Новый год в детском саду: Праздничное представление
В нашем детском саду готовится грандиозное новогоднее представление, которое оставит яркие воспоминания, наполненные радостью и волшебством. Дети с нетерпением ждут не только праздничного веселья, но и волшебных подарков от доброго Деда Мороза и его подруги Снегурочки. Все герои—Аяз Ата, Ақшақар, Аққала—усердно стараются подготовить увлекательное шоу, полное веселых моментов и удивительных сюрпризов.
Каждый ребенок сможет стать участником этого сказочного действа. Мы подготовили множество интерактивных игр, музыкальных номеров и забавных представлений, которые увлекут и порадуют как детей, так и их родителей. Снежная сказка развернется в нашем зале, где будет звучать музыка и веселье. Каждый гость сможет ощутить атмосферу настоящего чудесного праздника.
Хочется, чтобы каждый ребенок чувствовал себя героем этой истории, поэтому подготовлены яркие костюмы и необычные призы. Мы верим, что только вместе мы сможем создать волшебную атмосферу, которая останется в сердцах наших детей на долгие годы. Ждем вас на нашем новогоднем празднике!
Зал мереке сай безендірілген.
Жаңа жылдық ертеңгілікке дайындалып жатқан Аяз ата,Ақшақар,Аққала.
Ақшақар:-Аяз ата,Аяз ата ертең балаларға жаңа жылдық мереке.
Аққала:-мереке, мен мерекені жақсы көремін.
Аяз ата:-Ойбой,мереке жақсы ғой.Ал балаларға біз не сыйлаймыз?
(Бәрі бір-біріне қарап иықтарын меңзейді.)
Аяз ата :-Бұлай болмайды?Сендер тез балаларға лайық сыйлықтар таңдап келіңдер!
Ақшақар:Балалар нені қалайтынын біз білмейміз ғой?
Аяз ата:Олай болса,Аққала сен ертең мерекеге қатысып,балалардың не қалайтынын біліп кел!
Аққала:-Жарайды.
Аяз ата:-Ал ақшақар екеуміз ол мереке қайда болатынын білейік
(Аяз ата,Ақшақар,Аққала ойласып топтан шығып кетеді)
Таң атады.Балалар мерекеге келеді.
Зал ішіне музыка әуенімен балалар кіреді.
Тәрбиеші: Жерді қармен құшақтап,
Келе жатыр қыс аппақ
Қарағайдың басына
Ұялаған құс аппақ.
Жаңа жылым- қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.-дей отыра
Өткен жылға өкпе жоқ,Жаңа жыл жарылқа деп құрметті ата-аналар,қонақтар келе жатқан қой жылы елімізге тыныштық,отбасымызға бақыт береке,тыныштық әкелсін!Олой болса алғашқы құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі КИМ Р.К береміз.
Құттықтау сөз.
Ендігі кезекте «Аққайың»тобы балаларының « »
ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста не жауады?
Ән: «Ақша қар»
Бибінұр:Жаңа жыл келді еліме
Далама,қала жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді.
Шыға ғой әлем төріне!
Жаңа жылды бар тілде
Жаңа жырға балайды.
Жаңа жылға әркімде
Жақсы үмітпен қарайды.
Самина: Жасыл шырша төрдегі
Дейді: «Бәрің көр мені»
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып.
Түрлі-түсті шамдары
Түнде ғажап жанғаны
Көргендері елтеді
Ғажайып бір ертегі.
(Жағымсыз әуенмен залға екі қарақшы келеді.)
1-қарайықшы:О, бар байлық мұнда тұр ғой! (шыршаға жақындайды)
Қап әкел жинап салып алайық.
2-қарақшы:-Қапқа салып қайтеміз?Ағашымен жұлып алып кетейік те... Кел,көмектес.
Тәрбиеші:-Жо-жоқ тимеңдер бұл біздің жаңа жылдық шыршамыз ғой! Енді не қылдық?Көмекке кімді шақырамыз?Кәне,бәріміз бірге көмек шақырайық!
Балалар: «Көмектесіңдер,көмектесіңдер»
1-қарақшы:Енді біздің шыршамыз болады. (шыршаны ұстай бере айқайлап жылап отыра қалады.)
Залға музыка әуенімен Аққала келеді.
Аққала:-Ә, мереке мұнда болып жатыр екен ғой .Үстінен түстім.Шуламаңдар,шуламаңдар сыйлықтар міндетті түрде болады.Біз Аяз атамен ....
Тәрбиеші:Не болды қарақшылар аққаладан қорықтыңдар ма?
(шыршаның артынан 1-қарақшының көзі,1-қарақшының қолы байланып жылап шығады.)
1-қарақшы: -Шыршаның тікенегі менің көзіме кіріп кетті.
2-қарақшы: -Ал,шырша шамдары менің қолымды күйдіріп жіберді.
Тәрбиеші:Айналаңдағылардың құрметіне бөленгің келсе,алдымен өзің оларды құрметтей білуің керек .Сендер өздерің қарақшылық істеріңнің құрбаны болып жүрсіңдер.
1-қарақшы: -Сонда біздің қолымыздан қандай жақсылық келеді?
2-қарақшы:-Қап толы сыйлықты өзіміз алып қалсақ бола ма?
Тәрбиеші:-Жоқ ол сыйлықтар өнерпаз балаларға арналған.Бірақ өнерлеріңді көрсетсеңдер сендерге де сыйлық тиіп қалуы мүмкін.
(екі қарақшы бір –біріне қарайды)
Екеуі бірге:-Онда біз Аяз атаны сендерге ертіп әкелейік.
(Шығып кетеді)
Тәрбиеші:- Аққала Саламатсыз ба!Көмекке келгеніңізге көп рахмет.
Аққала: Мен,мен....
Тәрбиеші: -Сіз мерекеге келдіңіз бе?Онда біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Даниял: Аулаға да,баққа да,
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Ән айтамыз шаттана
Раббия: Күтеміз Аяз атаны
Күтеміз Жаңа жылды да,
Қуаныш сыйлап баршаға
Ән айтамыз шыршаға
Елжас: Жоламасын елге мұң
Жаңарып кел Жаңа жыл!
Әкелердің еңбегін
Жандырып кел Жаңа жыл!
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар!Кәне Аққалаға енді сіз ән айтып ,би билеп берейік.
Ән: «Аяз ата»
Би: «Аққала»
Аққала:-Ой,жарайсыңдар ,балалар.Менің биімді өте жақсы салып шықтыңдар.
-Ал сендер Аяз атадан қандай сыйлық алғыларың келеді?
(Балалардың жауабы)
Ән: «Аяз ата сыйлығы»
Алижан: Той,мереке ,салтанат
Думанды шартарап.
Келді міне жаңа жыл,
Тартуларын арқалап.
Ару: Нұрландырып әзілін,
Наз айтып кел Жаңа жыл!
Әжелердің әжімін
Азайтып кел Жаңа жыл!
Жаңарайық жаңа жылда
Көңіліміз хош болсын!
Күн күлімдеп қабағына
Елдің бәрі дос болсын!
Елжас: Жоламасын елге мұң,
Жаңарып кел Жаңа жыл!
Әкелердің еңбегін
Жандырып кел Жаңа жыл!
(Жағымсыз музыка әуенімен топқа мыстан кеипір келеді)
Мыстан кемпір:Сыпырғышқа мініп ап,
Келіп қалдым лез демде
Мыстан дейді мені
Білмесеңде,білсең де
Ұзын мұрын,қалың қас
Біздей сұлу табылмас.
Сиқырлауда білеміз
Қорықсаңдар әрі қаш!
Тәрбиеші:-Балалар енді не істейміз?
Аққала:-Мен қазір аяз атанны көмекке шақырып келемін .Сендер қорықпаңдар!
Мыстан кемпір :-Аяз ата деген кім?мен сендерді сыйқырлап тастаймын.
Балалар қатып қалады.
Тәрбиеші:-Мыстан кемпір балаларды жіберші.Олар саған би билеп береді.
Би: «Қуыршақтар»
Тәрбиеші:-Балалар Аяз атаны көмекке шақырайық.
Бірге: -Аяз ата!Аяз ата!Аяз ата!
(музыка әуенімен топқа қапшық арқалаған Аяз ата келеді).
-Саламатсыңдар ма Балалар!Саламасыздар ма қонақтар.
Тәрбиеші:-Аяз ата мына мыстан кемпір біздің меркемізді бұзбақшы.
Аяз ата:-Балалар менің мына қолымдағы таяқпен бұл мыстанды мен қуып жіберейін.Кәне,бәріміз 1,2,3 деп санайық...
(мыстан кемпір залдан шығып кетеді)
Тәрбиеші:-Міне,балалар,біздің көптен күткен мейірімді де қамқор Аяз атамыз бен Ақшақарымыз да келді.Кәне,Аяз атамен амандасайық.
Ән: «Сәлеметпе Аяз ата»
Би: «Кішкентай Аяз аталар»
Тәр биеші:-Аяз ата біздің балалар сізді асыға күтті.Олар өздерінің өнерлерін көрсетпекші.Балаларымыз балабақшада үш тілде сөйлеп үйреніп жатыр.
Ағылшынша тақпақтар
Ойын.
Аяз ата балаларға сыйлық таратады.
Ән: «Кел Жаңа жыл,Жаңа жыл!»
Соңы.