Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бұл диплом жұмысы бастауыш сынып оқушыларының білім алу процессін жетілдірудің тиімді әдістері мен тәсілдеріне арналған. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту, пәнге деген ынтасын арттыру – білім берудің ең маңызды факторы. Дәл осы мақсатты көздеп, біз қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістерді мұғалімдердің тәжрибелері мен ғылыми әдебиетке сүйене отырып талдап, қоғам қажеттіліктеріне сай жаңа технологияларды енгізуді ұсынамыз.
Зерттеуде мұғалімнің ролі, оқытудың әдістемелік негіздері және әдіс-тәсілдерді іріктеу критерийлері жан-жақты қарастырылған. Оқушылардың таным процесін дамытуда қолданылатын әдістердің негізгі түрлері мен өзіндік ерекшеліктері шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді. Жұмыстың мақсаты – оқушылардың қазақ тілін меңгеру сапасын арттыру. Оқытудың әр кезеңінде белсенді әдістерді қолдану, проблемалық ситуациялар туғызу және тәжірибелік жұмысқа баса назар аудару – оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты нығайтады.
Дипломдық жұмысының қазіргі білім беру жүйесіндегі тақырыбының өзектілігі педагогикалық технологияларды белсенді түрде енгізу, білім алушылардың заманауи білімді меңгеруіне мүмкіндік беру, әрі оларға өздігінен жұмыс істеу дағдыларын үйрету үрдісімен тікелей байланысты. Зерттеу барысында қолданылған әдістер мұғалімдердің шеберлігін дамытуға және оқушылардың оқу процессінде белсенділігін арттыруға бағытталған. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістерін нақтылау, жүйелеу мен тиімділігін бақылау идеясымен жүргізілген зерттеу жұмысы тәжірибелік үлгі ретінде ұсынылуда.