Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Психологический тренинг «Ертегі – ойдан шығару»

Психологический тренинг «Ертегі – ойдан шығару»

Токумбаева Шолпан Жумабаевна
Токумбаева Шолпан Жумабаевна
DOCX
233
2

Данный документ представляет собой описание психологического тренинга под названием «Ертегі – ойдан шығару», который направлен на повышение психологического комфорта воспитателей детских садов города Костанай. Тренинг организован с целью укрепления командного духа и улучшения взаимопонимания среди работников образовательных учреждений. В рамках тренинга участникам предоставляется возможность раскрыть свои творческие способности и научиться больше доверять друг другу.

Программа мероприятия включает в себя разнообразные игровые элементы, такие как «Путешествие в детство» и «Сказочная терапия», что создает позитивную атмосферу взаимодействия. Каждый воспитатель сможет вспомнить добрые моменты своего детства, а также поделиться мыслями и эмоциями, связанными с его ранними годами. Особое внимание уделяется не только личному развитию, но и коллективной работе, где все участники вовлечены в процесс и могут открыто выражать свои чувства.

Ведущим тренинга предложены различные задания, которые помогут раскрыть внутренние ресурсы участников, побудят их к взаимопониманию и укреплению психологических связей. Успех тренинга зависит от активного участия каждого, а результаты занятия обогатят опыт воспитателей и сделают их работу более продуктивной и радостной. В заключение, каждый участник сможет поделиться своими впечатлениями и узнать, как эмоциональный интеллект влияет на их профессиональную деятельность.

Предпросмотр

«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№13 бөбекжай – балабақшасы» МККҚ
 
 
 
 
 
 
№2 педагогикалық кеңес:
«Ертегі – ойдан шығару»
психологиялық тренинг
 
 
 
 
 
 
                                                                           Дайындаған: Токумбаева Ш.Ж.
 
 
 
 
 Қостанай 2017 жыл
Тақырыбы: « Ертегі – ойдан шығару»  психологиялық тренинг.
Бүгінгі тренинг кездесуімізге қош келдіңіздер.
Мақсаты: Тәрбиешілердің  психологиялық көңіл күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, ұжымда сыйластық  қарым-қатынас орнату және шығармашылық қабілетін арттыру;
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Қайырымды жандар айнала, 
Шеңберге келсін жайлана. 
Жалықпастан қайта біз, 
Махаббат сөзін айтамыз. 
Сүйеміз барлық әлемді, 
Әлемдегі бар елді. 
Бақыттымыз осы біз 
Қасымызда досымыз!- тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады
:
«Қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын адамдарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені анам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше?», деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша! 
Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздан қиылған гүлдер,ақ қағаз, қалам,смайликтер;
Жүргізілу барысы.
Ұйымдастыру.
1. «Балалалық шаққа саяхат».
2. Топқа бөлу.
3. Ертегі терапиясы.
4. Өз ойынан ертегі құрастыру;
5. Қорытындылау
Тренингімізді бастау үшін  қатысушылар  ортадан орын алсын.
«Саяхатқа бірге шығайық» тренинг ойын.
Шарты: Көңілді әуен ойнап тұрады. Әуен қосылған кезде барлығымыз билейміз, әуен тоқтаған кезде барлығымыз кемеге отырамыз. Солай ойын жалғасады.
- Мына стөлден өздеріңізге ұнаған гүл түстерді таңдап алуларыңызды сұраймын.
Тәрбиешілер  өздері таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінеді.
Қызыл - түсті гүл  алған топқа «мейірім», сары түс  гүл алған топқа «қуаныш», жасыл  түсті  гүл алған топқа «шаттық» сөздері жазылған атау беріледі, таңдаған түстері туралы мағлұмат беру.
Қызыл түс – өте ерекше сұрақты көп қоятын, ойларын еркін айтатын белсенді адамдар. Бұл топ «мейірім» тобы. Таныс болыңыздар!
Сары түс – оптимизм. Бейбітшілікпен шешуді жақтайтын, ақжарқын адамдар.
«Қуаныш» тобымен таныс болыңыздар!
Жасыл  түс – қиялға бай, шығармашыл адамдар. «Шаттық» тобымен таныс болыңыздар!
Ертегі терапиясы: «Жүзіктегі жазулар».
 Баяғыда бір хан болыпты. Оның перзенті болмапты. Хан қартайып, өлер шағына жеткен соң:Мен өлгеннен кейін, менің ауламның есігін бірінші болып ашқан адам менің орныма хан болсын, - дейді уәзірлеріне. Хан өлген соң уәзірлері қақпа алдында тұрса, бірінші болып қақпаның есігін бір диуана ашыпты. Ханды жерлегеннен кейін диуананы хан етіп сайлайды. Басқа диуаналар оны көре алмайды да:
- Сендер мені күндемей-ақ қойыңдар. Менің өмірімнен сендердің өмірлерің жақсы. Сендер өз пайдаларыңды өздеріңе жұмсайсыңдар, өз бастарыңды ойлайсыңдар. Ал мен болсам, халқымды ойлаймын, халқым үшін қызмет етемін дейді.
Осы сөзді айтып хан диуаналарды шығарып салады. Арада біраз уақыт өтеді. Хан диуаналарды ұмытып та кетеді. Ханға қапа болған диуаналар жиналып әңгімелеседі. Сонда бір диуана тұрып:
- Бұл хан бізді менсінбей барады. Біз былай істелік, барлық жиған ақшамызды қосып, бес күміс жүзік істелік. Сол жүзіктердің бетіне бес түрлі өсиет жаздырып, ханға сыйлайық. Сосын патша уәзірлеріне сөйлеген кезде, сол өсиеттерді оқып, мен-менсімейтін болады дейді.
Топтық жұмыс. Диуаналар ханға қандай өсиет сөздерді жүзікке жаздырды.
Әр топ өздері жазған өсиет сөздерін топ алдында оқиды. Бұл жүзікте:
·                                Ұлық болсаң, кішік бол,
·                                Менмен болма
·                                Ең жақсы әдет жомарттық
·                                Кішіпейіл бол.
·                                Кем болма,кең бол,- деген өсиеттер жазылады.
Бұл жүзіктерді тағуға барғанда, диуаналар былай дейді:
Әр кезде осы жүзіктерге қарап, өсиеттерді оқып тұр. Сонда ғана сені халқың сыйлайтын қадірлі хан боласың. Хан жүзіктерді өмірінің соңына дейін тағып өтеді де, оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға өсиет етеді.
Жантанушы: келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол – ертегітерапия, яғни шеңбер бойынша ертегі құрастырамыз. Мен сіздерге ертегінің басын бастап беремін сіздер жалғастырастырып, келесі адаммен ауысасыз, ол әрі қарай жалғастырады. Соңғы адам ертегіні аяқтайды. Ойымызбен және өз қиялымызбен құрастырылған ертегіні оқимын, сіздер осы ертегіге атау берініздер.Қалай атаймыз?Талқылау.
Қорытындылау.
«Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты  адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып жұмысты аяқтаймын.
«Смаилик» психологиялық тренингке қатысушы адамдар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «смаилик» көмегімен көрсетеді.