққа кезек-кезек дайындалады. Аяқтарын топ-топ басады. |
Рефлексивті – түзетушілік | Жолда жүру ережелерін еске түсіру. Жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау. | Риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен және жолда жүру ережесін біледі.
Түсінеді: Көшеде , жолда, жаяу адам жүретін жол және көліктер туралы түсініктерін қалыптастырады.
Қолданады: Әрқашанда жол ережесін сақтап, аман - есен жүрейік.