Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Ортаңғы топқа арналған «Кірпі» сабағының технологиялық картасы

Ортаңғы топқа арналған «Кірпі» сабағының технологиялық картасы

Гинаятова Айжан Азаматовна
Гинаятова Айжан Азаматовна
DOC
236
1

Бұл құжат ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасын таныстырады, оның ішінде «Кірпі» тақырыбындағы сабақты өткізуге арналған толық жоспары берілген. Білім беру саласы – Таным, ал бөлімдері – Құрастыру. Сабақтың мақсаты – балалардың орман аңдары туралы білімдерін нығайту, түсті дұрыс және нақты қолдануға машықтандыру және ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ үрдісінің бастапқы кезеңінде жылы шеңбер өткізіледі, балалардың позитивті көңіл-күйін көтеру мақсатында оларға сергектік береді. Одан кейін тәрбиеші балаға Дымбілмес атты қонақ алып келеді, ол балаларға жұмбақ жасырады. Бұл кезең арқылы балалардың қызығушылығы арттырылады және сабақтың негізгі тақырыбы – кірпі таныстырылады. Тәрбиеші балаларға кірпінің мекені, түрі мен ерекшеліктері туралы сұрақтар қою арқылы олардың назарын сабақтың тақырыбына аударады.

Сабақ барысында балалар ермексазды пайдаланып, кірпі мүсіндейді. Әр балаға тәрбиеші тарапынан көмектер беріліп, шығармашылық процесс ынталандырылады. Бұл кезең балалардың қол моторикасын дамытуға, сонымен қатар топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сергіту сәті де ұйымдастырылады, онда балалар белсенділік танытатын ойындар ойнап, қимыл арқылы бешірет алады.

Сабақтың қорытындысында оқушылар Дымбілмеске қоштасып, кірпі мен жанұя сөздерінің орысша аудармасын үйреніп, білімдерін қорытындылай алады. Күтілетін нәтиже – балалардың кірпі туралы түсініктерін жан-жақты ұғынуы, ермексазды дұрыс және тиімді пайдалану жөніндегі дағдыларын дамыту.

Предпросмотр

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы


Тобы: «Тұлпар» ортаңғы тобы.
Уақыты: 01.11.2016 ж.
Білім беру салалары: Таным.
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы: «Кірпі»
Мақсаты :

  • Орман аңдары туралы білімдерін бекіту .

  • Өз беттерінше түстерін дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру.

  • Ермексазды дұрыс пайдалануға ,ұқыпты жасай білуге үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жылулық шеңбері,оқу іс-әрекетіне дайындық.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Қажетті көрнекті құралдар: Кірпінің суреті
Билингвальді компонент: Кірпі-ёжик.

Оқу-қызыметінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушы


Шаттық шеңбері:
Балалар бүгінгі күнді жақсы қарсы алайықшы,
сондықтан бәріміз шеңберге тұрып,қайталаймыз:


Қуан,шаттан,алақай
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін


Балалар тәрбиешімен бірге орындайды.


Іздену-ұйымдастырушы



Таңғажайып сәт:.
Бөлме есігі қағылады.
-Балалар бізге Дымбілмес қонаққа келді.
-Сәләмәтсыздарма балалар! Сендерге Жұмбақбай аталарың хат беріп жіперді.
Тәрбиеші Дымбілместі балалардың қасына отырғызады.
Жұмбақ жасыру
Тұмсығында түймесі бар
Шаншып алған үстіне
Толып жатқан инесі бар.
-Ол не?
-Олай болса балалар, бүгінгі тақырып осы кірпіге байланысты болмақ.
Тәрбиеші балаларға кірпі туралы түсінік береді.
-Балалар кірпі қайда мекендейді?
-Кірпінің үстінде нелер болады?
-Кірпінің тұмсығы қандай болады?
-Суретте неше кірпі бейнеленген?
-Олардың көлемдері қандай?
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар сіздердің отбасыларыңызда үлкені кім?
-Ал сендерше?
-Балалар,олай болса мына суретте кірпінің жанұясы бейнеленген екен
Отбасы,жанұя жөнінде түсіндіру.
-Балалар сіздер отбасы дегенді қалай түсінесіздер?
-Дұрыс-ақ балалар.
-Отбасы деп осыларды айтамыз екен.


Енді балалар осы ермексаздың көмегімен кірпіні мүсіндейік.Әр баланың қасына барып мүсіндеуге көмектесу)
Сергіту сәті


Кірпі жолмен жүреді
Саңырауқұлақты көреді
Оны санамақ болып Саусақтарын бүгеді
1,2,3,4,5.
Бір отырып, бір тұрып
Оңға, солға қарады



Сәлеметсізбе!
Балалар хатқа таңдана қарайды.
Жұмбақты мұқият тыңдайды.



-Кірпі


-Орманда,інде өмір сүреді.
-Инелері болады
-Ұшты болады.
-Үш кірпі.
-Үлкен.Орташа.Кіші.
Балалар өз білгендерін жауап береді.
Балалар өз ойларын айтады.
- Біздің үйде үлкені әкем.
-Біздің үйде атам.
-Біздің үйде анам
-Біздің үйде әжем
Балалар өз ойларын айтады




Балалар қимылмен жасайды.


Рефлексивті коррекциялаушы


- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді? -Біз не
мүсіндедік?
- Кәне балалар Дымбілмеске «сау болыңыз»деп айтайық.
-Енді балалар кірпі,жанұя сөздерінің орысшасын айтып үйренейік.Кірпі-еж,жанұя-семья

Дымбілмес келді.


-Кірпі
-Сау болыңыз!


Кірпі-еж,жанұя-семья


Күтілетін нәтиже:
Жаңғырта алады: Кірпінің қайда тіршілік ететінін біледі.


Түсінеді: Кірпінің тіршілігін, түр-түсін ажыратады.
Қолданады: Ермексазды тиімді пайдаланып кірпі жасау жолын үйренді.




Тәрбиеші: Гинаятова Айжан Азаматовна