Наурыз мейрамы Беняш орталау мектебінде
Наурыз – бұл тек көктемнің басталуын ғана емес, сонымен қатар достық пен бірліктің, молшылық пен күш-қуаттың мерекесі. Беняш орталау мектебінде өткізілген Наурыз мейрамы балалар арасында ерекше шаттық пен қуаныш сыйлады. Мереке барысында ән мен би, ойындар мен шуақты сәттер болды.
Мектептің алаңы балалардың күлкісінен гүлденіп, олар түрлі ойындар өткізіп, ұлттық тағамдардан дәм татып, бір-біріне Наурыз мерекесіне қатысты құттықтаулар айтты. Жүргізуші шеберлігімен, балалардың көңілін көтерді, Наурыздың мәні мен мағынасын түсіндірді. Әз Наурыз мейрамы тек балалардың ғана емес, ұстаздар мен ата-аналар үшін де бірлік пен мейірімділіктің символы болды.
Күнекей қыз, Наурыз ханымы, Алдар Көсе сынды кейіпкерлер балалармен бірге көңілді ойындар өткізді. «Екі тілде сөйлесейік» ойыны балалардың білімін арттырып, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын оятты. Әрбір бала өзінің өнерін көрсетуге әрі мерекелік күйде көңіл көтеруге мүмкіндік алды.