Сценарий новогоднего праздника для детей в детском саду
Документ представляет собой сценарий проведения новогоднего праздника для детей в детском саду «Жұлдыз». В нем описаны основные цели праздника, включая ознакомление детей с традициями праздника, развитие их интереса к окружающему миру и воспитание дружеских чувств. Праздник будет наполнен яркими эмоциями, играми и увлекательными моментами.
Сценарий включает ведение праздника, которое осуществляется харизматичным ведущим, который тепло приветствует детей и гостей. Он рассказывает о значении праздника, что помогает создать атмосферу ожидания и радости. Вокруг новогодней елки будут собраны все участники, и каждый сможет проявить свои таланты и способности. Так, дети смогут исполнить новогодние песни, танцы и стихи.
Одной из ключевых частей праздника станет появление сказочных персонажей – Деда Мороза и Снегурочки, которые создадут волшебную атмосферу. Дети будут активно участвовать в конкурсах и играх, что поможет развитию их межличностных навыков и способностей к общению. Каждое выступление будет способствовать развитию их выразительности и креативности.
Также сценарий включает вовлечение детей в процесс подготовки к празднику – они смогут украшать елку, готовить тематические поделки и участвовать в создании новогодних декораций. Все это способствует не только творческому развитию, но и формированию коллективного духа среди детей.
В конце праздника ведущий подведет итоги, поблагодарив детей за активное участие и подарив каждому небольшие сувениры на память о празднике. Это создаст атмосферу радости и оставит незабываемые впечатления у детей, что сделает этот день особенно значимым для них.
«Тексерілді» «Бекітемін»
Әдіскер «Жұлдыз» бөбекжайының меңгерушісі
Мажиг Баршынгул Ибрагим Дина
Жауапты: Хапсамет С.
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші:
Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар!
Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер. Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық.
Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді. Балалармен ертегі кейіпкерлері сиқыршы ескі жыл маймыл кіреді.
Жүргізуші: Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер. Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін.
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.
Кел,, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Сізде қош келдіңіз Мешін жылы, сіздің жылыңыз да биылғы құтты болды.
Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңа ризасың ба?
Мешін жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды.
Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де билерде күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін.
Шырша тойына балалар өз өнерлерін ала келіпті.
Балалар жаңа жылдық тақпақтар айтады.
1. Қырларды жапты күміс қар
Далада жаңа тыныс бар
Бұталар жалт - жұлт етеді
Кәдімгі бейне хрусталь
2. Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Жүргізуші: Бүгінгі біздің Жаңа жылдық ұранымыз бір - бірімізбен дос болу. Олай болса бәріміз
Ән: «Қош келдің ,Жаңа жыл» әнін орындайық
Балалар шыршамызды жарқыратайық. Сиқыршы сіз шыршамызды сиқырлауға біздің бүлдіршіндерімізге көмектесесізбе?
Сиқыршы: Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар. Әрине ол үшінбалалар бәріміз бірге
ШЫРША ШЫРША ЖАҒЫЛШЫ
ӘСЕМ МОНШАҚ ТАҒЫЛШЫ деп қайталауыз керек
Сол кезде сиқыршы сиқыр таяғымен шыршаны айналып сиқырлап жаққан болады.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).
Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Тәрбиеші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын.
Тәрбиеші: А-а Аяз атанын немересі боласын ба?
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.
Тәрбиеші: Қандай санамақтар?
Мыстан кемпір: Қаптың тұбі тесіліп, санамақтар шашылып.
Тәрбиеші:Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден
Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Сонда кім болғаны
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.
Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.
Би:
Мыстан кемпір: Балалар сендер мені мерекелеріне қатыстыратын болдыңдар сондықтан мен Аяз ата иен Ақшақарды барып ертіп келейін –деп шығып кетеді
Музыка ойнайды:
Жүргізуші: балалар енде аяз атамз бен Ақшақарымызды шақырайық: Қанекей бәріміз бірге: Аяз Ата Ақшақар 3 рет
Музыка ойналып Аяз ата шырша жанына келеді.
Аяз ата: - Амансыздар ма балалар, қонақтар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын
Жүргізуші: Сәлематсыз ба Ата Балалар сізді асыға күтіп отыр.
Балалар мен орман ішінде келе жатқанда Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыңдар ма?
- Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды)
Сиқыршы – Мен көмектесейін (сиқырлы әуен ойналады)
Музыка ойналып Ақшақар кіреді.
- Сәлематсыздар ма балалар, қонақтар. Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп Аяз атамнан адасып қалдым.
- Рахмет сиқыршы
Жүргізуші - Ақшақар балалар сізді асыға күткен еді. АТА сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз.
Ақшақар - Мен секілді қарша қыздар бар екен ғой мында билегім келіп тұр.
«АҚШАҚАРЛАР» биі
Би соңында Ақшақар қар жауғызады.
Жүргізуші – Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді
Аяз ата: - Ой мына балалар өнерлі екен. Менің де билегім келіп кетті ғой. Қәне бәріміз мына әсем шыршаны айналып көңілді бір әуенге билеп жіберейік.
ШЫРШАНЫ АЙНАЛЫП АЯЗ АТА МЕН БИ
ЖҮРГІЗУШІ:- Аяз ата балалармен ойын ойнаңызшы
Аяз ата балалармен «ОРЫНДЫҚ» ойынын ойнайды.
Мешін жылы – Ой балалар менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды. Сендермен қоштасатын кез келді. Сау болыңыздар.Мешін жылы қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар Жаңа жылымыз келгенше көңілді шырша тойымызды жалғастырайық.
ӘН «Жаңа жыл» Сүйеніш Фаризаның орындауында
Есік қағылып Жаңа жыл Тауық кіреді.
Жүргізуші: Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып
Жүздерінен қуаныш нұрын төккен
Балбұл жанған беттерін аяз өпкен
Айналайын балалар қарсы алыңдар
Жаңа жылды асыға көптен күткен.
Ән: «Қошақан» Ондасынова Айзере
Жаңа ТАУЫҚ жылы сөйлейді
Тауық: Армысыздар балалар
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық Жақсылыққа бағыт алған
Тауықпын мен Жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жаңа жылдың мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бақыт жолды қолдаймын
Жүргізуші: - Қонысыңыз құтты болсын Тауық жылы
Қонарсыз төрімізге ырыс болып
(Аяз ата мен Ақшақар қоштасып шығып кетеді)
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген сөз
Қанаттана кең әлемге тарайды
Ән: «Мерекем» Аяухан Бағым
Жаңа жыл бірлік берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып
Қуаныш шашу шашсын төрімізге
Міне жаңа жылға арналған мерекемізде аяқталды.Барлықтарыңызға көңіл күйлеріңіздің жақсы болуын тілейміз.Жаңа жыл құтты болсын!