Организация занятия по рисованию в песке для детей
Данный документ предлагает уникальную технологическую карту для проведения организованного учебного занятия в детском саду «Жұлдызай», где педагог Камесхан Жайнагүл проведет увлекательное время с детьми, обучая их искусству рисования в песке. Занятие направлено на развитие творческих способностей детей и формирование необходимых навыков, таких как использование рук и пальцев для создания изображений в песке.
В процессе занятия дети познакомятся с необычной и увлекательной техникой рисования, что позволит им не только развивать художественное восприятие, но и улучшать мелкую моторику. Сначала, педагог расскажет детям о волшебном мире песчаной сказки и познакомит их со сказочным персонажем — «Құм перизаты». Эти волшебные истории помогут создать уютную и интересную атмосферу для занятия.
Важно, что в ходе занятия будут применяться не только традиционные подходы к образованию, но и принципы билингвального обучения, что будет способствовать развитию языковых навыков у детей. Использование слов на казахском и русском языках обогатит их словарный запас и сделает процесс еще более увлекательным.
Занятие включает в себя не только рисование, но и круговые игры и музыкальные элементы, что создаст эмоционально насыщенную среду. Педагог будет активно вовлекать детей в процесс, поддерживая их интерес и мотивацию, чтобы каждый ребенок чувствовал себя важной частью группы и мог проявлять свои индивидуальные способности.
Конечная цель занятия — это создание красивого «песчаного королевства», где каждый ребенок может выразить свои эмоции и насладиться результатами своего творчества. Это занятие станет не только развивающим, но и важным элементом в воспитании маленьких художников и сказочников!
Тәрбиеші: Камесхан Жайнагүл
Ересментау әкімдігінің жанындағы «Жұлдызай» балабақшасы МҚҚК
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: « Құм перизатында қонақтамыз»
Мақсаты: Балаларға құмда қалай сурет салу керектігімен таныстыру.Алақандарының ,жұдырығын және саусақтарының ізін қалдырып, сызықтар қосу арқылы бір бейне жасап шығу қабілеттерін дамыту. Әр түрлі қалыптарды қолдана отырып,адам бейнесі мен оңай нәрселерді бейнелеуді үйрету.Шығармашылығын дамытып,құммен тиімді,ұқыпты,таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Құм-песок,саусақ-польцы,алақан-ладошка,жұдырық-кулачок.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:Құм,желім,картоннан дайындылған адамның бейнесі,ағаштың суреттерінің үлгісі.
Мотивациялық қозғаушылық:
-Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
-Мен де өте жақсы көремін ертегі тыңдағанды әсіресе онда сиқыршы перизаттар болса.
Олай болса мен сендерге қызықты бір ертегі айтып бергім келіп тұр.
(Балалар өз орындарын тауып отыра қалады да,қызығушылықпен ертегіні тыңдауға кіріседі.)
Баяғы заманда өте алыс бір жерде,өзен мен көлдің ар жағында,үш жүзінші ғасырда бір «Құм перизаты» өмір сүріпті. Ол жай перизат емес: ол мейірімді,сиқырлы болыпты бүгін ол сендермен танысқысы келеді.
Ал сендер сол ертегі әлеміне түсіп,перизатпен танысқыларың келеме?
Ендеше барлығымыз бар жүрегімізбен ғажайыптың бар екеніне сеніп қандай сиқырлы сөздер білесіңдер айтып беріңдер.
(Балалар естеріне түсіріп сиқырлы сөздерін айта бастайды.)
Балалар мен сендерге сыйынуды айтамын сендер естерің сақтап,артымнан қайталаңдар?
Құм перизаты бізге көмектесіңіз,
Сиқырлы әлемге жеткізіңіз.
Біз алақнады соғамыз,
Бір,екі,үш-деп
Ұйымдастыру ізденушілік:
Балалар бұл жер бұрын жасыл орманды,әсем гүлденген, кгілдір көлдермен,күн шуағын шашқан әсем мекен болған:Бір күні ашулы сиқыр келіп біздің тыныштығымызды бұзып, бұл әлемді бүлдіріп кетті.Балалар сендер маған жаңа әлем құруға көмектесесіңдер ме?
(Балалар үстелге жақындап құмға келіп қарайды)
-Балалар бұл құм естиді,сезеді,барлығымыз құммен амандасайықшы сәлеметсізбе құм!
Құмға алақандарыңды салып,оны сипап көріңдерші,құм қандай екен?
(құрғақ немесе су,суық немес ыстық.)
Енді құмды жылтайықшы: қолымыздың арасына құмды толтырып,алақан арасымен сырғанатып түсіреміз. Қандай дыбыс естіп тұрсыңдар.құм сендермен амандасып жатыр,бірақ ақырын сөйлеп жатыр ма? Себебі оған қызық болмай тұр,ендеше жұдырығымызға салып ақырын төгейікші,қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?С-С-С-С-С-С-С барлығымыз құмның даусын қайталайықшы.
(балалар алақандарының ізін қалдырады)
Енді табиғат бөлшектерін жасап шығарып көрейікші?
(мен бұлт жасадым,мен күн жасадым,мен ағаш жасадым,күн,гүл жасадым.)
Балалар біз сендермен өте керемет ойнадық енді құм патшалығын құратын уақыт келді.
(құм перизатының көмегімен алдымен ағаш салайық)
Ағашқа не жетіспейді жемістер салайық, құмның табиғаты жеткілікті енді оны жандандыру үшін не қажет?Адам қажет дұрыс айтасыңдар,ол адамды табу үшін ұшаққа мініп аттанайық.
Сергіту сәті:
Ұшаққа біз отырып,
оңға қанат қағамыз,
Солға қанат қағамыз.
Адамды іздеп табамыз.
Балалар үстелге жайғасып отыра қалңдар мен сендерге не дайындап қойғанымды қараңдар! Бұл адамның дене мүшелері қане құрастырып,жапсырайық,бірінші денесі... олардың бетіне желім жағып,құм себеміз де сиқырлы сөзді айтып,адамды жандандарамыз.
Бір,екі,үш құм адамы тіріл.
Жарайсыңдар қандай әдемі патшалық құруға көмектестіңдер,мен сендерге алғысымды білдіріп,сыйлығымды таратайын.
(Балалар мақтауды тыңдап,сыйлықты қабылдап құм перизатымен қоштасады)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Құмда алақан мен,саусақпен,жұдырықпен сурет сала білу.
Түсіну керек: Суреттің пайда болу құпсясын түсіну.
Жасай білу керек: Құмдағы суретті жалғастырып бейне құрастыра білу керек.