Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Технологиялық карта: Ұйымдастырылған оқу қызметі «Көліктер»

Технологиялық карта: Ұйымдастырылған оқу қызметі «Көліктер»

Жуманова Акжанар Бержановна
Жуманова Акжанар Бержановна
DOCX
374
8

Данный документ представляет собой технологическую карту проведения организованной учебной деятельности для детей II младшей группы по теме «Көліктер». Ведущим мероприятием является воспитатель Жуманова А.Б. Основная цель занятия заключается в ознакомлении детей с различными видами транспорта и формировании у них понимания значения грузового автомобиля.

Во время занятия воспитатель проводит увлекательную беседу, в ходе которой дети рассматривают картинки с изображением различных транспортных средств. Им предлагается определить, какие машины существуют, и узнать об их назначении. Например, дети узнают, что грузовые машины предназначены для перевозки различных грузов, таких как песок, продукты и строительные материалы.

Методы, которые используют для работы с детьми, включают показ слайдов, объяснение, диалоговые беседы и игровые элементы. Важно развить их любознательность и стремление к обучению через интерактивные упражнения и игры. Обсуждение включает также использование билингвальных компонентов, что помогает детям расширить их лексический запас в двух языках.

Заключение занятия сопровождается рефлексией, где детям предлагается поделиться полученными знаниями. Это позволяет закрепить информацию и оценить, насколько успешно прошло занятие. Настоящий документ тщательно структурирован и поможет воспитателям организовать подобные занятия, а также внести креативность в образовательный процесс.

Предпросмотр

«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы:13.01.2017 ж.
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Көліктер».
Мақсаты:
БМ:Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
ДМ:Жүк көлігі және оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.Көліктің жеке бөліктерімен таныстыру.
ТМ:Әр көліктің пайдасын айта отырып,еңбекқорлыққа баулу.
Әдіс-тәсілдері:ғажайып сәт,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Алдын-ала жұмыс: Көліктердің суреттерін дайындап қою.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайттар,үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: Жүк машинасы.
Билингвальді компонент:Көлік-транспорт-transport,ұшақ-самолет-airplane,кеме-корабль-ship.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылығынын ояту кезеңі

1.Білімді өзектендіру.
-Балалар,бүгін бізге қонжық қонаққа келді.Ол бізден көмек сұрап келіпті.
-Маған машина түрлері және олардың пайдасы туралы айтып беріңдерші.


Балалар қонжықпен амандасып,оған көмек беруге әзір екендерін білдіреді.

Іздену ұйымдастыру

2.Әңгіме өткізу.
-Слайдтарға қарап,қандай көлік түрлері бар екенін анықтаймыз.
1-слайд:машина,автобус,ұшақ,жүк машинасы,кеме.
-Суреттегілердің аттарын атаңдар.
-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады.
2-слайд: жеңіл және жүк машиналары.
-Мына екі машина туралы не айтуға болады? Екеуінің қайсысы жүк машинасы?
-Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
-Иә,дұрыс айтасыңдар.Жүк машинасының дөңгелектері көп.Ол жүк тасиды.
Мысалы:құм,тас,ағаш т.б.заттарды тасымалдайды.


Ал жеңіл машинамен кімдерді тасиды?
-Дұрыс айтасыңдар.Жеңіл машинамен жолаушылар тасымалданады.Оның жолаушыларға арналған салоны бар.Ал жүк машинасының жүргізуші отыратын кабинасы бар.Ал машинаны кім жүргізеді?
Жеңіл машина да,жүк машинасы да-құрлық көліктері.
3.Билингвальді компонент:Көлік-транспорт,ұшақ-самолет,кеме-корабль.
Сергіту жаттығуы.
1,2,3,4,5-машина жүргізуді бейнелейміз.
1,2,3,4,5-велосипед тебуді бейнелейміз.
Су және әуе көліктері туралы әңгіме жүргізу.
-Егер қонжықтың жолында өзен немесе теңіз кездессе олардан қандай көлік түрлері арқылы өтеді?
-Кеме-корабль.Кәне,бірнеше рет қайталайық.Кеме және қайық-су көліктері.
-Егер биік-биік таулар кездессе ше?
-Ұшақ-самолёт.
-Дұрыс,ұшақпен ұшып өтеді.Ұшақ-әуе көлігі.



-Машина,автобус,ұшақ.
Жүк машинасы,кеме.

- Көлік.
-Мынау- жүк машинасы.
Өз білімдеріне сүйеніп,екі машинаның айырмашылықтарын айтады.-
Адамдарды.

-Жүргізуші.
Қайталайды.
Қолдарымен рульді айналдырғандай болады.
Қолдарымен велосипед педалін қалай айналдыру керектігін көрсетеді.
-Қайық немесе кемемен өтеді.

-Ұшақпен ұшып өтеді.

Рефлексивті қорытындылау

-Жарайсыңдар,балалар!Кішкентай қонжық көліктер туралы көп мағлұмат алды.
Сонымен көліктер не үшін керек екн?
-Қандай көлік түрлері болады?

-Жолаушыларды және жүк тасымалдау үшін қажет.

-Құрлық,су және әуе көліктері болады.


Күтілетін нәтиже:
Біледі:Көлік түрлерін ажыратуға арналған тапсырманы.
Игереді:Құрлық,су және әуе көліктерінің маңызын.
Меңгереді:Алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу.