Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

Бекишева Маржан Ахановна
Бекишева Маржан Ахановна
DOCX
136
1

Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу – қазіргі білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Егеменді еліміздің мемлекеттік тілді меңгеру талаптары балалардың тілі мен мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Сәбилердің сөйлеу тәжірибесін жетілдіру үшін тәрбиелеу мен білім беру саласында педагогтер баланың ойын, танымдық әрекеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға күш салуы шарт.

Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеу мәдениетін дамытуда көркем әдебиет ерекше орын алады. Кәсіби педагогтар балалармен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде дидактикалық ойындар арқылы тіл дамыту дағдыларын қалыптастыруға аса мән беруі қажет. Суретті кітапшаларды пайдалану, жай әңгімелер айту, көркем шығармаларды сахналау – мұның бәрі баланың тілін дамытып, оларды сөздердің мағынасы мен мәнін түсінуге үйретеді.

Балаларға арналған шығармалардың мазмұндары оларды қорқытпай, қызықты етіп таңдалуы керек. «Бесік жыры», «Бауырсақ» секілді шығармалар арқылы балалар дыбыстарды анық айтуға, байланыстырып сөйлеуге қалыптаса алады. Сонымен қатар, ертегілерді сахналау, рольдерге бөлу балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, әр кейіпкердің дауыстарын жеткізуге машықтандырады.

Дыбыстарды анық айту үшін жаңылтпаштарды пайдалану, жұмбақтар шешу – балалардың тілін дамытудың бірқатар тиімді әдістері. Жұмбақтар баланың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, жады мен сөйлеу қабілетін жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, мақал-мәтелдермен таныстыру арқылы балаларды қазақтың мәдениеті мен болмысымен таныстырудың да орны ерекше.

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін дидактикалық ойындар, желілі-ролді ойындар ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің нәтижелілігін арттырады. Педагогтар балаларды сұрақтарға нақты жауап беруге, өз пікірлерін жеткізіп, диалог құруға үйретуі маңызды. «Алтын жұмыртқа» ертегісін түсіндіру барысында мен балалардың сөздік қорын байыту, сұрақ-жауап алу арқылы сөйлеу мәдениетін дамытуға күш саламын.

Көркем шығармалармен таныстыру, оларды оқу барысында балаларды еркін сөйлеуге, ішкі сезімдерін білдіруге ынталандыру әр мұғалімнің міндеті. Балабақша жағдайында балалардың тілін дамыту саласындағы барлық іс-шаралар қазіргі заманға сай, әрі тәрбиелі ұрпақты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Вам будут интересны эти конкурсы: