Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Ашық сабақ «Елім менің – Тәуелсіз»

Ашық сабақ «Елім менің – Тәуелсіз»

Турабаева Асем Ахметкызы
Турабаева Асем Ахметкызы
DOCX
133
0

В этом документе представлено содержание открытого урока на тему «Елім менің – Тәуелсіз», проведенного в группе «Балапан» детского сада «Өрнек». Урок посвящен важным аспектам патриотизма и любви к своей стране, начавшись с исполнения гимна Казахстана.

В ходе занятия дети знакомятся с историей независимости страны, направленной на развитие их понимания героизма и самосознания. Основная цель — помочь детям осознать значение 16 декабря, как дня провозглашения независимости Казахстана в 1991 году, и воспитать у них уважение к национальным символам и традициям.

Учитель, Турабаева А.А., использует разнообразные наглядные материалы, включая карты и рисунки, чтобы сделать урок интересным и интерактивным. Обсуждаются государственные символы, такие как флаг и герб, что способствует формированию у детей глубокого уважения к своим культурным корням и истории своей страны.

Кроме того, урок включает в себя множество игровых и творческих заданий, которые развивают у детей не только интеллектуальные, но и эмоциональные навыки. Дети участвуют в активных обсуждениях, отвечают на вопросы и делятся своими знаниями, что способствует более глубокому усвоению материала.

Предпросмотр

«Өрнек» балабақшасы










Ашық сабақ
«Елім менің – Тәуелсіз»
Балапан” тобы





Тәрбиеші: Турабаева А.А.





Преображенка ауылы


«Балапан» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: «Елім менің – Тәуелсіз»
Мақсаты:Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру. Тәуелсіздік , егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қаблеттерін дамыту. Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету. Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекіліктер: Үлестірмелі суреттер, плакат т.б


Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру



Әнұран орындау.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру
 Жаңа сабақ


а) Қазақстан Республикасының картасын көрсету. - Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан - ғасыр Жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері ­бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
-Балалар , ал еліміздің рәміздері туралы не білеміз.
Тәрбиеші: Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.
Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді


ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз .
Осы Отан дегеніміз не?
Балалардың жауабы.
-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .


Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.
Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президен­ті - Н.Ә. Назарбаев.
- Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана қаласы.
- Алматы қандай қала?
- Алматы - әсем қала. Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған.
- Дұрыс айтасыңдар. Қазір Алматы еліміздің Мәдени орталығы болып саналады. Алматы қаласының Республика Алаңында Қазақстан Тәуелсіздігі құрметіне арналған қар барысына мінген Алтын адамның биік ескерткіші және Тәуелсіздік монументі орнатылған. (Картадан Астана мен Алматы қалалары және суреттері көрсетіледі).
б) Педагогтің түсіндіруі.


- 16 Желтоқсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтын, батыр, қаһарман ұл - қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.
Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.
– Мен қыздардың бес атын білемін:
Аянат – бір
Алтынай – екі
Айару – үш
Жанерке – төрт
Нариман – бес
Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі.Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың.
Суретті бояңдар

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.


Күтілетін   нәтиже:
Білу Еліміздің Тәуелсіздігі туралы.
Өзіне үйренгені Жаңа білімді түсінеді
Үйрену Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.