Волшебные уроки прав человека через сказки
В этом материале мы приглашаем вас в захватывающее путешествие по стране сказок, где сказочные персонажи становятся проводниками в мир прав человека. Цель занятия - помочь детям понять, какие права у них есть и как их необходимо защищать. Мы исследуем важные аспекты, такие как право на здоровье и жилье, акцентируя внимание на важности этих понятий в жизни каждый из нас.
В ходе урока ребята смогут не только вспомнить своих любимых героев и их приключения, но и осмыслить, почему справедливость и доброта должны стоять на первом месте. По мере нашего путешествия через сказочные истории, дети будут учиться правильно определять, когда их права нарушаются, а также кто может стать на защиту в трудную минуту.
Мы используем различные методики – от обсуждений до практических игр, что позволит сделать обучение интересным и увлекательным. Занятие нацелено на развитие критического мышления, навыков общения и понимания социальной ответственности у детей, что безусловно поможет им в будущем лучше осознавать свои права и обязанности.
Тақырып: «Біз ертегілер еліндеміз»
Мақсат: Балаларды ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіндегі адамгершілік сапаны түсіне білуге тәрбиелеу. Балалардың бала құқығы Декларациясы туралы білімдерін бекіту.
Түрі: адамгершілік , танымдық мәлімет беру сабағы
Әдісі: пікірлесу, сөздік, көрнекі,тәжірибелік түсіндіру.
Тәрбие бағыты: құқықтық, адамгершілік тәрбие .
Сабаққа құралдар: «Адам құқығы Декларациясы» кітабы, құқықтар бойынша эмблема, ертегілерден үзінді аудиожазбасы.
Полилингвальдық құрам: право на жильё – тұрғын үй құқығы – right onanac commodation, право на здоровье – денсаулықсақтауқұқығы – rightonahealth.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Мен әуелі сендердің ертегілерді қаншалықты есте жақсы сақтағандарыңа көз жеткізгім келеді.
«Ертегі кейіпкерлерін ата» ойынын ойнайық.
Аққу -…… Ұсқынсыз-…
Қызыл -….. Мақтақыз бен -…..
Жеті күлше -….. Қошқар мен -…..
Түлкі мен -....... Жеті -.......
Ертегілер елінде біреулер бақытты өмір сүрсе, біреулердің өмірі қайғыға толы болады екен. Себебі, олардың құқықтары бұзылады.Денсаулық пен емделуге. Есім алу мен баспаналы болуға. Мен сендерге «Адам құқығы Декларациясы» кітабын алуды ұсынамын. Ол кітап бізге не үшін керек болуы мүмкін?
2-бөлім. Негізгі..
Қане, бәріміз қол ұстасып, көзімізді жұмып, өзіміздің сиқырлы сөздерімізді қайталайық.
Аспанға ұштық қалықтап,
Жер төменде қалыпты.
Орман, тоғай, адамдар,
Өзендер де балықты.
Демалайық отырып,
Біз қайдамыз, ой, қызық.
(Көздерін ашқанда алдарында ағаш үй тұрады, ішінен үнтаспаға жазылған дауыс шығады).
Қоян:Көмектесіңдер! Мен қайғыға тап болдым! Түлкі менің үйіме өтінішпен кіріп, соңында өзімді қуып шықты.
Түлкі: Менің не жазығым бар? ОЛ мұздан жасалған болатын. Енді мен далада жатпаймын ғой. Йә, қуып шықтым. Онда тұрған не бар! Керек болса өзіне тағы бір үй тауып алар!
Қоян:Бұл үй менің жекеменшігім ғой (жылайды). Түлкі, сенің менің үйімді басып кіруге құқығың жоқ!.
Түлкі: Мен орман ханшайымымын: Менің бәріне құқығым бар!
Тәрбиеші: Біз қай ертегіге тап келдік? Олар не туралы сөйлесіп жатыр. Түлкінің бұл қылығы дұрыс па? Ол қоянның қандай құқығын бұзды? (қажетті эмблеманы көрсетеді)
( Ойын одан әрі жалғасады. Балалар көздерін жұмады. Көздерін ашқанда тағы да дауыс естіледі).
Түлкі мені әкетті,
Қараңғы орманнан әрі,
Биік таулардан әрі....
Тәрбиеші:Біз қай ертегіге тап келдік? Кім келеңсіз жағдайға тап болды? Ержүйесін сақтап кім мазмұндап айта алады? Түлкі неше әтешті ұрлап әкетті? Ол қандай құқықты бұзды? (балалардың жауаптары)
Тәрбиеші:Мен «Адам құқығы Декларациясы» кітабын ашуды ұсынамын. Осы ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін бейнелейтін белгіні тауып көрсетіңдер. (қажетті эмблеманы табады).
Тәрбиеші:Әр адамның баспаналы болу және оған ешкімнің қол сұғуына жол бермеу құқығы бар. Көрдіңдір ме, қу түлкі қандай құқықты бұзған. Әтешке кім көмектесті?
Тәрбиеші:Қане, бәріміз қол ұстасып, көзімізді жұмып, өзіміздің сиқырлы сөздерімізді қайталайық.
Аспанға ұштық қалықтап,
Жер төменде қалыпты.
Орман, тоғай, адамдар,
Өзендер де балықты.
Демалайық отырып,
Біз қайдамыз, ой, қызық.
(Көздерін ашқанда алдарында жылап отырған қоянның суреті тұрады, ішінен үнтаспаға жазылған дауыс шығады).
Қоян: Көмектесіңдер... көмектесіңдер, көжегім қатерге ұрынды. Трамвайдың астына аяғы ілінді...
Тәрбиеші: Қай ертегіде қоян апатқа ұшырады? Оған кім кінәлі? Неге? Кім көжекті емдеп жазады? Жедел жәрдем телефонының нөмірін кім біледі?
( Айболит дәрігерді телефонмен шақырады).
Айболит: Іш ауырса, тіс ауырса, саған дәрі беретін, дәрігерді елдің бәрі өте жақсы көреді.
Тәрбиеші:Балалар, дәрігерлер қандай құқықтың жүзеге асуына көмектеседі? (балалардың жауаптары)
Айболит: Балалар , сендер өз денсаулықтарыңды күтесіңдер ме? (балалардың жауаптары)
Айболит: Жауаптарың маған ұнады. Көжек сияқты емес, сендер өз денсаулықтарыңа жандарың ашиды екен. Ертегіде барлығы дұрыс аяқталғанымен, өмірде олай бола бермейді. Байқамасаңдар, үлкен қайғыға душар болуларың мүмкін.
Қоштаса отырып, естеріңе саламын.
Балалар, денсаулықтарыңды күтіңдер. Ұлдар сендер күшті әрі батылсыңдар, Біздің қыздар өте нәзік. Сондықтан оларға қорған болыңдар.
3 –бөлім. Түйіндеу.
Тәрбиеші:Балалар бақшасына оралар мезгіл жетті.Қане, бәріміз қол ұстасып, көзімізді жұмып, өзіміздің сиқырлы сөздерімізді қайталайық.
Аспанға ұштық қалықтап,
Жер төменде қалыпты.
Орман, тоғай, адамдар,
Өзендер де балықты.
Демалайық отырып,
Біз қайдамыз, ой, қызық.
(Көздерін ашқанда өз топтарының ортасында отырады).