Публикации воспитателей детских садов
О проекте

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту

Юсупова Гультаза Сейфуллаевна Юсупова Гультаза Сейфуллаевна
DOCX
73
0
Предпросмотр

Заңды тұлғаны тарату –– заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.
Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен: 1) банкрот болған; 2)заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған; 4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензия) қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда; 5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.5
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша жүзеге аса алады. Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді
Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.
Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде АК-тің 51-бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі келтірілген:
1) бірінші кезекте - таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте - несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;


3) үшінші кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;
4) төртінші кезекте - бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөнінде берешек өтеледі;
5) бесінші кезекте - заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.
Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот деп жариялау болып табылады. Банкроттық - борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның таратуына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны тартудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылатын борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді.
Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банкроттық қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсыз-ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық несие берушінің, сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе «Банкроттық туралы» заң талаптары арқылы мүмкін болады.
Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып өзінің дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады. Борышқор өзін тарату жөніндегі сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын, яғни дәрменсіз екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс.
Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышқорды банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш жасайды.
«Банкроттық туралы» заңның 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:
1) борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу туралы шешім;
2) борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;
2) борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;
3) өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімімен қолдану туралы ұйғарым;
4) іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.
Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады.
Борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі деп –– дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвистициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады.
Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек.Аталған рәсімді қолдануға борышқордың өзі өтініш жасауы мүмкін, және оның мүлкінің иесі (мемлекеттік кәсіпорынға қатысты) немесе несие беруші де сондай құқыққа ие болады.Оңалту рәсімін жүзеге асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз еткен талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан,сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан асатын болса онда несие берушілердің келісімі қажет.Оңалту рәсімі несие берушілердің келісімімен тағайындалған оңалтуды басқарушысы жүзеге асырады.Дәрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату конкурус тәртібімен жүзеге асырылады,сол үшін де конкурустық басқарушысы тағайындалады.Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан аспауы керек.
Таратылған заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, егер заңда өзгеше белгіленбесе, ол несие берушілер арасында тиісті кезекпен қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қарай бөлінеді.
Тарату комиссиясы несие берушінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие беруші заңды тұлғаның тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Соттың шешімі бойынша несие берушінің талаптары таратылған заңды тұлғаның қалған мүлкі есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Заңды тұлғаның несие берушілернің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлікке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнінде міндеттемелік құқықтары бар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі.
Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.
ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 33-бабында көрсетілгендей заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

5