Сказка «Мақта қыз бен мысық»
Сказка «Мақта қыз бен мысық» - это увлекательное произведение, рассказывающее о дружбе, помощи и невероятных приключениях. Эта история открывает нам двери в волшебный мир, где герои должны решать различные задачи и помогать друг другу. Главная героиня, Мақта қыз, учит нас важности нежности и взаимопонимания, которые необходимы для преодоления любых препятствий.
История начинается с того, что Мақта қыз находит изюминку, что становится началом ее забавных приключений. Вместе с ее пушистым другом, мысыком, они сталкиваются с множеством забавных ситуаций, где им приходится взаимодействовать с другими персонажами - коровой, деревом и даже крысой. Каждое новое знакомство открывает перед ними новые возможности и вызывает море положительных эмоций.
Каждый герой в этой сказке имеет свою уникальную личность и интересные черты, что придаёт интригу и развивает сюжет. К примеру, как Мақта қыз, так и мысык проявляют смекалку и находчивость, что позволяет им находить решения в сложных ситуациях. Их взаимодействия с другими персонажами помогают развивать ключевые темы побуждения, дружбы и соучастия.
Сказка также обогащена красочной описательной составляющей, что делает ее визуально привлекательной. Читатели будут очарованы образами, которые оживают на страницах: от нежных шепотов трав до весёлых звуков, которые издают животные. Это создаёт атмосферу уюта и заставляет чувствовать связь с природой и её жителями.
В итоге, «Мақта қыз бен мысық» - это не просто пересказ событий, а настоящее маленькое произведение, которое легко запоминается и оставляет яркие впечатления. Оно показательно раскрывает важные жизненные уроки о дружбе, взаимовыручке и гуманности в любой ситуации. Эта сказка станет отличным выбором как для чтения детям, так и для всей семьи.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Ертегіні сахналауға ересек топтың тәрбиеленушілері қатысады:
1. Мақта қыз
2. Мысық
3. Сиыр
4. Ағаш
5. Қыздар
6. Сатушы
7. Тауық
8. Тышқан
Қажетті құрал-жабдықтар:
1.кішкентай қапшықтағы дән |
|
2.жұмыртқа |
|
3.сағыз |
|
4.ойыншық шелектер |
|
5.жапырақ (бұтақтағы) |
|
6.сүттің құмырасы 7. тостаған 8.кішкентай дөңгелек үстел 9.төсек |
|
Сахнада Мақта қыз үй жинағандай болып жүреді. Ортада дөңгелек үстелдің үстінде қатық құйылған тостаған тұрады.
Автор: Баяғыда Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысығын шақырады.
Мақта қыз:
- Мысығым, мысығым, бері келші (2 рет шақырады).
Автор: Мысық келмейді.
Мақта қыз:
- Келмесең келме, өзім жеймін (мейізді жегендей болады)
Автор: Бір кезде мысығы келеді (музыка әуенімен мияулап мысық кіреді)
Мысық:
- Мяу-мяу, Мақта қыз, Мақта қыз неге шақырдың?
Автор:Мақта қыз айтпайды (үндемей отырып алады)
Мысық:
- Ендеше қатығыңды төгемін.
Мақта қыз:
- Мен құйрығыңды кесіп аламын.
Автор: Сөйтіп, мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады (музыка әуені ойнағанда мысық пен Мақта қыз өз іс-әрекеттерін жасайды). Ал, мысық болса Мақта қызға былай дейді:
Мысық: Мақта қыз, Мақта қыз құйрығымды берші.
Мақта қыз: Менің қатығымды төле (тостағанды үстелдің үстіне қойып, дауысын қатты шығарып, ұрса сөйлейді. Сосын үйінде отыра береді).
Автор: Содан мысық сиырға барады:
Мысық: Сиыр, сиыр маған қатық берші.
Сиыр: Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші.
Автор: Мысық анадай жерде жайқалып өсіп тұрған ағашқа келеді:
Мысық: Ағаш, ағаш жапырағыңды берші.
Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын. Маған су әкеліп бер.
Автор: Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
Мысық: Қыздар, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Бізге сағыз әкеліп берсең, су береміз.
Автор: Мысық дүкенге барады.
Мысық: Әй,сатушы, маған сағыз берші.
Сатушы: Сен маған жұмыртқа әкеліп бер.
Автор: Мысық тауыққа барып:
Мысық: Тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Қыт-қыт-қыт. Сен саған дән әкеліп бер.
Мысық: Енді не істеймін (мысық жан-жағына қарап, басын ұстайды).
Автор: Сол кезде мысық бір тышқанның інін қазып жатқанын көреді. Ақырын келіп бас салады да:
Мысық: Жаның барда айт, үйіңде не бар?
Тышқан: Үйімде, үйімде бір табақ тары бар (шошып, дауысын дірілдетіп).
Мысық: Жаның барда, жылдам әкел.
Музыка әуенімен тышқан залдан зытып шығып кетіп, бір уыс тарыны (кішкентай қапшықтағы) мысыққа ұсынып:
Тышқан: Мысық, мысық міне, бір уыс тары.
Мысық бір уыс тарыны алып тауыққа барады:
Мысық: тауық, тауық міне тары.
Тауық: Міне, саған жұмыртқа.
Мысық: сатушы, сатушы міне жұмыртқа.
Сатушы: Міне саған сағыз.
Мысық: қыздар, қыздар, міне сағыз.
Қыздар: міне саған су.
Мысық: Ағаш, ағаш міне су.
Ағаш: Міне саған жапырақ.
Мысық: Сиыр, сиыр міне жапырақ.
Сиыр: міне саған қатық.
Мысық: Мақта қыз, міне қатық.
Мақта қыз: Мысығым, мысығым міне сенің құйрығың (Мақта қыз мысығының құйрығын жалғап береді).