Жыл басы - Наурыз
Наурыз - қазақ халқының көптен күткен мейрамы. Бұл күн көктемнің келуімен, жаңарудың символы болып табылады. Мұндай мейрамда балалар ұлттық дәстүрлерді үйреніп, халықтың бай мәдениетімен танысады. Наурыз тойының мәні терең, себебі бұл мереке тек қана жаңа жылдың басталуы емес, сонымен қатар татулық пен бірліктің, ырыс пен берекенің символы.
Мектептің «№47 Жалпы орта білім беретін мектеп» ұжымы мен «0 «Е» даярлық тобының оқушылары осы мейрамды жоғары деңгейде атап өтті. Балақайларымыз сәнді киімдерімен, қолдарында бәйшешек гүлдерімен сахнаға шығып, көрермендерді қуантты. Ән мен би, халқымыздың дәстүрлері арқылы балаларымыздың өнерлерін көрсетуі - әрбір ата-ана үшін мақтан. Наурыз тойында біздер тек куәгер ғана болмадық, сондай-ақ оның бір бөлшегіне айналдық.
Сахнада ұсынылған әрбір көрініс, әрбір ән - халқымыздың мәдениетінің нарышына куәлік етеді. Наурыз қыз бен қоянның бейнесі, ұлттық ойындар, көже әзірлеу туралы айтылған жырлар біздің жастарымызға ұлттық рухты қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Сол секілді балаларымызға батамен берілген тілек, халқымыздың игі дәстүрін жалғастыруға серпін береді. Бұл мейрам - ата-ана мен баланың бірге өткізетін ерекше сәттері, жарқын естеліктерге толы.