Би өнері – әлемнің рухани елшісі
Би өнері – рухани байланыс пен эмоциялық толғанысты жеткізудің ерекше формасы. Ол адамдардың ішкі әлемінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар, тарихи дәстүрлер мен мәдениетімізді сақтаушы құрал болып табылады. Біздің талқылауларымызда биге деген қажеттілікті қалыптастыру, балаларды би әлемімен жақындатып, олардың эстетикалық сезімдерін дамыту мәселелерін сөз қозғаймыз.
Би өнері мектептік оқу процесінің маңызды бөлігі болып, балалардың мәдениеттілік пен азаматтылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Бұл жерде бірінші кезекте балалардың хореография мен бишілердің шығармашылығын танып, өнердің сұлулығын мектеп қабырғасында сезінуі қажет. Мектептегі би үйірмелері оқушылардың дене бітімін, моториканы, шығармашылық қабілеттерін жаңғыртуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға үлкен көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, би шығармашылығы психологиялық дамуды, денсаулықты нығайтуды, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуді көздейді. Дұрыс үйретілген би техникасы арқылы балалардың денсаулығының нығаюы мен еңбек ету қабілеттерінің артуына ықпал ететін салауатты өмір салтының негіздері қаланады. Адам рухының тазалығы мен денсаулығы би өнері арқылы қатар өмір сүреді.
Би өнері – бұл тек қана эстетикалық қуаныш емес, сонымен қатар, ұлттық мұра мен тарихи сабақтастықты білдіреді. Қазақстандағы би шығармашылығы ғасырлар бойғы мәдени мұраны, ел тарихының, халқының менталитетінің көрінісін тасымалдай отырып, жастарымыздың санасына, жүрегіне ерекше әсер ететін шежіре болып табылады. Бидің музыкалық, ырғақтық, эмоционалдық аспектілерін зерттей отырып, біз оның терең тамырларына бойлай аламыз.
Тәрбие процесінде өнер, оның ішінде би, жеке тұлғаның мәдени деңгейін көтере отырып, қоғамдық сананы қалыптастыратын маңызды құрал болып табылады. Адамдардың би арқылы өзара әрекеттесуі, ұлттық және мәдени құндылықтарды бағалай білуі – жастар үшін басты бағыттардың бірі. Біз балаларға биге деген сүйіспеншілікті оятып, оларды рухани және мәдени тұрғыдан толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік беруіміз қажет.