Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Сюжетті-рөлдік ойын «Бағдаршам»

Сюжетті-рөлдік ойын «Бағдаршам»

Серғазина Ақерке Алтайқызы
Серғазина Ақерке Алтайқызы
DOCX
367
5

Сюжетті-рөлдік ойын «Бағдаршам» - балаларға жол жүру ережелерін түсіндіру және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үшін арналған қызықты және пайдалы құрал. Ойынның мақсаты – балалардың жолда жүру ережелерін білуін қамтамасыз ету, оларға бағдаршамның атқаратын қызметін түсіндіру. Балалар ойнда жүргіншілер мен көлік жүргізушілері болып бөлініп, бағдаршамның түстерінің жануына сәйкес әрекет етеді.

Ойын барысында балалар сюжетті түсінікті түрде қабылдау арқылы, жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін білімге ие болады. Оларда көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін сақтау қажеттілігі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады. Мұнда балаларға арналған қажетті құрал-жабдықтар – жол белгілерінің макеттері мен суреттері, слайдтар мен өзіндік ойын элементтері қолданылады, оларды ойын барысында қолдану балалардың қызығушылығын арттырады.

Балалармен бірге ойынның әр кезеңі қызықты және ерекше ұйымдастырылған. Мысалы, ойынның мотивациялық кезеңінде балаларға бағдаршамды қарсы алып, оның көмегімен дайындалатын тапсырмаларды орындайды. Іздену тәртібінде олар жұмбақтарды шешуге шақырылып, жолда қауіпсіз түрде қозғалу мәселелері бойынша диалогтарға қатысады. Ойынның рефлексивтік кезеңінде балалар жолдың қауіпсіздігі мен ережелері туралы түсініктерін кеңейтілген сұрақтар арқылы пысықтайды.

Вам будут интересны эти конкурсы: