Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Технологиялық картасы «Шана тебеміз» - балалар үшін оқу әрекеті

Технологиялық картасы «Шана тебеміз» - балалар үшін оқу әрекеті

Тусипжанова - Шагирова Акмарал Темирбековна
Тусипжанова - Шагирова Акмарал Темирбековна
DOC
160
2

Данный документ представляет собой технологическую карту организованного учебного занятия для детей II младшей группы, посвященную теме «Шана тебеміз» и направленного на развитие их речевых навыков. В рамках занятия педагог продолжит обучение детей составлению рассказов, акцентируя внимание на использовании новых слов и активизации их словарного запаса. Занятие проходит в форме игры, что делает его привлекательным и веселым для детей.

Основной целью занятия является обучение детей правильно говорить о зимних развлечениях, в частности, лыжах и санях. Реализация этой цели достигается через множество воспитательных задач, таких как формирование у детей представления о зимней одежде, а также обучению их правильному использованию антонимов в процессе речи.

В ходе урока уделяется внимание использованию трех языков, что позволяет детям познакомиться с терминами «шана», «аяз» и «тымақ» на казахском, русском и английском языках. Это также способствует формированию у детей навыков межкультурного общения и многоязычия.

К занятиям прилагаются необходимые визуальные материалы, такие как картинки с зимними играми и изображением детей в зимней одежде. Важно, чтобы занятия были не только обучающими, но и развлекательными, поэтому проводятся интерактивные игры и мероприятия, что создает атмосферу радости и увлеченности для детей.

Кроме основных направлений, в процессе занятия особое внимание уделяется гуманитарному воспитанию детей, так как важной частью воздействия на детей является привитие таких ценностей, как забота и дружба. Применение всех этих методик и подходов обеспечивает качественное усвоение материала и активное взаимодействие между детьми и педагогом.

Предпросмотр

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Мерзімі: 10.01. 2017 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі:«Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Шана тебеміз» (әңгіме құрастыру)
Мақсаты: балаларға әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.
Міндеттері:
Білімділік: балаларға киім (түс және мөлшер), әрекет (тебеміз, жүгіреміз, ойнаймыз) атауларын бекіту, қарама – қарсы мағынадағы сөздерді қолдану (жылы – суық, тұрды - құлады);
Дамытушылық: «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру;
Тәрбиелік: бір – біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шана, аяз, тымақ.
Үштілдік компоненет: шана – сани – sleigh, аяз – мороз – frost , тымақ – шапка – winter hat
Қажетті құрал – жабдықтар: қысқы ойындар суреттері, балалар және оның киімдерінің суреттері

Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-
Қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
(Е. Өтетілеуұлы)

  • Бізге қонаққа Сауысқан келді. Оның аузында тістеген хаты бар екен. Ол Ақшақардан келіпті,ол «Қыс қызығы» мерекесіне келемін депті. Ендеше мереке өткізуге дайындалайық.

Жарты шеңберге тұрады. Бір-бірімен амандасады, тілек айтады,
орындарына отырады.


Қонаққа қуанады, қызыға тыңдайды, мерекеге дайындалуға ниет білдіреді.



Ұйымдастыру– іздестіру

Өлең оқиды:
Қыр басына шарқ ұрып,
Бір орында тұрмаймыз.
Шана сүйреп барамыз,
Қырдан төмен ағамыз.
Қалдық тіпті алқынып,
Ұшқан құстпай зулаймыз,
Қандай ауыр шанамыз?!
Қандай жеңіл шанамыз?!
Қ. Мырза Әли
Әңгімелесу.

  • Шана – қысқы сырғанайтын ойын көлігі.

  • Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылып тұр?

Жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Қолы жоқ болса да, терезе сурет салады,
Тістері жоқ болса да, далада бетіңді тістеп алады.
Ол не? (Аяз)

  • Аяз – қыс мезгілінің қатты суық күні.

  • Енді, осы сөздерді басқа тідерде де айтып көрейікші:

  • Шана – сани, аяз – мороз, тымақ – шапка.

Суретпен жұмыс.
«Шана тебеміз» суретін көрсетіп, сурет бойынша балаларды әңгімеге тартады.
Әңгімелесу.

  • Бір топ бала не істеп жүр?

  • Иә, дұрыс, сырғанап жарысып жүр.

  • Қыста қандай ойындар ойнауға болады?



  • Балалар не теуіп жүр?


  • Қыс қандай екен?


  • Қыста не жауады?

  • Қардан балалар не жасап жатыр?


  • Балалар қалай киініп алған?


  • Жылы, үстерінде тон, қалың куртка, бастарына баскиім, тымақ киіп , мойынын орағышпен орап алған. Қолғап, етік киген.

(киімдерді атаған кезде «т» дыбысына мән береді.)

  • Ал, тымақ деген- құлағы бар, жылы баскиім.

Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Дидактикалық ойын: «Қысқы киімдерді ата және киіндір»
Шарты: үлестірмелі материалдарды пайдаланып, суреттегі ұл және қыз баланың киімдерін тапқызу.
Жеке жұмыс:
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан қыстық ойын түрлерін сұрау.
«Т» дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін айтады, мысал келтіреді.

  • Енді, мына сөздерді өзге тілдерде де айтып көрейікші: шана – сани – sleigh (слэй), аяз – мороз – frost (фрост) , тымақ – шапка – winter hat (уинтә хәт)


Өлеңді мұқият, қызыға тыңдайды.





  • Шана.


  • Өлеңде қыс мезгілі туралы айтылған.

Ойланып, жұмбақтың шешуін табады.

  • Ол – қар.



  • Бұл – аяз.


Екі тілдегі баламаларын қайталап айтып, жаттап алуға тырысады.


Балалар суретке назар аударып, мұқият қарайды. Сұрақтарға жауап береді.


  • Ойнап жүр.



  • Сырғанаймыз, шана тебеміз, қармен атысамыз, аққала соғамыз.

  • Шана, шаңғы теуіп жүр.

  • Қыс көңілді, қызық.

  • Қар жауады.

  • Қардан аққалажасап жатыр.

  • Жылы киімдер киіп алған.


«Т» дыбысына мән бере отырып айтады.






Қимылдарын келтіріп орындайды.



Тапсырманы орындайды. Ұл және қыз балалардың киімдерін ажыратып береді.


Балалардың дербес жауаптары.




Сөздердің өзге тілдердегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.


Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:
Қорытындылау:

  • Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

  • Қыстың ерекшелігі не?

  • Қысты орысша қалай айтамыз?

«Күн сәулесі» шеңбері
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.

Сұрақтарға жауап береді.


Балалардың өз жауаптары.




Барлығы бірге қайталап, қимылдарын көрсете отырып айтады.


Күтілетін нәтиже:


Білу керек:әртүрлі тақырыптарда тәрбиешінің көмегімен қарапайым әңгімелер құрастыра біледі;
Болу керек: «Т» дыбысы сөздің басында да, ортасында да , соңында да кездесетіні туралы түсінік;
Істей білу керек: қыстық киім атауларын дұрыс атап, ауызекі тілде қолданан білу керек.
Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова – Шагирова
Тексерілді: ____________

















































ІІ кіші топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Мерзімі: 29.09.14 ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Мен және менің жанұям»
Мақсаты: отбасы туралы толық түсінік қалыптастырып, отбасы мүшелерін анықтау
Міндеттері:
Білімділік: Жанұя мүшелерімен таныстыру, оларды дұрыс атай білуге үйрету.
Дамытушылық: Жанұя туралы түсініктерін қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Қамқоршылық, отбасы, қамыр, шаңырақ, май шам.
Керекті құралдар:шаңырақ, қамыр, мейіз, өрік, қант, қағаздан қиылған гүлдер, май шам.
Қостілдік компонент: Отбасы – семья, қамқоршылық-попечительство, майшам-свеча


Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық шеңбер»
«Отбасы»
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» -деп айтамыз,
Бір болып, кеште қайтамыз.
Шаңырақ-отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын,кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасының болуы-үлкен бақыт.
-Олай болса бір-бір лентадан алып тілек айтайық.


Шеңберде тұрады.



Мұқият тыңдайды, бір-біріне тілек айтады,
орындарына отырады

Ұйымдастыру-іздестіру

Әңгімелеу
-Ертеде ата-бабаларымыз киіз үйдің ортасына от жағатын болған, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері ошақтың қасына, отбасына жиналып, әңгімелесіп, шаттанып
шай ішетін болған.
Тәрбиеші ортаға әдемі ыдысқа салынған май шамды қояды да:
-Май шамды жағайық та, бұл біздің туған үйіміздің ошағы деп елестетейік. Ол жанып тұра берсін, ал біз бір бейне сурет көрейік.
Осы кезде «Аюдың баласы қонжық пен пума» атты бейне сурет көрсетіледі
-Осы бейне сурет туралы не айтуға болады?


-Енді тағы да бейне суретке қарап әркім өз жанұсы туралы не айтады екен?



Әуен ойналады
Тәрбиеші балаларға жетекші сұрақтар қойып отырады:
-Ал, кім естеріңе түсті?



-Сендердің үйде отбасы мүшелері қай жерде жиналады?
-Бір-бірлеріңмен не туралы әңгімелесесің-
дер?


Сергіту сәті:





«Тату-тәтті отбасы» қимылды ойыны:
Балаларды ортаға шеңберге шақырады.Әр отбасында адамдар саны әртүрлі, себебі, кейбір отбасы мүшелері жақын туыстарымен бірге тату-тәтті тұрады.
Сөздік жұмысы:
Отбасы –семья, туыстар-родственники,
қамқоршылық-попечительство, майшам-свеча


«Кім жылдам?» дидактикалық ойын:
Ойын шарты: Отбасы мүшелерін үлкеннен кішісіне қарай ататып, ретімен орналастырады. Балаларға ат қоюдан жарысады.



Қарайды, тыңдайды







Аңдардың да жанұясы бар екен, оларда өз балаларын басқалардан қорғайды.
Өз жанұясы туралы айтады , мысалы: Мен әкеммен, анаммен, апаммен тұрамын


Сұрақтарға жауап береді


-Мен анамды ойладым.
-Мен кішкентай бауырымды ойладым.


- Дастархан басында.


- Күні бойы не істегендеріміз туралы әңгімелесеміз


Сәлем саған, ата!
Сәлем саған , апа!
Сәлем саған, әке!
Сәлем саған, ана!
Амансың ба мен, бұл менің жанұям
Саусақтарын бір-біріне қосып айтады


Шеңберді айналып жүреді, музыка тоқтаған кезде үштен, төрттен екіге бөлініп тұра қалады.


Қайталайды, жаттайды.


Өз қасындағы балалардың аттарын жылдам атауға үйренеді. Өз отбасыларын адамдарын атап үйренеді.


Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау:
-Бүгін не туралы айттық?
-Балалар, бәрінің: адамның да, құстардың да, аңдардың да өз отбасылары болады, туған үйлері бар. Адамның ең қымбаттысы-отбасы. Отбасы-сенің атаң, әжең, әкең, анаң, туған үйің.


Рефлексия:
Егерде көңіл-күйлерің жақсы болса, қызыл гүлді алыңдар, көңіл-күйлерің жоқ болса, көк гүлді алыңдар.


- Отбасы туралы айттық.




Рефлекссияға қатысып,
өздеріне баға береді.




Күтілетін нәтиже:


Білу керек: өз жанұяларында кімдер тұратынын (әже, ата, әке, ана, аға, бауыр)
Болу керек: отбасы, үй-іші туралы мағлұмат.
Істей білу керек: сурет бойынша әңгіме құрауды, тәрбиешінің сұрағына анық, толық жауап беруді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді.
Тәрбиеші: Танбаева И.Ж.
Тексерілді: ___________