Сахналық қойылым «Үйшік» – балалардың шығармашылық әлемі
МКҚК «Таңшолпан» балабақшасында өткен «Үйшік» сахналық қойылымы, балалардың шығармашылық әлеуетін көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Қойылымның негізгі мақсаты – балаларды ертегі кейіпкерлерінің рөліне енгізу, олардың мінез-құлықтарын, дауыс ырғағын көрсете отырып, өнер әлемінің сиқырына жақындату болып табылады. Бұл бала тәрбиесінде ұмытылмас тәжірибе.
Балалардың өнерін дамыту үшін ойын, шығармашылық әрекет, сахналық қойылымдарға қатысу өте маңызды. «Үйшік» қойылымында, ертеді кейіпкерлерінің рөліне енген әр бала, өзін-өзі көрсете алады, достарымен ынтымақтастық танытып, бірге жұмыс істей отырып, ойынның мақсатын жүзеге асыруға белсенділік танытады.
Қойылым барысында ертегіші, тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю секілді кейіпкерлерді сомдай отырып, баланың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, сахна өміріне баулу – бәрі де негізінен қойылымның дамуында үйлесе атқарылды. Балалар мұнда бір ортада, ортақ билікті бөліп, қызықты кезеңдердің куәгері болды.
Сахнаға шықпау, эмоцияларды білдірмеу, немесе тек қана ойын ережелеріне сәйкес әрекет ету – бұл балалардың шығармашылық қабілеттерін шектейтін нәрселер. «Үйшік» қойылымы осы шектеулерді жоюға шақырады. Біздің балабақшамыздағы балалардың өнер жолындағы алғашқы қадамдары бүгінгі сахнада, «Үйшік» арқылы есте қалдырылады.