Сценарий мероприятия «Әкем, шешем және мен»
Наш сценарий под названием «Әкем, шешем және мен» создан для проведения увлекательного семейного эстафетного соревнования, в котором участвуют не только дети, но и их родители. Это мероприятие направлено на укрепление семьи, развитие физической активности и вовлечение родителей в жизнь детского сада. Ведь здоровое поколение начинается с активного участия всей семьи в воспитании детей.
Ежегодно мы организуем это соревнование в рамках государственной программы «Салауатты Қазақстан», которая призвана популяризировать здоровый образ жизни среди молодежи. Концепция нашего сценария простая: каждый участник, будь то ребенок или родитель, должен показать свои физические способности и взаимодействовать с командой. Это способствует укреплению семейных связей и развивает командный дух.
Сценарий включает в себя множество занимательных эстафет, которые помогут детям не только развлечься, но и развить определенные навыки. Участники выполняют различные задания, такие как прыжки в длину, эстафеты с мячом и другие спортивные игры. Такой подход позволяет детям развивать физическую выносливость, ловкость и умение работать в команде.
Кроме того, мы акцентируем внимание на важности вовлечения родителей в воспитательный процесс. С каждым годом мы видим, как участие родителей в таких мероприятиях не только укрепляет здоровье их детей, но и позитивно сказывается на их отношениях. Это особенно важно в современном обществе, где многие родители заняты работой и могут забыть об активном досуге со своими детьми.
Таким образом, сценарий «Әкем, шешем және мен» представляет собой уникальное событие, которое нравится всем участникам. Мы воспитываем не только здоровое поколение, но и формируем ответственных, активных граждан, способных к сотрудничеству и совместному развлечению.
Бекітемін
Мектеп директор:
С.Сүйесінова
________________
Келісемін
ОІО:
Г.Жолдаспаева
________________
«Әкем, шешем және мен»
отбасылық эстафеталық
Тақырыбы: «Мақсаты бірдің рухы бір»
Өткізген: Нургалиева Н.А.
Токкужина Г.Ж.
«Новоишим қазақ орта мектебі «КММ жанындағы
«Қызылжар» шағын орталығы
2016-2017 оқу жылы
«Әкем, шешем және мен» отбасылық эстафеталық сайыс сценарийі
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Салауатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.
Қажетті құралдар:Доптар, кеглдер, қаптар,арқант.т.б.
Спорт залға марш сазымен ата – аналар балаларымен алты қатарға тізіліп тұрады. Эстафеталық жарыс басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Жүргізуші:
Береке де осында
Мереке де осында
Болыпжатыр той думан
Қырандардың қасында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр ғой баламыз
Жарысып кәне алты топты
Қол соғып қарсы алайық.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сауазамат пен азаматшалар өсіру отбасының, балабақшаның борышы екені баршамызға мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта халқына қалаулы, еліне елеулі ата – ананың мақтанышы, дені сау жас ұрпақ өсіру жолындағы тәрбиеісінде біздің «Қызылжар» шағын орталығының ұжымы да аянбай жұмыс жасап келеді. Міне, бүгін бізде айтулы мереке, «Мақсаты бірдің рухы бір» деп ұрандатқан «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық эстафеталық сайысымызға хош келдіңіздер!
Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз – үлкен іске үн қосу, салауатты өмірге үндеген Елбасының саясатын насихаттау. Олай болса құрметті қонақтар және спорт жан күйерлері, жарысқа қатысушы топтарды қарсы алайық!
1. Уалиевтар отбасы 4. Ахметовтар oтбасы
2. Бәдір отбасы 5. Елеуке отбасы
3. Хатран отбасы 6. Серикбай отбасы
Бүгінгі мерекелік шара «Әкем, шешем және мен» отбасылық сайысын ашу үшін балабақша меңгерушісі Сүйесінова С.Т ханымға сөз береміз.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз. - деп Жарысты бастамас бұрын бүгінгі ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері А.Алпыспаевна,Новоишим қазақ орта мектебінің алғашқы әскери даярлық мұғалімі Жабагин Тілектес,Новоишим қазақ орта мектебінің оқу ісінің менгерушісі Г.Мухтаровна (Әділ – қазылар алқасы «3», «4», «5» деген ұпаймен әр ойынды бағалайды.)
Енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз.
Сайысқа қатысатын ата - аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
Ойынның шарттары: 1.Таныстыру(топтын аты,девиз,эмблема).
2. «Жүйрік ат» эстафетасы
3. «Кім епті» эстафетасы
4. «Кім жылдам» эстафетасы
5. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
6.«Ұзындыққа секіру»
1.Таныстыру(топтын аты,девиз,эмблема).
2. «Жүйрік ат» эстафетасы
Шарты: Екі аяқтың арасына доп қысып секіріп алдығы кедергіден айналып қайта келед, ал балалар допты қолдарына ұстап сол кедергіден айналып жүгіріп келеді.
3. «Кім епті»
Шарты: Шелектегі судан қасықтап тасып стакан толтырады, балалар қолдарына сумен толған шелекті ұстап тұрады.
4. «Кім жылдам»
Шарты: Белгіленген белгіге дейін қаппен секіру,ал балаларын қапқа салып екі жақтап көтеріп,белгіленген жерге дейін барып кейін қайту.
5. «Допты шеңберге лақтыру»
Шарты: Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. 2 метр қашықтықта биіктігі 1,5 м-дей темір құрсауға допты лақтыру.Ал балалары әкесі ұстап тұрған шығыршыққа лақтырады.Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеңберге дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.
6. .«Ұзындыққа секіру»
Шарты: Барлық команда ұзындыққа секіреді.Кейін секірілген ұзындық өлшенеді.Қай команданың үзындығы көп болса,сол женеді.
« Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй» - деп, ендігі кезекті әнге берейік.
«Қазақ елі» орындайтын Айдана.
Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Қорытынды. (Жеңімпазды атау) Құттықтау. Алғыс хат
Жеңімпаз командаға сыйлық.
Жүргізуші:
Әкем, шешем көңіл қойса, дем беріп
Спортты біз сүйер едік тең көріп
Салауатты өмір салтын сақтайық
Спорт қана қамалымыз ең биік – деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.