Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Менің педагогикалық ұстанымым

Менің педагогикалық ұстанымым

Шушанова Махаббат Кадыржановна
Шушанова Махаббат Кадыржановна
DOCX
298
2

Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым» - тәрбиеші мамандығының жауапкершілігін ашып көрсетеді. Әрбір тәрбиеші үшін шәкірттердің жарқыраған шамшырақ екенін түсіну, оларды адалдыққа, білімге бағыттау аса маңызды. Білім беру жолында жинаған тәжірибемді әрдайым қолдана отырып, балалардың растықтары мен потенциалдарын дамыту үшін мен шәкірттеріме жанашыр болуға тырысамын. Тәрбиеші ретінде мен балалардың әрқайсысының ерекше екенін түсініп, оларға теңдей білім беруге міндеттімін.

Бүгінгі қоғамдағы тәрбиешінің рөлі ерекше. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, ел мен халық алдындағы борыш, білімнің маңыздылығы туралы Елбасымыздың сөздері мен үшін ұдайы темірқазық. Қазіргі таңда балалардың білім алуы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жаңа технологиялардың қолданысы ерекше болып отыр. XXI ғасыр тәлімгері ретінде мен өзімді үздіксіз дамытуға, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге міндеттімін.

Тәрбиеші болу – менің арманым, бұл қасиетті жолда мені қолдайтын шәкірттерімдерен қуат аламын. Менің міндетім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бақытты, білімді, шығармашыл азамат болып өсуіне жағдай жасау. Сондықтан мен әрбір сабағымды шығармашылықпен өткізуге, балалардың көңіл-күйін, қызығушылығын ескеруге, инновациялық әдістерді қолдануға талпынам.

Вам будут интересны эти конкурсы: