Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Шалва Амонашвили және педагогикалық аңыздардың мәні

Шалва Амонашвили және педагогикалық аңыздардың мәні

Абжанова Акбала Куанышовна
Абжанова Акбала Куанышовна
DOCX
135
1

Шалва Александрович Амонашвили – тек педагог емес, сонымен қатар психологиялық ғылымдарының докторы. Оның «Педагогикалық аңыздары» мұғалімдер мен ата-аналар үшін тәрбие мен білім берудің терең мәнін ашатын маңызды еңбек. Бұл кітапта автор адамгершілік, мейірімділік пен махаббат ұғымдарын жоғары көтереді, тәрбиенің шынайы құндылығын көрсетеді.

Амонашвили әрбір аңыз арқылы оқырманды терең ойланып, жан дүниесін зерттеуге шақырады. Ол балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жолында ең алдымен, өзіміздің бойымыздағы тамаша қасиеттерді дамыту қажеттігін айтады. Адамгершілік, зияткерлік және ерік-жігерді дамыту - бұл тек педагогтардың емес, азаматтық қоғамның басты міндеті.

Автордың еңбектерінде адам мен табиғат, қоғам мен адамгершілік арасындағы байланысты терең түсінуге мүмкіндік беретін идеялар бар. Шалва Амонашвили: «Бала ұйықтар алдында армандады» деген аңыз арқылы, әр баланың санасында асқақ арман мен бағытты түсінудің маңызын көрсетеді. Бұл бақытты, үйлесімді тұлғаларды қалыптастырудың алғашқы қадамы.

Кітаптағы әр аңыз - бұл оқырманды ойлануға мәжбүрлейтін, тәрбиенің орны мен рөлі жайлы терең түсінік беретін құнды еңбек. Ол бізді өзіміздің өмірімізді жақсарту және балаларымызды жақсы тәрбиелеу міндетіне шабыттандырады. Тек мейірімділік пен әсемдікпен өмір сүргенде, біз шынымен де нағыз педагог бола аламыз.

Вам будут интересны эти конкурсы: