Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Қыс көрінісі: ортаңғы топқа арналған оқу қызметінің технологиялық картасы

Қыс көрінісі: ортаңғы топқа арналған оқу қызметінің технологиялық картасы

Латыпова Гульмира Ораловна
Латыпова Гульмира Ораловна
DOCX
89
1

Қыс мезгілі туралы оқыту үрдісі балалардың табиғатпен, ауа райымен және оны сипаттайтын лексикамен танысуына мүмкіндік береді. Осында берілген технологиялық карта, ортаңғы топтың балаларына орыс және қазақ тілдерінде қыс көрінісін сипаттауды үйретуге бағытталған. Негізгі мақсат – балаларға қажетті жаңа сөздерді меңгеру мен олардың сөздік қорын дамыту.

Сабақ барысында балаларға қардың түрлері мен қыс мезгіліне тән элементтер көрсетіледі. Мотивациялық кезеңде интерактивті құрал ретінде қарды көрсету арқылы балалардың қызығушылығы артады. Мұғалімнің сұрақтары балалардың ойлау қабілетін дамытып, олардың белсенді қатысуына ықпал етеді.

Дамытушылық кезеңінде, балаларға барлық сезім мүшелерімен қарды тану, оны ұстап, сипап көру ұсынылады. Осылайша, оқу қызметі балалардың қыс туралы білімдерін тереңдетеді. Сабақтың құрылымы балалардың белсенділігін арттырып, олардың тілдік дағдыларын кеңейтеді.

Рефлексивті кезеңде, балалар өз білімдерін қорытындылайды. Олардың қыс мезгілі, қар және суық туралы ұғымдары бекітіліп, жаңа сөздерден алған білімдері қайта жаңартылып отырады. Қорытындыда, әр бала өзінің қыс жөніндегі түсінігін айтып, қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс қолдануға тырысады.

Осы технологиялық карта арқылы балалар тек қана дәрістік білімді емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды да меңгереді. «Қысын қарай» атты ойынның көмегімен, олар қыс мезгілінің табиғи қажеттіліктері мен құндылықтарын бағалауды үйренеді және өнертабысты дамыту үшін шығармашылық қабілеттерін ашады.

Предпросмотр

Ортаңғы топқа арналған
ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: «Қазақ тілі»
Тақырып: «Қыс көрінісі»
Бағдарламалық міндеттер:
Білімділік: қыз мезгілін қазақ тілінде сипаттай білуге үйрету;
Дамытушылық: сөздерді дұрыс айтуға, сөйлем түрінде жауап беруге үйретуді жалғастыру;
Тәрбиешілік: табиғаттың әдемілігін көре алуға тәрбиелеу.
Сабаққа арналған материалдар: қыс мезгілінің суреттері, қар шелегімен.
Жаңа сөздер: қыс, қар, аяз, суық, ақ, мұз.

Әрекет кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Шелектегі қарды көрсетеді.

  • Мынау не?

  • Қар жылдың қай мезгілінде болады?

Қарайды.

  • Мынау қар.

  • Қыс мезгілінде.

Ұйымдастырушылық-ізденіс

  • Әрине, қазір қыс мезгілі. Бүгін сол туралы сөйлесеміз.

  • Қардың түсі қандай?

  • Қар қандай?

  • Қарды ұстап көріңдерші.

  • Қар қандай?

  • Қар суық болса да, сендер оны лақтырып ойнағандыұнатасыңдар. Ойынға шақырамын.

  • Балалар, қараңдар, қар неге айналды?

  • Егер суды далаға шығарсаңдар неге айналады?

  • Қалай ойлайсыңдар, су неліктен мұз болды?



  • Ақ.

  • Қар ақ.

Ұстайды.

  • Қар суық.

Қар лақтырып ойнайды.



Жауаптарын айтады. (су)


  • Мұзға.


  • Суықтан.

Рефлексивті-коррекциялаушы

  • Міне, қыс көрінісі. Сендер көп сөздер үйрендіңдер. Ең маңызды жаңа сөздерді атаңдаршы.

Жауап береді.


Күтілетін нәтиже:
Қыс мезгілі, қыс көрінісі жайлы түсініктері болу керек;
Қыс мезгіліне қатысты жаңа сөздерді білді;
Қазақ тілінде дұрыс айта, қолдана алады.


Қолданылған әдебиеттер:
1. «Отбасы және балабақша» журналы.
2. К.С. Ильяшева, А.Е. Шалаханова «Қазақ тілін үйренеміз» Әдістемелік құрал.